Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппаратымен «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 93 қаулы жобасы дайындалды(Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 93 болып тіркелген) (әрі қарай – қаулы жобасы).
Қаулы жобасы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу мақсатында әзірленді.
Барлық мүдделі азаматтар келесі сілтеме бойынша өтіп, жоғарыда көрсетілген жобаны талқылауға қатыса алады https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14022948