2021 жылғы 1 наурызда "Азаматтарға арналған үкiмет" кадр резервiне өтiнiштер қабылдау басталып, 30 сәуiрде аяқталған болатын. Барлығы 1 873 адам осы жобаға қатысты. Жобаның басты мақсаты — перспективалы қызметкерлердi табу, олардың құзыреттерiн дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.
«Азаматтарға арналған үкiметтiң кадрлық резервi — әр түрлi жастағы және аймақтардағы таланттар үшiн өздерiн көрсетiп, өздерiн аймақ деңгейiнде ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларында да танытуға тамаша мүмкiндiк. Бұл жоба өте өзектi және мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiнiң тұлғалары мен таланттарын дамытудың креативтi әлеуетiн көтередi деп санаймын", — дейдi жоба қатысушысы Ермек Жакин.
Қорытынды кезеңнiң нәтижесi бойынша "таланттар пулына" 353 адам қабылданды, оның iшiнде 35-i мемлекеттiк корпорацияның солтүстiкқазақстандық филиалының қызметкерлерi — бұл Республика бойынша үздiк көрсеткiштердiң бiрi.
Жоғары әкiмшiлiк лауазымдарға лайықты бос орындар пайда болған кезде, кадр резервiндегi кандидатуралары қаралатын болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi