Меню

Страницы

Статья

ЖШС-ті онлайн тіркеу

Кәсіп ашқыңыз келе ме? Алайда оны қалай ашу керектігін білмесеңіз, біздің постқа назар салыңыз.

Бастапқыда Жеке кәсіпкерлік немесе ЖШС тіркеу нысанын анықтауыңыз керек. Екі қызметті де онлайн түрде өз бетіңізше ала аласыз. Ал бүгін сізге ЖШС тіркеу жолын түсіндіреміз. Бұл қызмет түрін ХҚО-ға барып алуға болады, бірақ онлайн жолы сіздің уақытыңызды үнемдейді.

Деректердің басым бөлігі мемлекеттік органдардың деректер қорында болғандықтан, негізгі әрекеттер төменде көрсетілген:

  • ЭЦҚ көмегімен Egov.kz порталынан авторизациядан өтіңіз
  • «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін банк шотын ашуды және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды ескере отырып есептік тіркеу» қызметін табыңыз
  • Заңды тұлғаны тіркеу түрін таңдаңыз
  • Өтінімде мекенжай деректерін, үш тілдегі атауын, басшының деректерін және құрылтайшылар туралы мәліметтерді көрсетіңіз
  • ЖШС шотын ашу үшін банкті таңдаңыз
  • Сақтандыру шартын жасаңыз
  • ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз

Бірнеше құрылтайшылар болған кезде әрбір құрылтайшының өтінімге қол қоюы талап етіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі gov4c.kz

Дата публикации
15 июля 2021
Дата обновления
15 июля 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы