Меню

Страницы

Статья

ЖК-ны қалай тiркеуге болады

Кәсiп ашу үшiн батылдылық пен шыдамдылық қажет екенi сөзсiз. Бар бизнес-жоспарыңызды iске асыруға дайын болсаңыз, ең басты талап — кәсiптi заңды түрде рәсiмдеудi ұмытпаңыз.

Бұрын кәсiпкер болу үшiн құжаттарды жинап, салық органына бару керек едi. Ендi мұны бiрнеше минут iшiнде онлайн түрде жүзеге асыруға болады.

Төменде қысқаша нұсқаулық көрсетiлген:

• «Е-лицензиялау» elicense.kz порталына кiрiп, ЭЦҚ көмегiмен тiркелiңiз

• Тiркелгеннен кейiн басты беттегi «Қызмет көрсету» батырмасын таңдаңыз

• Қосымша «Хабарлама жасау тәртiбi» бетiн таңдаймыз, «Дара кәсiпкер ретiнде қызметтiң басталғаны туралы хабарлама» сiлтемесiн басамыз

• «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын таңдайсыз

• Жеке кәсiпкерлiк туралы деректердi толтырасыз (қызмет түрi, салық салу тәртiбi және т.б.). Мұнда сiз сондай-ақ мемлекеттiк органға сұрау сала аласыз. Егер салықтан берешегiңiз болса, сiзге Жеке кәсiпкерлiктi тiркеуге рұқсат берiлмейдi.

• ЭЦҚ көмегiмен барлық деректердi толтырғаннан кейiн сiз салық органына хабарлама жiбересiз.

• elicense.kz жеке кабинетiнде «Менiң рұқсат беру құжаттарым» бөлiмiнде «Хабарлама» бетiн таңдаңыз. Берiлген өтiнiш мәртебесiнде лупа белгiсiн басып(қарау), ашылған терезеден Жеке кәсiпкерлiк туралы хабарлама мен талонды жүктеп алып, басып шығара аласыз.

Салық органына жеке кәсiпкерлiктi бастағаныңыз туралы хабарлағаннан кейiн сiз кәсiпкер болып саналасыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы