Қазақстанның ХҚКО-лары үшiн дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн бiрыңғай жұмыс кестесi енгiзiледi. Сенбi және жексенбi демалыс күндерi. Бұл ретте, қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшiн республиканың әрбiр өңiрiнде кезекшi ХҚКО-ларды қалдыру туралы шешiм қабылданды. Олар мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жұмыс iстейдi.
2021 жылғы 08 қыркүйектен бастап Петропавл қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету бөлiмi дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жұмыс iстейтiн болады. Қауiпсiз және бейтарап мәртебесi бар клиенттер Мемлекеттiк қызметтердi мiндеттi түрде алдын ала брондаусыз ала алады. Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы талондарды беру жүйесiн «Ashyq»-пен бiрiктiрдi. Бұл ХҚКО-да кезекке талондарды беру кезiнде клиенттiң мәртебесiн тексеруге мүмкiндiк бередi. Терминалда клиенттiң ЖСН теру кезiнде ақпарат «Ashyq» жүйесiндегi деректермен салыстырылады, қауiпсiз емес мәртебе анықталған кезде бағдарлама талонды басып шығарудан бас тартуды көрсетедi.
ХҚКО-ға барған кезде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет: бетперде режимi, әлеуметтiк қашықтықты сақтау.
«Азаматтарға арналға үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi