
8 маусымда Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті
8 маусымда Есіл ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысында «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады.