Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары төлқұжат пен жеке куәлік үшін QR кодпен төлей алады

ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR кодтың көмегімен төлей алады. Азаматтарға арналған үкімет ҚР ІІМ-мен бірлесіп, көші-қон қызметі операторында отырып-ақ, төлем жасау мүмкіндігін іске асырды.

Енді барлық ХҚО-ларда паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды кассаға жүгінбей, QR код арқылы төлеуге болады. Бұған дейін мұндай мүмкіндікті тек Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары ғана пайдалана алатын.

«Санаулы секунд ішінде төлеу – әрбір екінші қазақстандыққа қолжетімді цифрлық мүмкіндік. QR төлемдер барлық сауда, мәдениет нысандары мен ойын-сауық мекемелерінде қолданылып жүр. Мемлекеттік қызмет көрсету саласына да біз осындай жаңа цифрлық мүмкіндіктерді енгізуге тырысып жатырмыз. Бұдан бұрын QR кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Енді клиент төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеуге өтініштер қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармай-ақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының PR-менеджері Ерназар Нұрғалиев.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына паспорттар мен жеке куәліктер беру бойынша 48 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 тг, паспорт үшін – 23 336 тг құрайды.

Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде клиенттер 146 Мемлекеттік қызмет түрін осы тәсіл арқылы төлей алады. Айта кетейік, мемлекеттік тізілімдегі 690 қызметтің 662 қызмет түрі корпорация арқылы көрсетіледі.

Дата публикации
29 сентября 2021
Дата обновления
29 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы