Меню

Страницы

Статья

ХҚО-ларда мiндеттi брондау болмайды

Қазақстандықтар ХҚО-ға 23 тамыздан бастап мiндеттi брондаусыз бара алады. Бұл ретте Ashyq жүйесiндегi мәртебенi тексеру арқылы өткiзу тәртiбi сақталады.

«Мiндеттi брондау санитарлық дәрiгерлердiң басты талабы болды, мұндай жұмыс тәртiбi клиенттердiң бәрiн қабылдауға мүмкiндiк бермедi, бiр апта аралығында брондау үшiн бос уақыт табу қиын болды. Қауiпсiз және бейтарап мәртебесi бар клиенттер ендi мемлекеттiк қызметтердi Мiндеттi алдын ала брондаусыз ала алады. Бұл ретте электронды тәсiлмен кезекке тұру мүмкiндiгi бұрынғы тәртiпте қалады. Бұл жағдайдағы клиенттiң артықшылығы — операторға ұзақ кезексiз жүгiне алады. Бiз келушiлердiң саны өсетiнiн түсiнемiз, сондықтан санитарлық қауiпсiздiк шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз — бетперде тағып, әлеуметтiк қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлердi қолданыңыз», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» басқарма төрағасы Ә. Қожықов.

Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы талондарды беру жүйесiн Ashyq-пен өзара ықпалдастырды. Бұл клиенттiң мәртебесiн ХҚО-да кезек талондарын беру кезiнде де тексеруге мүмкiндiк бередi. Терминалда клиенттiң ЖСН-iн теру барысында ақпарат Ashyq жүйесiндегi деректермен сәйкестендiрiледi, қауiптi мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ баспасөз қызметi

Дата публикации
20 сентября 2021
Дата обновления
20 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы