
2023 жылғы 14 тамызда Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мереке Мұхамедияров Ильинка ауылдық округіне барып, Ильинка, Амангелді және Александровка ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Мереке Мұхамедияров «Ильинское» ЖШС ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісімен кездесті, сондай-ақ балалар спорт алаңының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.