Қазақстандықтар үшiн жақсы жаңалығымыз бар. Азаматтарға арналған үкiметтiң Kaspi.kz-пен бiрiгiп енгiзген жаңа сервисiнiң арқасында жылжымайтын мүлiктi тiркеу жеңiлдей түседi. Ендi нотариуста жылжымайтын мүлiк бойынша мәмiле жасасқан клиенттер мемлекеттiк бажды Kaspi.kz қосымшасында бiрден төлей алады. Ол үшiн нотариус берген түбiртектегi QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттiк қызметтер" бөлiмi арқылы төлем жүргiзуге болады.
Бұрын нотариаттық мәмiле жасалғаннан кейiн нотариус құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесi арқылы жiберетiн. Содан кейiн мәмiле рәсiмiн аяқтау үшiн клиенттер мемлекеттiк бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегiн нотариусқа қайта әкелуi тиiс-тiн. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттiлiгiн жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейдi.
Бүгiнде жылжымайтын мүлiктi тiркеуге өтiнiштi ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi