Меню

Страницы

Статья

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-ны алдын алу

Ағымдағы жылдың басынан Есіл ауданында 13 млн. 291 мың 937 теңгеден астам материалдық залал келтірген 23 өрт болды. Өрттен 7 адам қаза тапты. 2019 жылмен салыстырғанда өрттердің 4 оқиғаға және адамдардың қаза болу фактілерінің 7 оқиғаға өсуі байқалды. Өрттерде адамдардың өліміне ықпал ететін негізгі шарт отпен абайсыз болу, төсекте темекі шегу болып табылады.

Орын алған өрттердің себептерінің ішінде ең көп тарағандары: жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу 4 жағдай, халықтың отпен абайсыз болуы 10 жағдай, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу 5 жағдай, автокөлік құралдарындағы сымдардың қысқа тұйықталуы 3 жағдай.

Болуы мүмкін өрттердің, сондай-ақ техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу мақсатында, Есіл ауданы Явленка селосының ТЖБ және 10 - ӨСБ қызметкерлерімен жеке секторларды аулалық аралап шығу жүргізіледі. Аулалық аралау барысында қызметкерлер тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат, жадынамалар (парақшалар) тарату арқылы жеткізеді: жылыту пештерін пайдалану және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі; сондай-ақ қызметкерлер өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ауызша түсініктемелер, «101» қызметінің байланыс телефондары және өрт туралы хабарлау тәртібі.

Тұрғын үйде өрт немесе түтін шыққан жағдайда алғашқы әрекеттер түсіндіріледі, сондай-ақ мұржа құбырын күйеден тазарту қажеттілігі туралы еске салады.

Қорытындылай келе, жоғарыда аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты қарапайым шындық – «Өртті сөндіруден алдын алу оңай» деп айтуға болады.

Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Есiл ауданындағы «РКШУ 2020»

https://www.facebook.com/100011172396024/videos/1018540008528403/ 

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмi хабарлайды
Өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды

Өрт өсiмiн және оларда адамдардың өлiмiн азайту мақсатында, сонымен қатар СҚО ТЖ жөнiндегi Департаментi бастығының 2019 жылғы 6 қыркүйектегi №114 бұйрығын iске асыру мақсатында, 2019 жылғы 15 қыркүйек — 15 қазан аралығында тұрғын үй секторында өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды.

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiм қызметкерлерi, Iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, тұрғын үй секторында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу бойынша iс-шараларды iске асыру шеңберiнде, өрт қауiпсiздiгi бойынша айлықты өткiзу жоспары құрылды.

ТЖ жөнiндегi бөлiм қызметкерлерiмен алдын алу жұмысын өткiзу кезiнде әлеуметтiк қауiптi топ тұлғаларына (белгiлi жұмыс түрi жоқ тұлғаларға, нақты тұрғұлықты орны жоқ адамдарға), зейнеткерлерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көп көңiл бөлiнетiн болады.

Өрт қауiпсiздiгi айлығын өткiзуге байланысты ауданның ТЖ жөнiндегi бөлiмi тұрғын үй секторында өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтауды сұрайды.

Отпен абай болыңыздар, ол қателiктi кешiрмейдi.

Есiл ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғаныс подполковнигi
С. Мукашев

Есiл ауданының ТЖ бойынша бөлiмi ескертедi
Өрт қауiпсiздiгi бойынша айлық жалғасуда!

Өрттердiң санын азайту мен оларда адамдардың қаза болуын алдын-алу бойынша Есiл ауданы ТД бойынша бөлiмiнiң қызметкерлерi аудандық өрт бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, өрт қауiпсiздiгi бойынша айлық өткiзуде, айлық шарасында өрттердегi адамдардың қаза болуын алдын-алу және тұрғын үй секторындағы халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен, өрт қауiпсiздiгi бойынша айлық өткiзуде Явленка селосында рейд жүргiзiлдi, онда 140 тұрғын үй қамтылды, өрт қауiпсiздiгi бойынша 150 аса дана жадынамалар таратылды, шамамен 315 адамға нұсқаулық жұмыстары жүргiзiлдi. Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, селолық округтердегi халықпен жиын өткiзу кестесiнiң жоспары құрылды. Аталған бағыттағы жұмыс әрi қарай да жалғасатын болады.

Алдын-алу жұмыстарын өткiзудегi қызметкерлердiң басты назарға алғаны әлеуметтiк қауiптi топтағы адамдарға ерекше назар бөлiдi (нақты қызметi жоқ адамдарға, тұрғылықты жерi жоқ адамдарға) зейнеткерлерге, тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларға.

Отпен абай болыңыздар, от — қателiктi кешiрмейдi.

СҚО ТЖ бойынша департаментi
Есiл ауданы ТЖ бөлiмiнiң бастығы
азаматтық қорғаныс подполковнигi Жұлдыз Есенғазин

Жылыту маусымында өрт қауiпсiздiгi

Өрт талдауы көрсеткендей, жылыту маусымы кезеңiнде өрттердiң көп бөлiгi тұрғын секторда пайда болады, себебi жылыту пештерiн пайдалану кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу болып табылады.

Пештi пайдалану кезiнде тыйым салынады:

  • жанып жатқан пештi қараусыз қалдыруға;
  • қатты отынмен пештердi жағу үшiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
  • пештердi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрiздi) отын ретiнде қолдануға;
  • адамдар көп жиналатын iс-шараларды өткiзу кезiнде үй-жайларда пештi жағуға;
  • пештi пайдалану нұсқаулығымен белгiленген уақыттан тыс жағуға;
  • жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киiм, киiм, отын) пештiң және мұржаның бетiнен 0,5 метрден кем қашықтықта кептiруге болмайды.
  • Жарылған және бықсыған материалдары бар күл мен қоқыс оттықтан тазалағаннан кейiн олар үшiн арнайы бөлiнген орынға шығарылып, үстiне су құйылуы тиiс.
  • Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердiң оттық тесiгiне дейiн 1,25 метрден кем және пештердiң басқа қыздырылған бөлiктерiне дейiн 0,7 метрден кем қашықтықта орналастыруға тыйым салынады. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн қазандық қондырғыларының түтiн құбырлары ұшқын сөндiргiштермен жабдықталуы және күйеден тазартылуы тиiс.

Тұрғын үйлердiң сақталуы көбiнесе өзiмiзге байланысты. Өрт қауiпсiздiгiнiң қарапайым ережелерiн мүлтiксiз сақтау қажет!

Есiл ауданы ТЖБ аға инженерi
Е. Молдаш

Егер орманда өрт болса

Жыл басынан облысымызда 16-орман өртi болды. Орман өртiнiң 90%-ы адамдардың немқұрайлығынан болады,олар: сөндiрiлмей қалған от, сөндiрiлмеген темекi, транспорттың түтiн шыққышының дұрыс iстемеуi, табиғатта қалған әйнек ыдыстары, былтырғы қалған шөптiң жануы және оны бақыламау және т.б. Өте қауiптi мезгiлдерге көктемнiң ортасы, жаз және күз мезгiлiнiң басы жатады, бұл кезде жердiң үстi қу шөппен және жапырақпен жабылу болады,жауын шашын жұмалап болмауы мүмкiн.

Орман өрттiнiң бiрнеше түрi болады: астыңғы, үстiңгi.

Астыңғы өрт көп жағдайда жапырақты ормандарда болады, соның өзiнде өттiң биiктiгi 2 м. жетедi, өрттiң жайылу жылдамдығы 1,5 км/сағаттан аспайды. Үстiңгi орман өртi тiкенектi, жапырақсыз ормандарда болады, желсiз тымық күнде өрттiң жайылу жылдамдығы 3-4 км./сағ. жетедi, желдi күнi 25-30 км./сағат немесе оданда көп.

Егер сiз орман өртiнiң ортасында қалсаңыз және оны тоқтатуға шамаңыз келмесе онда сiзге тез арада өртке перпендикуляр бағытта қозғалу керек. Егер сiзге өрттен шығу қиын болған жағдайда сiзге көлге кiру керек немесе дымқыл киiммен жерге жату керек. Қатты түтiн болған жағдайда жерге жақын жерде демалу оңай болады, осы жағдайда сiзге ауызыңызбен мұрныңызды бiрнеше рет бүктелген кез келген матамен жабу керек.

Қазiргi уақытта көптеген адамдар табиғатта демалуға шығады. Өрттiң алдын алу үшiн және оны болдырмау үшiн келесi қағидаларды ұстанған жөн: ектi жас ағаштардың манайында от жақпау керек,қу шөп көп жатқан жерде, орман манайында, отын шабатын және қалдықтары жиналмай қалған маңайда. Отты ашық және арнайы жасалынған жерде жане оны маңайы тазаланған 0.5 м-ден кем жерде жағу керек. Зардаптарды болдырмау үшiн отты топырақпен жауып немесе сумен сөндiрiп кету қажет. Сөнбеген сереңке немесе шылым қалдығын лақтырмаңыз және ашық отты тез жанатын сұйықтықтармен материалдардың манайында қолданбаңыз. Орман өртiнiң басталып жатқанын байқап қалған жағдайда, ауыл әкiмшiлiгiне,өрт сөндiру бекетiне «101» және «112» телефон номерiне хабарласыңыз. Есте сақтаңыз,өрттiң алдын алу тек қана табиғатпен жануарларың емес,адмдардың қауiпсiздiгi және олардың денсаулығымен өмiрi.

Санат Мұқашев
СҚО ТЖ департаментi Есiл ауданы ТЖ бөлiмi
бастығының м.у.а. азаматтық қорғау подполковнигi

Төтенше жағдайлар бөлiмi автокөлiктердi пайдалану кезiнде өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау керектiгiн ескертедi

Автокөлiктерде өрт электр сымдарының тұйықталуы, жағар май отынын беру жүйесiнiң iстен шығуы, салонда темекi шегу, тез тұтанатын жүктердi тасымалдау кезiнде жүргiзушiлердiң ұқыпсыздығынан сондай-ақ отынның төгiлуiнiн нәтижесiнде өрт қауiпсiздiгiнiң қарапайым ережерлерiн бұзу салдарынан орын алады.

Есiл ауданының Төтенше жағдайлар бөлiмi автокөлiктi өрт пайда болған жағдайда естерiңiзге салады:

  • өрт туралы ақпаратты «101» немесе «112» телефонына хабарлау керек;
  • автокөлiктiң астына төгiлген жағар-май отынын сөндiру кезiнде шет жағынан ортасына қарай жанып жатқан затты басып өрт сөндiршiгтi қолданыңыз;
  • капот астында жануды сөндiру кезiнде оны таяқпен немесе мантировкамен бiртiндеп ащыңыз, өрт шығуы мүмкiн болғандықтан мүмкiндiгiнше шет жағынан ащыңыз;
  • өрт сөндiргiштi барынша қарқынды жану ошағына бағыттаңыз немесе отты брезентпен жабыңыз, құм, жер тастаңыз;
  • егер сiз майдалған киiмде болсаңыз немесе қолдарыңыз бензинмен жағылған болса өрттi сөндiруге кiрiспеңiз- бұл өте қауiптi;
  • егер жануды тез жоя алмасаңыз, қауiпсiз қашықтыққа өтiңiз, өйткенi жағар май отының багы жарылуы мүмкiн;
  • егер жанып жатқан көлiктiң iшiнде адам болса, ал есiктер бiтелiп қалса есiктi бұзу немесе шыныны қағу кажет (монтировкамен, таспен немесе аяқпен). Зардап шеккендi машинадан алып шығып медицина қызметкерлерiн шақырыңыз немесе бiрiншi медициналық көмек берiңiз, оны жақын маңдағы медпункке жiберуге тырысыңыз.

СҚО ТЖ департаментi
Есiл ауданы ТЖ бөлiмiнiң аға инженерi
азаматтық қорғау майоры
Әсет Шайкин

Су айдынында демалу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн сақтаңыздар!

Жазғы күндер ашық ауада демалуға шақырады. Су айдынының кез-келген жағасы, кез-келген өзенi жағажайға айналады. Күн мен жел дененi елжiретедi, суға шрмылу сергiтедi және қозғалысқа қуаныш сыйлайды. Босаңсып, бiз өз бейқамшылығымызды тұтқынға аламыз Егер дер кезiнде төнiп тұрған қауiптi байқамай және суда, жағажайда қауiпсiздiк ережелерiн бiлмесе, асығыстық кез келген сәтте қайғыға әкеп соқтыруы мүмкiн.

Су құрбаны болмау үшiн келесi шектеулердi қатаң сақтау қажет — белгiсiз және осы мақсатқа арналмаған су қоймаларында шомылудан бас тарту, жалғыз суға шомылудан аулақ болыңыз, мас күйiнде шомылмаңыз, түбi белгiсiз жерлерде суға түспеңiз, қоршау буйктарынан жүзбеңiз, егер сiзде қандай да бiр созылмалы аурулар болса, жағалаудан алыс жүзбеңiз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Марафондық жүзу әуесқойлары өз күшiн асыра бағалау өте қауiптi. Баршалыққа белгiлi,ең жаман жүзетiн адамдар сирек суға кетедi, ал көбiнесе жиi — жүзгiштер, өздерiн жақсы жүземiн деп ойлайтын жүзушiлер. Олар суда өзiн өте сенiмдi сезiнедi және осыған байланыстысенiм тәжiрибесi рапсталмағаннан суға кетiп жатады. Ешқашан өзiңiздi тамаша жүзгiш деп санамаңыз, содан кейiн терең қарттыққа дейiн жүзесiз! Өзендi дауға айналдыруға тырыспаңыз. Сiз таласып-тартысудан жеңiлесiз.

Егер сiз жүзе алмасаңыз-үрлемелi матрасқа, автокөлiк камераларына және басқа да қолда бар жүзу құралдарына артық сенiм артпаңыз. Бiрiншiден, ең қолайсыз сәтте олар жарылуы мүмкiн. Екiншiден, ағыс пен жел сiздi жағалаудан алысқа әкетуi мүмкiн. Суық суда ұзақ шомылмаңыз.

Судағы қауiпсiздiк ережелерiн сақтау — бұл өмiр мен денсаулықты сақтаудың кепiлi!

СҚО ТЖ департаментiнiң
Есiл ауданы ТЖ бөлiмiнiң аға инженерi
азаматтық қорғау майоры Әсет Шайкин

Өрт сөндiргiшпен қолдануды әркiм бiлуi тиiс!

Күн сайын бiздiң көпшiлiгiмiз ғимараттарда болып, өрт сөндiргiштердiң жанынан өтемiз. Адамдар олардың түрлерiне әбден үйренiп, оларды байқамайды. Iс жүзiнде өрт сөндiргiштер — бұд кез келген ғимаратта өте маңызды нәрсе, өйткенi өрт пайда болған жағдайда оның көмегiмен мүлiктi ғана емес, сондай-ақ адамдардың өмiрiн де оттан құтқаруға болады.

Ешкiм төтенше жағдай болмайтынына жүз пайыз кепiлдiк бермейдi, сондықтан өрт сөндiргiштi пайдалану ережелерiн әркiм бiлуi тиiс. Әрине, әрбiр өрт сөндiргiште оны қолдану бойынша толық нұсқаулық бар, бiрақ төтенше жағдайда оны зерттеуге уақыт болмайды.

Осыған байланысты Есiл ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi әрбiр азаматқа өрт сөндiргiш құрылғысымен және оны пайдалану ережесiмен алдын ала танысуды ұсынады.

Өрт сөндiргiштердiң көптеген түрлерi бар, бiрақ оларды пайдаланудың жалпы ережелерi бiрдей — өрт болған жағдайда одан қорғаныш пломбасын жұлып алып, содан кейiн кеңiртiктi жану жағына қарай бағыттап, иiнтiрекке басу керек.

Айта кету керек, әртүрлi өрт сөндiргiштермен iстеу кезiнде белгiлi бiр ерекшелiктер бар. Мысалы, көбiк өрт сөндiргiшiн электр құралдарын сөндiру үшiн қолданбау керек, себебi химиялық көбiк электр өткiзгiшi болып табылады, ал көмiрқышқыл өрт сөндiргiшiн пайдалану кезiнде сақтықты сақтау керек және сөндiретiн заттың терiге түспейтiнiн қадағалау керек, себебi мұндай қоспаның қатты салқындатқыш әсерiнiң салдарынан үсiк алуға болады. Сондықтан сiз орналасқан өрт сөндiру құралдарының ерекшелiктерiн алдын алу зерделеу қажет.

Сонымен қатар, өрт сөндiргiштердiң жарамдылық мерзiмiн де қадағалау керек. Алғашқы өрт сөндiру құралдары өрт пайда болған жағдайда олардың көмегiмен отпен күресуге кепiлдiк беру үшiн тұрақты қызмет көрсетудi және қайта зарядтауды қажет етедi.

Осыған байланысты-өз қауiпсiздiгiне қамқорлық жасауды ұсынамыз! Құрылғымен және өрт сөндiргiштiң нұсқаулығымен алдын ала танысыңыз, сондай-ақ олардың жарамдылық мерзiмiн мұқият бақылаңыз.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде дереу «101» нөмiрi бойынша өрт сөндiру күзетiне немесе құтқару қызметiне «112» нөмiрi бойынша қоңырау шалу қажет.

Әсет Шайкин
СҚО ТЖ департаментi
Есiл ауданы ТЖ бөлiмiнiң аға инженерi
азаматтық қорғау майоры

Көктемгi-жазғы өрт қауiптi кезеңде өрттiң алдын алу

Көктемгi-жазғы өрт қауiптi кезеңнiң басталуы құрғақ өсiмдiктердiң өршуiне байланысты өрттердiң күрт өсуiмен байқалады. Барлық жерлерде автомобиль жолдарының бойында, шалғындарда, орман тұғырларында құрғақ шөптердi жағу жүзеге асырылады. Алаңдарда шөп қалдықтары өртеледi, от жағылады және азаматтардың үй иелiгiне iргелес аумақта да, сондай-ақ әртүрлi меншiк нысанындарында қоқыс жағылады. Көктемгi егiс шаруашылықтар үшiн де, жеке үй жанындағы учаскелер иелерi үшiн де қалыпты болып келедi.

Көктемде өткен жылдың шөптерiн күйдiру табиғат үшiн пайдалы екенiн және шөптен кейiн жасыл жақсы өседi деген қате пiкiр бар. Шындығында, қарағанда табиғат үшiн оттан басқа зиянды ештеңе жоқ. Әрине, өрттерден кейiн 2-3 аптадан кейiн өрттiң қара қаруы арқылы жасыл қыртысты шыға бастайды, бiрақ мұнда бұрынғы түрлi шөптердi көрмейсiң. Ал қуатты тамыр жүйесi бар көпжылдық арамшөптер ойықтарды оңай алып, содан кейiн босаған үлкен аумақтарды басып алады.

Көктем басталысымен адамдар өздерiнiң үй жанындағы учаскелерiн тәртiпке келтiруге асығады, бұл ретте өрт қауiпсiздiгi ережелерi туралы ұмытып, тұрмыстық қоқыстар мен құрғақ өсiмдiктердi өртейдi, тек өз мүлiктерiне ғана емес, сонымен қатар ауыр жарақат алу және ең қымбат өмiрлерiн жоғалтуға тәуекел етедi. Көптеген тұрғындар демалыс күндерi орман алқаптарында уақыт өткiзiп, балық аулауға шығады. Жиi мұндай бос уақыт от жағу арқылы жүредi, ал бұл орман өрттерiнiң себебi болуы мүмкiн.

Орман және дала өрттерiн сөндiру-көптеген адамдардың үлкен еңбегi. Ерекше алаңдаушылық тудырады, ал кейде өрт құрбандары балалар болады. Көктемнiң келуiмен балалар көп уақытты далада өткiзедi, жиi достарымен от жағады және осының барлығы үлкен өртке оралуы мүмкiн.

Қалыптасқан жағдайды айтарлықтай өзгерту қажет, бiздiң әрқайсымыз бар проблеманың барлық маңыздылығын түсiнуi тиiспiз. Себебi басым көпшiлiгi өзiмiз кiнәлi болып табыламыз, бiз, дәлiрек айтқанда, бiздiң беймәлiмiмiз және мәдениетсiздiгiсiз.

Әсет Шайкин
СҚО ТЖ департаментi Есiл ауданы ТЖ
бөлiмiнiң аға инженерi
азаматтық қорғау майоры

Тұрғын үйлердiң қауiпсiздiгi

Жаңа жылдың бiрiншi айы аяқтап, ол бiздiң облысымыздың тұрғындары үшiн температураның күрт төмендеуiнен ауа-райы суық болып көрiндi. Табиғи — климаттық қиын жағдайларға қарамастан «101» қызметi өрттердiң, апаттардың және басқада төтенше жағдайлардың шығуына жедел көмектерiн көрсетудi жалғастыруда.

Бiздiң ауданымыздың аймағында 2019 жылдың қаңтар айында 2 өрт тiркелiндi.

Тұрғын үйлердiң тұрғындары өздерiнiң үйлерiнiң жайлылығын және жылылығын ойлаумен басты — қауiпсiздiк туралы ұмытып кетедi. Қарапайым өртке қарсы ережелердi сақтау кезiнде өзiнiң өмiрiн және мүлкiн сақтауға болады. Қазiргi қысқы мерзiмде жаппай пешпен жылыту пайдаланылады, ал ҚҚЕ бұзушылығы қайғылы зардаптарға әкелiп соғады.

Яғни, аудан аумағында 2 өрт орын алды, 1 жағдай Петровка с/о және 1 жағдай Покровка селосында.

Елдi мекендердегi өрт көздерi жылыту пештерiнен өрт қауiпсiздiк ережелерiн бұзудан.

Әрине, бiздiң өмiрдегi көптеген кездейсоқтар және барлық өмiрдегi кездейсоқтарға адам дайын бола бермейдi, бiрақ «Бәлкiмдiкке» үмiттенгеннен, «Құдайға сен, бiрақ өзiң қателспе» мақаласын ұстану қажет.

Есiл ауданының ТЖб бастығы, азаматтық
қорғау подполковнигi
Ж. Есенгазин

Крещение Господне мерекесi — ТЖ!

2019 жылдың 19 қаңтары болатын Крещение Господня православ мерекесiне байланысты Ишим көлi мен Ү. Тораңғұл өзенiне бiрден көп адам шығады (Явленка а. Ишим көлiнде — 150 адамға дейiн, Корнеевка а. Ү. Тораңғұл өзенiнде — 100 адамға дейiн).

Ауаның төмен температурасына байланысты және төтенше жағдайларды болдырмау, адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрмеу мақсатында Есiл ауданының ТЖ бойынша бөлiмi азаматтарға iс-шараны өткiзу орнына барған кезде, суды алған және суға шомылған кезде, жағаға шыққан кезде және iс-шараны өткiзу орнынан қайтқан кезде қауiпсiздiк шараларын сақтауды ұсынады.

Бүгiнгi таңда мұздың қалыңдығы 35-45 см. болғанына қарамастан, адамдардың мұз астына кетуiн болдырмау мақсатында келесi қарапайым ережелердi сақтау керек:

  • көп адам жиналмау үшiн мұзға шыққан кезде көп топ болып жиналмау;
  • «иордань» немесе «купель» маңайында топ болып жиналмай, мұзға ұйымдастырушылық түрде шығу;
  • мұзда болу аумақтарынан шықпау, яғни жағадан 25-30 метрден аспау;
  • мұзға көлiкпен шықпау;
  • балаларды қараусыз қалдырмау, олардың ашық ауада болуын шектеу;
  • суды көп алатын жерде, «иордань» маңайында тек қана салынған ағаш стеллаждар мен басқыштарда ғана болу;
  • құлаған немесе жарақаттанған кезде, мұз астында қалмау үшiн түбi бар, тормен қапталған метал кәрзеңкелер мен ағаш басқыштармен жабдықталған орындарда шомылу;
  • «купельден» тыс, ащық ойықта шомылуға тыйым салынады.

Мас күйде мұзда болу аса қауiптi: сiз үсiк алып, салқындау ала аласыз. Мұндай жағдайлар болған!

Егер де сiз нашар күйдi сезiнсеңiз, ойықта шомылу ұсынылмайды — бұл Сiздiң денсаулығызға зиян әкеледi.

  • бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ескертетiн маңызы бар жадынамаларды, мақалалар мен хабарландырулдарды мұқият оқыңыз.

Есiл ауданының ТЖБ бастығы
азаматтык қорғау подполковнигi Ж. Есенғазин

Өрт себебi — пеш

Қазiргi уақытта әлеуметтiк мәселеге байланысты үй иелерi және пәтер жалдаушылар пеш жағуға көңiл бөлмейдi және оны бұзылған күйiнде қолданысқа жiбередi, iс жүзiнде әр күн сайын облыста «пештiң» өрттерi болып тұрады, соның салдарынан айтарлықтай материалдық шығын салынады және адамдар ажал құшады.

Бұл өрт категориясы екiге бөлiнедi. Бiрiншiден, жанудың себебi пештiң құрылысының ережесi бұзылуы мүмкiн. Пештiң түтiн шығатын мұржасының бөлшектерi жеткiлiксiз және ағаш жабынынан өтетiндiктен болуы мүмкiн, сонымен қатар шағын шегiнiстер— пеш қабырғасының арасындағы қашықтық және үй қабырғасы мен ағаш құрылысы жиi өрттiң болуына әкеледi. Осы себеп бойынша Покровка ауылында өрт болды, өрттiң нәтижесiнде тұрғын үй зардап шектi.

Басқа бәле — пеш жағу кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзу, жағу құбырының толық дұрыс кезiнде де жағымсыз жағдайлар болады. Жиi өртпен пештi бензинмен, керосинмен және басқа да тез жанғыш сұйықтықтармен жағу отын қолдану, отынның ұзындығы, сонымен қатар жаңадан қызған пештерден өрт болуы мүмкiн.

Өрттен сақ болыңыздар, ол қателiктердi кешiрмейдi.

Есiл ауданының ТЖБ бастығы
азаматтык қорғау подполковнигi Ж. Есенғазин

«Жас құтқарушы мектебiнiң» қатысуымен Есiл ауданында өрт қауiпсiздiгi сенбiлiгi өттi

Есiл ауданының Явленка ауылында әлеуметтiк жоба аясында «Жас құтқарушы мектебi» ашылды, оны iске асыруға Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым Министрлiгi және Халықаралық қайта құру және даму банкi грант берген.

Бұл мектептiң мақсаты жастарды қоғам өмiрiне тарту, сондай-ақ халықты өрт қауiпсiздiгi ережелерiне, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда өзiн-өзi ұстау, алғашқы медициналық көмек көрсетудiң алғашқы бiлiмдерiне үйрету болып табылады. Жас құтқарушыларға тегiн негiзде «Арыстан» ЖК басшысы Нұрбек Смағұловтың атынан көмек көрсетедi.

«Жас құтқарушылар мектебiнiң» ұжымы бес адамнан тұрады, олар тұрғын үйлерге барады, өрт қауiпсiздiгiнiң негiзгi ережелерiн айтып, халыққа жеткiзедi, үгiт материалдарын таратады.

Осылайша, өрт санын азайту және адамдардың қаза болуын азайту мақсатында Есiл ауданы ТЖ бөлiмi мен №10 өрт сөндiру бөлiмiнiң қызметкерлерi «Жас құтқарушылар мектебiмен» бiрлесiп демалыс күндерi Волошинка ауылында өрт қауiпсiздiгi сенбiлiгiн өткiздi. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi жоқ бұл елдi мекен аудан орталығынан алыс орналасқан. Сондықтан алдын алу тобы тұрғындар арасында өртке қарсы насихатты жүргiзуге аттанып, тұрғындарды өмiрi үшiн маңызды ережелердi сақтауға шақырды.

Сенбiлiк барысында мектеп өкiлдерiмен әзiрленген тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi бойынша 100-ден астам жадынамалар мен брошюралар табыс етiлдi, 140-тан астам нұсқаулықтар мен әңгiмелер өткiзiлдi.

Сонымен қатар, «Жас құтқарушылар мектебi» өрт-техникалық минимум бойынша курстар өткiзiп, курстан өту туралы куәлiк берiледi, 2019 жылы орталық стадионда «Арыстан» ЖК көмегiмен аудан орталығының жастарын қатыстыра отырып, өрт-құтқару спорты бойынша жаттығулар өткiзу жоспарлануда.

«Жас құтқарушылар мектебiнiң» ашылуымен ауданда өмiр жанданып, жастардың қауiпсiз өмiр сүру салтын ұстануын және оны басқалардың негiздерiне үйретуiн көру жақсы. Қауiпсiздiк мәдениетiн насихаттай отырып, олар құтқарады, адамдарға көмек қолын созады және бұл еңбек адамдардың санасына оң әсер ете отырып, өз жемiсiн әкелетiнiне сенгiм келедi.

Жұлдыз Есенғазин,
СҚО ТЖ департаментi Есiл ауданының
ТЖ бөлiмiнiң бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигi

Өрт қауiпсiздiгi бойынша айлық!

Есiл ауданының Явленка селосында өрт қауiпсiздiгi айлығының аясында ТЖ бөлiмi және №10 өрт бөлiмi қызметкерлерi Жастар ресурстық орталығы өкiлдерiмен бiрге тұрғын үй секторында көмiрқышқыл газынан улану мен өрттердiң алдын алу бойынша iс-шара өткiзiлдi. Төтенше жағдай бөлiмiнiң бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигi Жұлдыз Есенғазин рейдтiң мақсаттары мен тапсырмалары туралы қатысушыларға нұсқаулық жүргiзiп, бағыттарды анықтап және осы жұмыстың өрт қауiпсiздiгi кезеңiнiң қарсаңында маңыздылығын атап өттi.

Жастар ресурстық орталығы мен азаматтық қорғаныс мамандары жеке тұрғын үйлердi аралап тұрғындармен өрт қауiпсiздiгiн сақтау ережелерi жайлы әңгiмелесiп, ескертпелер таратты.

Рейд барысында 187 адам мен 100 үй қамтылды, тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi тақырыбына 100 ден астам ескертпелер таратылды, көмiртегi тотығымен уланудың жағдайлары ескертiлдi.

ТЖ комитетiнiң бөлiмшелерi мен Жастар ресурстық орталығы арасындағы серiктестiк туралы бекiтiлген меморандумға сәйкес осындай iс-шаралар тұрақты негiзде өткiзiлiп тұрады.

Жұлдыз Есенғазин,
Есiл аудандық ТЖБ бастығы,
азаматтық қорғаныс подполковнигi

«Бақытты балалықты қорғау» — Есіл ауданындағы акция

Балаларды қорғау күнi — балалардың өздерi үшiн көңiлдi мереке ғана емес, балалардың құқықтарын қорғау қажеттiлiгi туралы еске салу болып табылады, сондықтан барлық балалар бақытты болып өсiп, бiлiм алып, сүйiктi нәрселерiн жасайды және болашақта өздерi жақсы ата-ана мен елiнiң азаматтары болады.

«Бақытты балалықты қорғау» акция аясында, сондай-ақ Халықаралық балаларды қорғау күнiне орай Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы Төтенше жағдайлар бөлiмiнiң мамандары облыстық Мәдениет үйiнде түрлi жастағы балалар арасында, өртке қарсы тақырыптар мен конкурстар бойынша суреттер конкурсын өткiздi.

Iс-шара барысында балалардың балауыз бормен түрлi-түстi суреттер салған сурет көрмесi ұйымдастырылды. Жылдамдық пен ептiлiкке арналған эстафетаны өткiзген кезде, балалар бұл шараға белсене қатысып, қорытынды бойынша жеңiске достық қол жеткiздi. Аяқтағаннан кейiн бөлiм қызметкерлерi балаларға дипломдар мен ойыншықтарды табыс еттi.

Осындай iс-шараларды өткiзу балалар үшiн өте пайдалы, себебi осы жаста өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен төтенше жағдайлар туындаған кездегi мiнез-құлық туралы бiлiм қалыптасады.

СҚО Есiл ауданының
ТЖ бөлiмiнiң бастығы
азаматтық қорғау подполковнигi Жұлдыз Есенғазин

Өрт және су қауiпсiздiгiнiң алдын алу шарасының айлығы жалғасуда!

22 сәуiр айынан бастап 23 мамыр дейiн аралығында Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментiнiң өрт және адам қауiпсiздiгiнiң алдын алу, тұрғын үйлердi өрт қауiпсiздiгiнен сақтау мақсатында биылғы жылы айлық өткiзiлдi.

Бiрақ өткiзiлген шаралар күтiлген нәтиженi көрсетпедi.

Тұрғын үй сеторларында өрт саны артып адамдардың өмiрiне, денсаулығына зиян, материалдық залал келтiруде.

Осылайша, Есiл ауданының Төтенше жағдай бөлiмiнiң қызметкерлерi мен өрт бригадасының қызметкерлерi және «Жас Отан» өiлдерi су обьектiлерiнде өрттiң алдын алу мен қауiпсiздiгiне байланысты iс-шара өтiздi.

28 мамырда 2018 жылы Явленка аудандық округiнде рейд жүргiзiлдi. Бұл аудандық округте өрт көп болады. Тұрғындар өз үйлерiнiң маңында қоқысты жағып қараусыз қалдырады. Соның салдарынан өрт шығып үйлерi өртке оранып көптеген зиян келтiрiледi. Тұрғындар өз өмiрлерiне қауiп төндiрiп тиым салынған жерлерге барып шомылады.

Құқық қорғау азаматтарының бастауымен 42 үйге 137 өрт қауiпсiздiгi мен суға шомылудың алдын алу шаралары туралы ескерту қағаздары таратылды. 187 инструтаждық жұмыстар жүргiзiлдi. Аудандық iшкi iстер ұйымдарымен бiрiгiп тұрғындарды аралау, ескерту шараларының кестесi жасалды. Алдағы уақытта осындай шаралар әлi де жүргiзiледi.

Өрт пен су қауiпсiздiгiнiң алдын алу үшiн тұрғындар үнемi өздерi де сақ болулары керек.

СҚО Есiл ауданы ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигi
Ж. Есенғазин

Бәрiмiз өртке қарсы!

Есiл ауданының Явленка селосында өрт қауiпсiздiгi айлығының аясында ТЖ бөлiмi және №10 өрт бөлiмi қызметкерлерi «Жас Отан» жастар қанаты өкiлдерiмен бiрге тұрғын үй секторында көмiрқышқыл газынан улану мен өрттердiң алдын алу бойынша iс-шара өткiзiлдi. Төтенше жағдай бөлiмiнiң бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигi Жұлдыз Есенғазин рейдтiң мақсаттары мен тапсырмалары туралы қатысушыларға нұсқаулық жүргiзiп, бағыттарды анықтап және осы жұмыстың өрт қауiпсiздiгi кезеңiнiң қарсаңында маңыздылығын атап өттi.

«Жас Отан» жастар қанаты мен азаматтық қорғаныс мамандары жеке тұрғын үйлердi аралап тұрғындармен өрт қауiпсiздiгiн сақтау ережелерi жайлы әңгiмелесiп, ескертпелер таратты.

Рейд барысында 187 адам мен 65 үй қамтылды, тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi тақырыбына 100 ден астам ескертпелер таратылды, көмiртегi тотығымен уланудың жағдайлары ескертiлдi.

ТЖ комитетiнiң бөлiмшелерi мен «Жас Отан» жастар қанаты арасындағы серiктестiк туралы бекiтiлген меморандумға сәйкес осындай iс-шаралар тұрақты негiзде өткiзiлiп тұрады.

Тимур Куянбаев,
Есiл аудандық ТЖБ аға инженерi,
азаматтық қорғаныс капитаны

Электрожабдық — өрт қауiпсiздiк!

Қазiргi қоғамында электрожабдық адамға үлкен пайда әкеледi, бiрақ электрожабдықпен терiс қолданған кезде өрт болуы үлкен қауiп бар.

Есiл ауданында 2018 жылдың 1 тоқсаңнын iшiнде 9 өрт және түтiңдеу жағдайлар болды. Сымның қысқа тұйықталу — өрттердiң жие себебi. Бiлiу керек:

  • тұрғын үйлерде 16-25 А тұрмыс сақтандырғыш қорабы орнатылыу керек. «Жучек» қолдануға болмайды;
  • электросөндiргiш батырма, розетка және т.б. жанбайтын негiзiнде орнатылу қажет. Дәнекерлеу жұмыстар болып жатқан кезде ПА қуаты және бөлмеде электрожабдық салыстырмалын ескеру керек;
  • электро сымнын қосылыс және тармақтану дәнекерлеу, баспалаумен немесе арнайы қысылым көмегiмен жасайды;
  • қызатын шамдар жанатын заттарға тығыз орнатылыу болмайтын қажет;
  • қолдан жасалғаны тен, үй жылтқышпен қолдануға болмайды;
  • электро сымдарды әуе жолымен қалын жем маянын үстiнен жiберуге болмайды.

Электро құралдарда, электро желiде ақаулық алып тастау үшiн бiлiктiлiк бар электромонтердын қызметпен қолданыз.

Есiл ауданнын ТЖб аға инженерi
азаматтық қорғау капитаны
Тимур Қоянбаев

Өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлк!

Өрттердiң санын азайту мен оларда адамдардың қаза болуын алдын — алу бойынша Есiл ауданы ТД бойынша бөлiмiнiң қызметкерлерi аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлiктер өткiзуде, сенбiлiк шарасында өрттердегi адамдардың қаза болуын алдын- алу және тұрғын үй секторындағы халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен, өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлiк өткiзуде Явленка селосында, Покровка селосында рейдтер жүргiзiлдi, онда 101 тұрғын үй қамтылды, өрт қауiпсiздiгi бойынша 200 дана жадынамалар таратылды. Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, селолық округтердегi халықпен жиын өткiзу кестесiнiң жоспары құрылды. Аталған бағыттағы жұмыс әрi қарай да жалғасатын болады.

Алдын — алу жұмыстарын өткiзудегi қызметкерлердiң басты назарға алғаны әлеуметтiк қауiптi топтағы адамдарға ерекше назар бөлiдi (нақты қызметi жоқ адамдарға, тұрғылықты жерi жоқ адамдарға) зейнеткерлерге, тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларға.

Отпен абай болыңыздар, от- қателiктi кешiрмейдi.

СҚО ТЖ бойынша департаментi
Есiл ауданы ТЖ бөлiмiнiң бастығы
азаматық қорғау подполковнигi Жұлдыз Есенғазин

Судағы қауiпсiздiк ережелерi

Көптен күткен суға түсу маусымы келiжатыр.Облысымыздың жүздеген адамдары демалыс күндерi суға тартылады. Таза ауа, күн шуағы, рахатқа батырып қоймай, организмнiң жақсаруына септiгiн тигiзедi. Сонымен қатар су әр кез өмiрлердi әкетедi.

Ашық сулар қауiптiлiк көзi, осыған байланысты суда жүзу кезiнде абай болу орынды. Суда жүзу денi сау адамдарға ғана пайдалы, сондықтан суға түсуге болатындығы жайлы дәрiгер кеңесiн алу қажет. Суға түсудiң қолайлы уақыты таңғы 8-10 сағаты мен кешкi 17-19 сағаты. Ас iшкеннен кейiн бiр сағаттан бұрын суға түспеген дұрыс.

Балалар пикниктер, саяхат тау жүрiстерiне, лагерьлерiне барғанға дейiн ересектер балаларды қауiпсiздiк ережелерiмен таныстыруы қажет.

Жақсы жүзе бiлу — суда демалудың бiрден-бiр қауiпсiздiк кепiлi, бiрақ есте сақтаңыздар әр жақсы жүзушi суда жүзу ережелерiн қатаң сақтау қажет, әрдайым абай болу керек. Суға түсу алдында дем алған абзал. Суға дене ыстығымен түсуге б олмайды. Жағадан алыс жүзбеңдер, ескерту белгiлерiнен өтпеңiздер. Арнайы белгiленген және құрылған жерлерде суға түсiңiздер.

Белгiсiз жерде түсер алдында су түбiе тексерiп алыңыздар. Суға байқап, ақырын кiрiңiздер, су белге келген кезде тоқтаңыз және тез арада сүңгiңiз. Әсiресе өз кұшiңiзге сенiмдi болмасаңыздар ешқашан жалғыз суға түспеңiздер. Ешқашан жалған қауiптiлiк белгiсiн бермеңiздер.

Судағы тайыз жерлердiң өзiнде балаларға сақ болыңыздар, себебi олар ойын кезiнде құлауы және суға тұншығуы мүмкiн. Суда ұстап қысу ойындарын жүргiзбеңiздер ойын кезiнде қасыңыздағы адам ауаның орнына су жұтып есiнен айырылуына себеп болады. Балалардың суда жүзiп үйренуi ересектер бақылауында болуы қажет.

Таныс емес жерде секiрiп сүңгу қауiптi — баспен тасқа, свайға т.с.с соғылып мойын жұлынын сындыруға, естен тануға, өлiмге әкелуi мүмкiн.

Есте сақтаңыздар: мас күйде суға түсу трагедиялық жағдаймен бiтуi мүмкiн!

Ыстық ауа райының келуiне байланысты, бiз сендерге бiрнеше қауiпсiздiк ережелерi туралы ақыл бергiмiз келедi.

Суда жүзу кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi:

Арнайы қолайланған жерлерде суға түс.

Таныс емес жерлерде сүңгiме.

Буйкалар артына жүзбе.

Суда ойын кезiнде бiр-бiрлерiңдi қол немесе аяқтан ұстамау.

Жүзу бiлмейтiндер 1, 2 метр тереңдiкпен арнайы қолайланған жерлерде түсу.

Суға түсер алдында ағылшын түйреуiшiн алуды ұмытпаңыздар. Ол сiзге сiңiр тартқан жағдайда көмектеседi. Егер сiңiр тартып түйреуiш болмаған жағдайда шымшып алыңыз.

Жәбiрленушiнi көз қарассыз тастауға (кез келген уақытта жүрегi тоқтап қалуы мүмкiн), өздiгiмен тасуға болмайды, жағдай болса құтқару қызметiн шақыру.

Есте сақтаңыздар! Тек нақты суда жүзу ережесiн сақтаған кезде жамандықтың алдын алуға болады.

Есiл ауданы ТЖб бастығы
Азаматық қорғау подполковнигi
Жұлдыз Есенғазин

Қауiпсiздiк тақырып бойынша интерактивтiк сабақ

Есiл ауданның ТЖ бөлiмiнiң қызметкерлерiмен Т. Позолотин атындағы Явленка №1 орта мектепте 6-10 сыныптардын оқушылармен интерактивтiк сабақ өткiзiлдi. Онлаин байланыста Корнеевка, Покровка, Николаевка және Явленка ауылдардан 5 мектеп шараға қатысты.

Сабақ үш тақырып бойынша өткiзiлдi. Негiзгi тақырып өрт қауiпсiздiк, балаларға тұрмыстағы қауiпсiздiк, «112» бiрiнғай кезекшiлiк-диспетчерлiк қызметi туралы, отпен ойынан зардаптар туралы, өрт болған жағдайда әрекеттер және «101», «112» телефон линиямен ойындарға тыйым салу туралы айтып бердi.

Аудан аумағында Таранғұл көлi және Есiл өзеңi бар болдықтан, және көктем мезгiлiнде су көздерiне адамнын салмағына шыдамайтын берiктiксыз мұз шығады, сол себептен екiншi тақырып жұқа мұзға байланысты болды. Құтқарушылар, балалардың, жұқа мұз кезiнде қауiпсiздiк ережелердi сақтауға және қауiптi су көздерiне жақындауға болмайтын тақырыбына назарды аударды.

Жәнеде үшiншiден, ТЖб қызметкерлерi ҚР IIМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында оқуға насихат бойынша ақпаратпен сөз айтып, кәсiби бағыт туралы тақырыпке келдi. Балалар, Институттың күндiзгi оқуға түсу шарттылар және техникалық жоғары оқу орталығында оқуының артықшылықтар туралы бiлдi. Сабаққа қатысқандарға КТИ туралы буклеттер берiлдi.

Iс-шарада оқушылардын жалпы қатысқан саны 230 адам, 6-10 сыныптары.

Есiл ауданның ТЖб аға инженерi,
азаматтық қорғау капитаны
Тимур Қоянбаев

Жеке моншаларды қолданған кезде өрт қәуiпсiздiқтi қамтамассыз ету

Есiл ауданының тұрғын сектордың тұрғындарының жеке моншаларды қолданған кезде өрт қәуiпсiздiк ережелерiн сақтауға назарларыңызды аударамыз.

2018 жылдың 8 қантарда және 12 ақпанда Явленка ауылында жеке моншаның дұрыс iстемеген жылу беру пешiн (түтiн шығатын жүйесiнде тесiк болды) қолданған себептен өрт шықты, иелерiне әкiмшiлiк хаттама салынды.

Облыстың аумағында жеке моншаларда өрттердiң саны көбейiп жатыр, негiзi күз және қыс мезгiлiнде болады, сол кезде адамдар пештi қатты жағу салдарынан өрттiн шығу мүмкiндiгi көбейе бастайды.

Керектiгi, каркасты пештер жанбайтын негiзiнде орнатылу керек (кiрпiшке, бетонға); түтiн шығатын жүйесiнде тесiк болмауы тиiс, және түтiн жүйесiн жылына екi рет тазалау керек; ағаш қабырғалар мен төбелiктердiң және пештiн жылу беретiн бөлiмдер арасы 30-70 см. өртке қарсы арақаштық болу керек, және де олардың араларында (кiрпiш, құм-балшықтан ерiтiндi немесе талқыштас парағы) отрнатылуы дұрыс болады.

Жоғарыда айтылып жатқан ережелердi қолдансаңыз, өз заттарыңызды өрттен сақтай аласыз, өрт болған жағдайда өртке қарсы қызметке хабарланыз телефон номiрi «101».

Ауданның ТЖ бөлiмiнiң аға инженерi
Тимур Қоянбаев

«101» Қызметi

Жаңа жылдық мерекелердiң қауiпсiздiгi

Жаңа жыл мейрамы келе жатыр, сондай мерекелерде жарылу және от қауiптiлiгi бар пиротехникалық бұйымдары мiндеттi түрде пайдаланады. Тиiстi тауардың басым көпшiлiгi Қазақстан Республикасының жарылу және өрт қауiптi стандарттың талаптарына сәйкес келмейдi. Бiрақ, соған қарамай аудан дүкендерiнде сертификатсыз пиротехникалық бұйымдар сатылу айғақтар бар, бұл өнiмдермен саудасына тыйым салынады. Сондай бұзушылық әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар Кодекспен көздестiрiлген.

Пиротехниканы калай қолдану керек: тасымалдаған кезде зақымдалмағанына көз жеткiзiңiз; сапалы өнiмнiң қорабында ГОСТ нөмiрi және тауар жеткiзушiсi көрсетiледi, отшашуға нұсқаулық қоса берiледi; маңызды ақпарат — жарамдылық мерзiмi; сапалық сертификаты сатушыда сақталады. Қолында ұстап жарылмандар. Жарылу бөлшектер әйнек ыдысқа салыу болмайды.

Орнатылуы орны: отшашу үшiн орынды алдын ала таңдаңыз, 10 метрлiк радиуста ағаштар мен шiлiктер өспейтiн, электр желiлерi өтпейтiн үлкен ашық аланды таңдаңыз, 50 метрлiк радиуста — көлiк тұрақтары, ағаш құрылыстары, қатысып жатқаң адамдар жел жоқ жағынаң, пиротехника орнатылу орынан 20 метр қашықтықта тұру керек.

Он сегiзге толмаған тұлғыларға тауар сату тыйым салынады.

Есiл ауданының ТЖб аға инженерi
азаматтық қорғау капитаны
2017 ж. 26.12.

«Пешпен жылытудың қауiптiлiгi — улы газбен улану»

Төтенше жағдайлар комитетi тұрғын үй секторында адам өлiмi мен жарақаттану жағдайына талдау жүргiзiп, жылу беру маусымы (а.ж. 15 қазаннан 2 қарашаға дейiн) басынан республика бойынша тұрғын үй секторында өрт салдарынын 12 адам қаза тапты және 41 адам әртүрлi деңгейде жарақат алды, улы газбен уланудан 2 адам қаза тауып, 20 адам зардап шеккендiгiн хабарлайды.

Пешпен жылыту және газ құрылғыларын пайдалану бойынша халықты ақпараттандыру бөлiгiнде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қаза тапқандардың саны негiзiнен Павлодар облысына (4 адам), жарақат алғандар Шығыс Қазақстан (15 адам), Павлодар (8 адам) және Алматы облыстарына (6 адам) келедi. Улы газбен улану салдарынан ең көп жарақат алғандар саны Шығыс Қазақстан (12 адам) және Алматы облыстарында (4 адам).

2017 жылғы 14-15 қарашада Қарағанды облысында (Шахтинск қ., Сәтпаев қ.) бiр тәулiкте бiр шағын ауданның көп қабатты тұрғын үйлерiнде 2 пәтерiнде өрт болды, сонын нәтижесiнде 6 адам қаза тапты, оның 3-уi бала. Болжанған өртттердiң себебi — төсекте темекi шегу.

Бұдан басқа, 6 қарашада Тайынша қаласында жеке моншада пеш жылыту жарамсыздықтарынан 2 адам бiрден улы газдан уланды, олардың бiреуi орында қайтыс болды.

Каркасты пештер жанбайтын негiзiнде орнатылу керек (кiрпiштен бiр қатар) биiктiгi 100 мм-ден кем емес, сол себептен Явленка ауылында 14 қараша айында жану айғақ тiркелдi.

Жылу беретiн жүйесi өрт қауiпсiздiк ережелерге сәйкес болыу керек.

Есiл ауданының ТЖ бөлiмi

«Сақ болыңыздар» — 2017 күзгi-қыстыгүнгi балық аулау кезiнде

Солтүстiк-Қазақстан облысынын тұрғындарының жақсы көретiн бос уақыттардың бiрi — ол балық аулау, күзгi — қыстыгүнгi кезiндегi айрықша. Ауа-райы болжамы бойынша қараша айы және келе жатқан қыс суық және созылған болып күтiледi.

15 қазаннан 15 қараша айына дейiн СҚО аумағында «Жұқа мұз» айлық өтiп жатыр. Балықшыларды ақпараттаймыз, СҚО аумағында айлық өтiп жатқан кезiнде балық аулағанда 4 адам суға батып кеттi. Күзде Есiл ауданнын аумағында Б. Тарангул көлде 1 адам батып қалды.

Өз қауiпсiздiк үшiн, балық аулаған кезде, бiлiу керек: балық аулауға кетiп жатқан кезде, туыстарды, қандай су көзiне барыжатқаны, құлақтандыру керек; өз қолында байланыс құралдар, жылы киiм, азық-түлiк (су), негiзгi дәрi-дәрмектер, басқа заттар (фонарь,арқан,пышақ және от сiрiңке) болуы керек; мұздың 10 см. және бұдан артық жуаңдығы қауiпсiз деп саналады, тұлғаларды тобымен мұздың үстiмен өтуiнде 5-6 метр арақаштық болу керек, автокөлiктердi мұз айдынына кiруiне тiым салынады; жарылған мұз айдынына, салмақтың тепетендiгiң қадағалап, қозғалысты домалап жасау дұрыс болады; егер сiз қайықпен жүзуге шықсаңыз құтқару жилетiн киуiңiз қажет, қамыс маңайында жүзуге болмайды, түнгi уақытта балық аулауға тыиым салынады.

Көл өзең қасында ұялы телефон байланыс ұстамаса «112» телефон арқылы тегiн хабарланыз.

СҚО ТЖД Есiл ауданынын төтенше жағдайлар бөлiмi

Газды дұрыс қолдану ережелерiн сақтаныздар

Газды орнату мен қолдануда өрт қауiпсiздiк ережелерiн бұзу себептерiнен болатын өрттер тұрғын үйлер мен материалдық құндылықтарды жоюға, адамдардың өлiмi мен жарақаттануына әкелiп соқтырады. Бұл өрттердiң басты себептерi — құбырлардың, жалғастырып тұратын тораптардың саңлаулануына байланысты немесе газ плиталардың оттықтары арқылы газдың шығуынан болады. Газ баллондарын пайдалану 2 қабаттан, саны жағынан 8 пәтерден аспайтын тұрғын ғимараттарда қолдануға рұқсат етiледi. Ең бастысы — Сiздiң газ қондырғыңыз дұрыс жұмыс iстеуi керек. Оны өзiңiз жөндеуге немесе бiлмейтiн адамға жөндетуге болмайды. Жөндеу мен қызмет көрсету жұмыстары — маманның iсi. Табиғи және баллондағы сұйылтылған газ ауамен қосылып жарылыс беретiн қауiптi қоспа құрайды. Сол себептi бөлмеде газдың иiсiн сезе қалсаңыз сiрiңке, оттық шақпақ жағуға, электрдi қосуға немесе сөндiруге, бөлмеге ашық отпен немесе тұтанған шылыммен кiруге тыйым салынады — осының бәрi газдың жарылысын тудыруы мүмкiн. Газдың иiсi пайда болса тез арада газ құралдарын сөндiру керек немесе балоннан редукторды босатып, пәтердiң ауасын тазартып, бөлмеде бар адамдардың шығуын қамтамасыз ету қажет.

Естерiңiзде болсын: Газ баллонды төңкерiп немесе қиғаш қоюға болмайды. Егер газ баллондар үйдiң жанына жайғастырылса, олардың әйнек пен есiктен ара қашықтығы 1 метрден кем болмауы керек, оларға күн сәулесi түспеуiн қамтамасыз ету керек. Баллондарды жерге көмуге, жер төледе немесе жер деңгейiнен төмен орналастыруға болмайды. Газ баллонды жанында жанып тұрған от, қосылған электр құралдары болғанда ауыстыруға болмайды. Баллонды ауыстырардан бұрын ауыстырылатын және жаңа крандар жабық болуына көзiңiздi жеткiзiңiз. Газы бар баллондарды газ плиталарынан 0,5 мертден кем, жылу беретiн радиаторлар мен пештерден 1 метрден кем, пеш оттықтарының есiктерiне қарсы 2 метрден кем ара қашықтықта орналастыруға болмайды. Әр баллонды ауыстырғаннан кейiн сабын көпiршiгiнiң көмегiмен (отпен емес!) қосылған жерлерiн тексеру керек. Содан кейiн ғана газ плитаны қосуға болады, баллонның кранын әр қолданудан кейiн жауып отыру керек.

Егер Сiз қатты шыққан газдың иiсiн сезсеңiз:

Кранды жауып, бөлменiң ауасын тазарту керек. Ешқандай жағдайда от жақпаңыз, ұшқын немесе доға пайда болмас үшiн ешқандай электр құралдарын iске қоспаңыз. Газ баллоны сатылып алынған газбен жабдықтау мекемесiнiң авариялық қызметiн шақыру керек.

Түбi терең ыдыстарды плитаның камфоркасына қоюға болмайды.

Жұмыс iстеп тұрған газды құралдарды қараусыз қалдыруға болмайды.

Газды құралдардың қасына мектепке дейiнгi балаларды, кәрi адамдар мен мас күйiндегi адамдарды жiберуге болмайды. Газды құралдарды бөлменi жылыту үшiн пайдалануға болмайды. Газ құрылғыларына жiп байлауға, сонымен қатар киiмдердi және шашты кептiруге тыйым салынады.

Плитанын жанында тез жанатын ормал немесе қағаздарды қалдыруға болмайды.Газды құбырларды жөндеуге немесе жаңадан өзгертуге болмайды. Газды құбыр орналасқан бөлмелерде дем алу немесе ұйықтауға болмайды.

Тимур Қоянбаев
Есiл ауданының ТЖб аға инженерi

19 қазан — Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар қызметiнiң құрылған күнi

Биылғы жылы ҚР IIМ төтенше жағдайлар Комитетiнiң барлық қызметтерi, 22 жылдығын атап өтуде.

1995 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Президентi Н.А. Назарбаевтың №2045 Жарлығымен ҚР төтенше жағдайлар бойынша Мемлекеттiк Комитетi құрылды және бұл күн «Қазақстан Республикасының ТЖ қызметiнiң құрылған Күнi» деп жарияланды. Бұл — есептiң тарихи нүктесi.

Өзiнiң кәсiби мерекесiн Есiл ауданының №10 өрт сөндiру бөлiмiнiң ұжымы жақсы, iскерлiк көңiл-күймен қарсы алуда. Қазiргi уақытта жеке құрам өзiнiң кәсiби шеберлiгiн жетiлдiрумен айналысады, аудан және облыстың қоғамдық және спорттық өмiрiне белсендi қатысады. Жыл сайын қыркүйек айында өртте қолданбалы спорт бойынша облыстық жарыстар өткiзiледi, осылай ағымдағы жылы ӨСБ-10 кезеңдерiнiң бiрiнде (жауынгерлiк қанат жаю) 1-орынмен және ақшалай сыйлықпен (50 мың теңге), командалық киiм және екi доппен марапатталды. 10-ӨСБ құрама командасына кiредi: Еркебулат Мұқанов, Нұрлан Жандос, Алмас Бекенешев, Азат Бектасов, Ербол Мүсенов.

Жақсы физикалық пiшiндi сақтау үшiн бөлiм аумағында оқу-жаттығу мұнарасы, спорттық снарядтары бар, онда қызметкерлер жаттығу өткiзедi.

Мiнсiз қызметi, өздерiнiң функционалдық мiндеттерiн адал орындағаны үшiн адал орындағаны үшiн ҚР ТЖ қызметiнiң құрылған күнiне орай 2 қызметкерi марапаттауға ұсынылды. 2016 жылы қорытындысы бойынша бiздiң қызметкер «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ құрмет тақтасында орынға ие болды (өрт сөндiру автомобильдерiнiң жүргiзушi-қызметкерi, азаматтық қорғау прапорщигi Айдар Сабырұлы Малдағұлов).

2017 жылдан бастап кезекшi қарауылдары дабыл бойынша 45 рет сапарға шықты, оның iшiнде 16 өрт сөндiру, 2 авариялық-құтқару жұмыстары, 27 рет құрғақ шөптердiң және қоқыстың жану оқиғасына, Есiл ауданы Явленка а 10-ӨСБ бөлiмшесi жеке құрамының жедел және жұмыскерлерiнiң бiрлескен iс-әрекеттер жұмысының нәтижесiнде бидай өрiсiне, орман алабына және тұрғын үй секторына таралған жоқ. Жалпы өрттен келген шығын 1,142 миллион теңгенi құрады. Өрт сөндiрушiлермен 3 адам көшiрiлдi, сондай-ақ 4,5 миллион теңге сомасына материалдық құндылықтар құтқарылды.

Осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, барлық ардагерлердi, жеке құрамды кәсiби мерекемен құттықтаймын, зор денсаулық, бақыт, отбасында береке және табыс тiлеймiн және ТЖ алдын алу және жою және өрт сөндiру iсiнде сәттiлiк тiлеймiн.

Есiл ауданы Явленка а.
№10 өрт сөндiру бөлiмi
бастығының орынбасары
азаматтық қорғау капитаны
Р. Қанғожинов

Электрожабдық — өрт қауiпсiздiк!

Қазiргi қоғамында электрожабдық адамға үлкен пайда әкеледi, бiрақ электрожабдықпен терiс қолданған кезде өрт болуы үлкен қауiп бар.

Есiл ауданында соңғы 3 жылын iшiнде 23 өрт, жану және қысқа тұйықталу жағдайлар болды. Сымның қысқа тұйықталу — өрттердiң негiзгi себеп. Бiлiу керек:

  • тұрғын үйлерде 16-25 А тұрмыс сақтандырғыш қорабы орнатылыу керек. «Жучек» қолдануға болмайды;
  • электросөндiргiш батырма, розетка және т.б. жанбайтын негiзiнде орнатылу қажет. Пiсiру жұмыстар болып жатқан кезде ПА қуаты және бөлмеде электрожабдық салыстырмалын ескеру керек;
  • электро сымнын қосылыс және тармақтану дәнекерлеу, баспалаумен немесе арнайы қысылым көмегiмен жасайды;
  • қызатын шамдар жанатын заттарға тығыз орнатылыу болмайтын қажет;
  • қолдан жасалғаны тен, үй жылтқышпен қолдануға болмайды;
  • электро сымдарды әуе жолымен қалын жем маянын үстiнен жiберуге болмайды.

Электро құралдарда, электро желiде ақаулық алып тастау үшiн бiлiктiлiк бар электромонтердын қызметпен қолданыз.

Есiл ауданнын ТЖб аға инженерi
азаматтық қорғау капитаны
Тимур Қоянбаев

Назар сал — тұншықтырғыш газ!

2016 жылдың желтоқсан айдың аяғында Есiл ауданының Явленка аулында тұрмыста тұншықтырғыш газбен улану ақиқат болды, сол оқиғадан бiр адам қаза тапты. Жылыту пештерiн өрт қәуiпсiздiк ережелерiн бұзушылықпен қолданған себептен шықты.

Жылыту мезгiлi басталғанына байланысты 2017 жылдың 11 қыркүйектен 15 қазан айынын аралығында өрт қәуiпсiздiк айлық өткiзiп жатыр. Сондай ақиқаттар болдырмау үшiн ТЖ бөлiмi азаматтардың өртке қарсы ережелердi сақтауға назарларыңызды аударады.

Жылыту мезгiлi басталғанның алдында тұрғын үйде пештердi тексеру және жөндеу жұмыстарды өткiзу керек. Пештiң алдында тақтайға 30-70 см. темiр қаңалтыр парағын қағу керек, түтiн шығатын жүйесiндi жиi тазалау керек.

Жанатын пештердi бақылаусыз немесе балалардың бақылауна қалдыру өте қәуiптi. Пештiн шамаларына келмейтiн отынмен, жәнеде жанармайлармен жағуға болмайды.

Тимур Қоянбаев
Есiл ауданның ТЖ бөлiмi
Азаматтық қорғау аға инженерi

Жеке моншаларды қолданған кезде өрт қәуiпсiздiқтi қамтамассыз ету

Есiл ауданының құрметтi азаматтары, ерекше, жеке сектордың тұрғындары, «Төтенше жағдайлар бөлiмi» РММ жеке моншаларды қолданған кезде өрт қәуiпсiздiк ережелерiн сақтауға Сiздердiң назарларыңызды аударады.

2017 жылдың 6 шiлдесiнде Заречное ауылында жеке моншаның дұрыс iстемеген жылу беру пешiн (түтiн шығатын жүйесiнде тесiк болды) қолданған себептен өрт шықты, иесiне әкiмшiлiк хаттама салынды. Облыстың аумағында жеке моншаларда өрттердiң саны көбейiп жатыр, негiзi күз және қыс мезгiлiнде болады, сол кезде адамдар пештi қатты жағу салдарынан өрттiн шығу мүмкiндiгi көбейе бастайды. Байқау керек:

  1. Каркасты пештер жанбайтын негiзiнде орнатылу керек (кiрпiшке, бетонға);
  2. Түтiн шығатын жүйесiнде тесiк болмауы тиiс, және түтiн жүйесiн жылына екi рет тазалау керек;
  3. Ағаш қабырғалар мен төбелiктердiң және пештiн жылу беретiн бөлiмдер арасы 30-70 см. өртке қарсы арақаштық болу керек, және де олардың араларында (кiрпiш, құм-балшықтан ерiтiндi немесе талқыштас парағы) отрнатылуы дұрыс болады.

Жоғарыда айтылып жатқан ережелердi қолдансаңыз, өз заттарыңызды өрттен сақтай аласыз, өрт сөндiру бөлiмiнiң телефоны «101» және 2-13-96.

Ауданның ТЖ бөлiмiнiң аға инженерi
Тимур Куянбаев

СҚО ТЖД Тайынша ауданының шошқа өсiру кешенiндегi өрт фактiсi бойынша брифинг өттi

2017 жылы 20 шiлде күнi 18 сағат 39 минутта Тайынша қаласының Тайынша ауданының №17 өрт бөлiмiнiң байланыс пультiне «Мериан» ЖШС директоры, аудан орталығынан 14 км жерде Новоивановка селосында орналасқан шошқа өсiру кешенi жанып жатқанын хабарлады. Бұл туралы 21 шiлденiң таңертеңiнде СҚО ТЖ Департаментiнде өткен брифингте журналистерге өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Игорь Балеев және «ӨСж/е АҚЖҚ» ММ өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы азаматтық қорғау подполковнигi Дмитрий Рябенко сөз сөйледi.

Майор Балеев өрт сөндiрушiлер аз уақыттың iшiнде дабыл бойынша жолға шығып, 3600 шаршы метрдi қамтыған ТЖ орнының айналасы ашық жалынмен жанып жақан корпус алаңы анықтады. Хабарламаның кеш түсуiне байланысты өрт бiраз шақырым жерге жайылып кеткен атап өттi. Өрт нәтижесiнде иiс газынан және жоғары температурадан шамамен 28 бас мегежiндер және 95 бас торайлар қырылып қалды. Сонымен қатар шатырдың қирауы болды. Өрт сэндвич-панельдерден жасалған ғимараттың құрылысын бүлдiрген.

«Мериан» ЖШС шошқа кешендi кәсiпорыны 100 мың бас малға есептелген, 2007 жылы қараша айында қабылдау комиссиясының актiсiне сәйкес пайдалануға берiлген. «Мериан» ЖШС шошқа кешенi кәсiпорнында №1 корпус объектiсiнiң жануы болды.

Өрт күрделiлiгi бойынша жоғары болғандықтан өрттi ауыздықтауға 17-ӨСБ өрт сөндiрушiлерi, «элеватор-Тайынша-2006» ЖШС мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметi, «Степноишим тәжiрибе станциясы» ЖШС өртке қарсы ерiктi құралымы, «Тайынша Тұлпар» ЖШС ат салысты. Өрт сөндiрушiлердiң жедел және кәсiби әрекетiнiң арқасында шошқа өсiру кешенiн және қалған жануарлар корпусы құтқарылды. Кешен қызметкерлерiнiң ешқайсысы зардап шекен жоқ, — деп подполковник Рябенко сөз сөйледi.

Болжам бойынша өрттiң себебi, электркүш қалқанының қысқа тұйықталуынан болды. Өрт шығыны анықталуда.

Өрт 21 сағат 20 минутта сөндiрiлiп, 22 сағат 36 минутта толық жойылды.

Өрттi сөндiруге 30-дан астам адам, 9 бiрлiк техникасы жұмылдырылды. Азаматтық қорғау офицерлерi тұрмыстағы және өндiрiстегi мүлтiкке ерекше назар аударуды, өрт қауiпсiздiгiн, өртке қарсы ережелердi сақтауды сұрады.

Мұқашев Санат
Есiл ауданың ТЖб бас маманы

Орман алқабы

Орман — бізге деген табиғаттың бір ерекше сыйы.Ал біздің ауданымызда мұндай байлық баршылық, сонда да орман тоғайларды қадағалап, қорғау біздің тікелей міндетіміз. Бірақ бұған халықтың барлығы бірдей мән бере қоймайды .

Өрт — орманның қарқынды масштабтарына өршіп, орман өсімдіктерін құртып қана қоймай, сонымен қатар, қаншама құстарға, жәндіктер мен жануарларға әкелетін зардаптары өте көп.

Ормандардың өрттенуіне ең басты факторлардың бірі- адам. Мұның барлығы адамдардың отпен абайсыз пайдалануы, шырпы немесе темекіні өшірмей тастауы өртті тудырғыш себеп болып табылады. Көбінесе олар демалушылар, жеміс-жидек терушілер, жұмыскерлер.

Қазір, жаздың жадыраған, табиғаттың жайқалған уақыты, адамдардың барлығы орманды — көлді далаға ұмтылған шағы. Осыны пайдалана отырып барлық адамдарға өзіміздің ормандарды таза, бүтін, гүлдендіре сақтауымызды сұраймын.

Орманда өрт қауіпті мерзімде от жағуына қатаң түрде тиым салынады. Жеңіл тұтанғыш заттарды мүлде орман алқабына жақындатпауды талап етіледі.

Ал жаңа бастаған өртті көрсеңіз жергілікті өртке қарсы қызмет органдарына хабарлағаныңыз жөн. Қол астында алғашқы өрт сөндіру құралдары болмаған жағыдайда, отты өзіңіз өшіру үшін ашық су көздеріндегі суды немесе құм- топырақты қолдана отырып жануды тоқтатуға болады .

Ұрпаққа деген байлығымыздың бірі- орман. Сол әр адамның сана- сезімінде, есінде болуы тиіс. Барлық адамдар бар маңыздылықты түсініп, табиғатты қороғаса деген ниетімізден қол үзбейміз. Ормандағы «Өрт қауіпсіздік ережелерін» бұзған адамдар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 284 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Шөп шабатын мезгілі

Жыл сайын шілде-тамыз айларында өрттер басталады. Бұл факт барлық азаматтар мен шаруашылықпен айналысатындардың қыс мезгіліне шөп дайындаумен байланысты. Жабдықтар мен агрегаттардың қанағатсыз жағдайы шөп жинау орындарына өрттің пайда болуын әкеледі. Жемдердің дұрыс қоймауы тұрғын үйлер мен қораларға өрттің таралуына әкеп соқтырады.

Малдары шарушылығымен айналысатындар қыс мезігіліне шөп дайындайды. Алайда, өрт қауіпсіздік ережелерін есте сақтайды ма? Шөп — өрт қаупі жоғары өнім.

Жазда ең көп таралған өрттің болу көрсеткіші бойынша, жер үй тұрғындарының отты абайсыз қолданып, шөпті жинау және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себебінен өрттер жиі болады. Ал адамдар шөпті шаруашылық құрылыстар, моншалар, тұрғын үйлер және жолдың қасында қояды.

Сондай-ақ, өрттер балалардың кінәсінан жиі болады.бұл жағдайларды алдын алу үшін Шал ақын ауданының ТЖ бөлімі аулада алдын- ала арнайы орынды дайындауды ұсынады. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес шөп пен жемдер электр уатынан 15 метрден кем емес, жолдардан 20 метр, ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден кем емес қашықтықта орналасу тиіс.

Шөпті жанбайтын материалдармен қоршалу немесе арнайы өртке қауіпсіз құрылыс орындарында сақталу рұқсат етіледі.

Шөп сақтау кезінде ӨҚ ережелерін бұзғаны үшін, иелер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Егер де өрт болған жағдайда дереу өртке қарсы қызметін шақырып, ал өзіңізге алғашқы өрт сөндіру мен алдын алу шараларын орындау керек.

Тұрғын үйде өрттердің алдын алу. Үйден шыққанда естен шығармаңыз...

Қауіпсіздік адамға оның тамаққа, суға, киімге, тұрғын үйге қажеттілігімен бірге ең басты қажеттілік болып табылады. Тұрғын үйде болған өрт — бұл үлкен дерт. Өрт өз жолында бәрін құртады, бірнеше секундта адамдар баспанасынан, жылдар бойы жинаған мүліктен, ал кейде ең бастысы — адам өмірінен айырылады. Статистикаға сүйенсек, бір жыл ішінде өрттердің көбі тұрғын үй секторында болады.

Бұл өрт кезінде көбінесе адамдар зардап шегеді және жарақат алады. Адам факторы тұрғын үйде болатын барлық өрттердің себебі болып табылады. Өрт үлкен материалдық шығынға әкеп соқтырады, және көбінесе адам өмірінің қиылуына әкеледі. Сондықтан өрттеу қорғау қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті болып табылады, профилактикалық шаралар жалпы мемлекеттік масштабта өткізіледі.

Есіл ауданының территориясында ағымдағы жылдың алты айында тұрғын үй секторында 15 өрт болды, материалдық шығын 755 мың теңге .

Бүгінде тұрғын үйлер мен пәтерлер тұрғын үйлерде өрттің туындау мүмкіндігін арттыратын жанатын заттармен, синтетикалық құралдармен және әртүрлі тұрмыстық техникамен жабдықталған, тіпті кішігірім алау синтетикалық материалдардың жануы кезінде улы газдар бөлетіндіктен адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болады.

Өмірдің жоғары ритмі, әрдайым уақыттың жетіспеуі — бұл барлық факторлар тұрғын үй секторында өрттің туындау тәуекелін арттырады. Өрттің туындауының себептерін зерттегенде, өрттің негізігі себептері болып анықталды: сөнбеген жылыту құралдары, өздігінен жасалған жылытқыштарды пайдалануы, мас күйінде төсекте шылым шегуі, балардың отпен ойнауы.

Өрт арқашан әлеуметтік бейімсіз және сәтсіз азаматтардың кесірінен пайда болады. Мұндай адамдар әрқашан мерекелерді өткізуге жақсы көреді, содан кейін өздерінен қалған шылымдарды тастайды және электр құралдарын сөндірмей ұйықтап қалады.

Аудан ТЖ бөлімінің қызметкерлері, азаматтарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін орындауға, кезекті қайталап шақырады. Сіздің қауіпсіздігіңіз Сіздің қолыңызда. Өрт сөдіру қауіпсіздігіне зинақорлық, сіз өзіңіздің үйін, өмірін сақтайсыздар.

Суға түсудің қаупі

Жаз мезгілі де келіп жетті. Су қоймаларында,өзен-көлдерде су температурасы жоғарылай түсті.Адамдардың үлкенінен кішісіне дейін суға шомылу уақытының келуіне қатты қуанады. Сол себептен халық суға түсуге асығады,бірақ сол асығыс артынан қандай зардабын тигізетінін көпшілігі түсіне қоймайды. Суға түсуге арнайы арналған жерлерде кезекші посттар,құтқарушылар дайын болатынын барлық адамдарға түсіндіру қажет. Ең алдымен суға түскен кезде балаларға көңіл бөлу керек және оларды назарсыз қалдыруға болмайды. Суда демалу әрқашан мұқият болуды және сақ болуды қажет етеді.Кейбір адамдар өздері демалатын орынды қоқыспен толтырып, алкогольді сусындарды ішумен өз өмірлерін қатерге тірейді.

Сумен әрқашан сақ және мұқият болыңыз, себебі ол өзіңіздің және жақындарының өміріне үлкен зардабын тигізуі мүмкін. Сақ болыңыз!

Сақ болыңыздар! Терек түбiтi!

Жаз мезгілі басталды, ауа райы күннен-күнге көтеріліп, жер беті біртіңдеп құрғап жатыр. Орманда, тұрғын үй, басқа да құрылыс алаңдарында терек түбіті ұйлығып, өрт қаупін төндіріп тұр. Өрт-тілсіз жау демекші, лақтырылған сіріңке талы, өшірілмеген темекінің тұқылы, отпен ойнаған балалардың ермегі осылардың барлығы ғимараттарды, қасында орналасқан құрылыстарды немесе орманды көзді ашып жұмғанша өртеп жіберуі мүмкін.

Тентектіліктің нәтижесінде өрт пайда болуы ықтимал. Ағаштың ақ түбіті, жапырақтар, қоқыс жиналған қауіпті жерлерге от жақпаңыздар. Қоқыс, түбіт жиналған үйдің алаңдарын міндетті түрде тазартып жинау керек. Түбіттер жиналған жерлерді шашыратып сумен сулап, содан соң сыпырындымен сыпырғаннан кейін, қоқыс жәшігіне апарып тастау керек. Тұрғын үйлердің жанына ыдысқа жиналған су немесе арнайы өрт сөндіргіш құралдарын орналастырған жөн. Терек түбіті автокөліктерге өз зиянын келтіреді (салқындатқыш құралдары болса). Қоқыс, авто дөңгелегінен ұшатын ұсақ тастар, бәрі салқындатқыштың конденсаторы арқылы ұшып өтеді және салқындатқыш радиаторға кептеліп қалады. Ал терек түбіті киіз тәріздес тығыздалып (шансорғыш құралындағы жиналған шаң сияқты) жиналып қалады. Бұдан автокөлiктің қозғалтқышы қызып кетуi мүмкін.

Мұндай жағдайларда не істеу керек?

Толық қуатқа жылытқыштың желдеткiшiнiң айналымдарын қосыңыз, жылытқыш құралын жақпаңыз және салқындатқыш сұйықтықтың температурасын бақылаңыз. Ол төмендеу керек. Төмендемеді ме? Демек, ақ түбіт «киіз» тәріздес жиналып, радиторға бітеліп қалды. Енді оны тазалау керек. Әрине, ондай жағдайда арнайы орындарда тазартқанымыз жөн. Егер автокөлiктiң құрылымы мүмкiндiк берсе, жүргiзушi бампердi алып тастап, шөткемен радиаторды тазалай алады. Сондай-ақ терек түбiтi автокөлiктiң салонын, сүзгілерін ластайды. Осылардың барлығы көлікке өз залалын тигізеді. Қажетті жағдайда көлігіңізді тексеріп, тазалаңыз немесе сүзгілерін ауыстырыңыз.

Санат Мукашев
азаматтық қорғаныс майоры

Абайлаңыз:жарылыс қауіпі бар қоспа!

Біздің тұрмысымызда газ аспаптары ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бірақ дұрыс қолданбау және ұқыпсыздық өрттерге немесе жарылысқада әкеп соғуы мүмкін,және де адам қазасына әсер етеді. Бірақ кейбір үй иелері өртке қарсы қағидаларды ұстанбайды және өздерінің істері жайлы алдағы уақытты ойламайды.

Қазіргі таңда заңсыз түрде газ баллон сатумен айналысушыларды кезіктіруге болады. Айта кететін жайт, осы жағдай ауданның барлық мекенднрінде өткір іс болып тұр. Соның өзінде газ баллондар көп мөлшерде орамдардаүашық алаңдарда,қораларда және гараждарда сақтаулы. Ал күн сәулесінің баллонға түсуі, отпен абайсыз қолдану,сөнбеуй қалған темекі қалдығы және т.б. жарылысқа әкеп соғуы мүмкін, үйткені сұйықталған газ ауамен қосылып жарылыс қауіпі бар қоспа шығаруы мүмкін.

Сондықтан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажет:пәтерлерде және жер үйлерде 12 литр сйымдылығы бар газ баллондарды сақтау қажет; баллондарды сақтайтын жер бір қабатты жеңіл ашылатын есікі бар және шығаруға кедергі келтірмейтін жерде сақтау қажет. Газ баллон сақталатын бөлменің терезесі ақ бояумен немесе күн откізбейтін заттармен қапталуы тиіс. Газ баллондар күн сәулесінің түсуінен қорғаулы болу қажет; газ баллонмен бірге бөлмеде басқа заттармен материалдарды сақтауға тиым салынады; бөлменің іші желдетіп отыру қажет.

Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану бұл-өрттің тұрмысымызда аз болуына кепілдік.

Санат Мукашев
азаматтық қорғаныс майоры

Кез келген өрт-қасірат, бірақ ең жаманы, өрттің кесірінен адамдардың қаза болуы

Өткен жылы өрттің кесірінен бір адам қаза тапты (алдыңғы жылыда осынша адам), экспертиза сынақтары бойынша, қайтыс болған адамның бойынан алкоголь тапқан. Және бұл анық жайт. Өрт кезінде сау адамның өзі сасқалақтап не степ жатқанын білмейді. Мас адамдар жайлы не айтуға болады?

— Көп жағдайда, — адамдар отқа күйіп емес, оттың әсерінен швққан таксинді заттарға уланып, көз жұмады. Көбі түсінбейді; неге адамдар от ыстығын сезгеннен кейін, үйден немесе пәтерден шықпайды деп (Статистика бойынша, адмдардың қаза табуы тұрғын сеторларларында болады-пәтерлерде, тұрғын үйлерде, мойшаларда және т.б.)?  Неге олар ол жерде қаза табуға қалады? Бұған жауап, таксинды түтінмен азғандай уақыт демалған адам тез арада уланады. Көптеген синтетикалық материалдар, пәтерлерді жөндеген кезде қолданылған материалдар ауаға улы заттар бөледі. Осының әсерінен уланған адам шығудың орнына керісінше от жанып жатқан жаққа қарай барады. Бұл уақытта адамның өмірі минуттармен емес секунттармен есептеледі. Мас күйде болған адамдарың (ауыртпалық күйі жойылып организімі толығымен уланған күйде болады) сыртқа шығуға деген мүмкіндігі азайады. Осының әсерінен Есіл ауданының ТЖ бөлімі өртке қарсы шараларына ерекше көңіл бөлді. Өртке қарсы нұсқамаларын 8082 адамға берілді, 18 жиналыс өткізілді 1084 адам қатысты. Поицияжұмысшыларымен бірге тұпғын үйлердің ішіндегі заттарымен үйлердің өртке қауіпсіздігіне 5 тексеріс өткізілді. Жалғыз тұратын қарттар, көп балалы отбасы және тұрмысы қолайсыз отбасыларына көп көңіл бөлінді. Кез келген затқа ақша жұмсамауға болады, бірақ өртке қарсы заттарына емес.

Санат Мукашев
азаматтық қорғаныс майоры

Су тасқыны

Тасқын су — көктемде қар еруінен су деңгейінің көтерілуі (су ұзақ уақыт бойы көтеріледі). Жыл сайын өзендерде өзен салалаларын мұз басуы салдарынан су басу жүреді.

Сел, тасқын — қысқы жылымық немесе нөсер салдарынан су шамалы көтеріледі. Өзендерде су қоймасынан немесе теңізден су айдау себебінен су деңгейінің көтерілуі күрделірек. Одан да күрделісі бөгендердің қирауынан немесе құлауы салдарынан тасқын жүруі болып табылады.

Көпшілік тасқындар алдын ала болжалып шығын көлемі азайтылып жатады. Бөгеттер мен тоспалардың, түрлі арнайы құралдардың жағдайын тексеретін тасқынға қарсы комиссия құрылады, халықты қулақдар етіп қажет болған жағдайда инженерлік жұмыстарды бастайды.

Тасқын болжанған жағдайда не істеу керек?

Әдетте ол су басу аймағы мен болжамды уақыттан, сонымен қатар, халыққа арналған нұсқаулық немесе эвакуация тәртібінен тұрады.

Егер сіздің үйіңіз хабарланған су басу аймағында болса:

  • газ, су және электр желісін сөндіру;
  • пештегі отты сөндіру;
  • бағалы заттарды жоғарғы қабаттарға және шатырға шығару;
  • терезелер мен есіктерді жабу, қажет болған жағдайда, бірінші қабат терезелері мен есіктерін тақтайшалармен немесе фанерлермен бекіту керек.

Егер эвакуация туралы ескерту алынса:

  • жылы ынғайлы киім, етік, көрпе ақша және құнды заттарды дайындау;
  • үүүш күндік тамақ қорын жинау;
  • алғашқы көмек дәрі қабдашасы және әдетте пайдаланатын дәрі дәрмектерді дайындау;
  • паспорт пен өзге құжаттарды су өткізбейтін пакетке орау;
  • дәреттік керек-жарақтар және көрпе-жастық алу керек.

Егер кенеттен су деңгеиі көтерілсе:

  • қаіпсіз биік жер табу;
  • өзендік эвакуация жағдайында өзін-өзі құтқару жағдайында қажет болатын заттарды дайындау;
  • көмек келгенше немесе су қайтқанға дейін жоғарғы қабаттарда және шатырда, ағашта немесе басқадай биік жерде қалу керек.

Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі — тел: 2-20-46, 112.

Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Есіл ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы

Есіл ауданының ТЖб  жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында СҚО ТЖ департаментінде әзірленген салалық бағдарлама мен жоспарды пайдаланады.

Осыған байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізеді. Мысалы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына және өзге де мемлекеттік қызмет мүдделері мен мемлекеттік басқаруға қарсы қылмыстарға қатысты сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының, қылмыстық кодекс, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексі баптары зерделенеді.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жағдай жасауға тыйым салу бойынша Есіл ауданның ТЖБ бастығы жеке құраммен жеке-жеке әңгімелесу өткізеді. Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК бөлімшелерінде жол берілген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары оқиғалары қарастырылатын ТЖБ жеке құрамымен кенестер өткізіледі. Сонымен бірге ҚР ТЖ Комитеті өрт қауіпсіздігі және ТЖ алдын алу саласында уәкілетті органдардың тексеріс өткізгенде шағын және орта кәсіпкерліктердің құқықтарын түсіндіру жаднамалары таратылады.

2017 жылдың басынан бері бөлімнің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және қылмыстарына жол берген жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды түсіндіру бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде, қызметкерлердің заңсыз әрекеттері кезінде жүгіну үшін сенім телефоны жұмыс істейді (СҚО ТЖД «Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ бастығы: 2-20-49; СҚО ТЖД: 8 (7152) 52-21-72.

СҚО ТЖД Есіл ауданының ТЖ бөлімі

Егер орманда өрт болса

Жыл басынан облысымызда 15-орман өрті болды, аумағы 8 га, шығыны 975 мың тенге (2016 жылы, ұқсас жыл мезгілінде өрттер болмады), 23 құрғақ шөптің жануы, 2016 жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғында олардың саны 21%-ға жоғарылады (2016 жылы 19-өрт).

Орман өрттінің бірнеше түрі болады:астыңғы, үстіңгі, торфяной.

Астыңғы өрт көп жағдайда жапырақты ормандарда болады, соның өзінде өттің биіктігі 2 м жетеді, өрттің жайылу жылдамдығы 1,5 км/сағаттан аспайды. Үстіңгі орман өрті тікенекті, жапырақсыз ормандарда болады, желсіз тымық күнде өрттің жайылу жылдамдығы 3-4км/сағ жетеді, желді күні 25-30 км/сағат немесе оданда көп.

Егер сіз орман өртінің ортасында қалсаңыз және оны тоқтатуға шамаңыз келмесе онда сізге тез арада өртке перпендикуляр бағытта қозғалу керек. Егер сізге өрттен шығу қиын болған жағдайда сізге көлге кіру керек немесе дымқыл киіммен жерге жату керек. Қатты түтін болған жағдайда жерге жақын жерде демалу оңай болады, осы жағдайда сізге ауызыңызбен мұрныңызды бірнеше рет бүктелген кез келген матамен жабу керек.

Қазіргі уақытта көптеген адамдар табиғатта демалуға шығады. Өрттің алдын алу . шін және оны болдырмау үшін келесі қағидаларды ұстанған жөн: екті жас ағаштардың манайында от жақпау керек, қу шөп көп жатқан жерде, орман манайында, отын шабатын және қалдықтары жиналмай қалған маңайда. Отты ашық және арнайы жасалынған жерде жане оны маңайы тазаланған 0,5м-ден кем жерде жағу керек. зардаптарды болдырмау үшін отты топырақпен жауып немесе сумен сөндіріп кету қажет. Сөнбеген сереңке немесе шылым қалдығын лақтырмаңыз және ашық отты тез жанатын сұйықтықтармен материалдардың манайында қолданбаңыз. Орман өртінің басталып жатқанын байқап қалған жағдайда, ауыл әкімшілігіне, өрт сөндіру бекетіне «101» телефон номеріне хабарласыңыз. Есте сақтаңыз, өрттің алдын алу тек қана табиғатпен жануарларың емес, адмдардың қауіпсіздігі және олардың денсаулығымен өмірі.

Санат Мукашев
азаматтық қорғаныс майоры

Жеке қабылдау кестесі жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін бастығы және мамандары Есіл ауданының ТЖ бөлімі екінші-тоқсан 2017 жыл

Лауазымдыадамның қабыдау кестесі Азаматтарды қабылдаушының аты-жөні Азаматтарды Қабылдау күнімен уақыты Мемлекеттік нысананың мекен жайы жұмыс телефон номері
Есід аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Токужин Талғат Кенжеғалиевич Дүйсенбі, 15 ч.00 мин.-18 ч.00 мин. Сәрсенбі, 15 ч.00 мин.-17 ч.00 мин Явленка а., Шокаева к. 30, тел.: 2-20-49 ТЖБ 52-24-54 (ТЖМ)
Есіл аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы Мукашев Санат Ертаргинович. Сейсенбі, 11 ч.00 мин.-13 ч.00 мин. Жұма, 15 ч.00 мин.-17 ч.00 мин. Явленка а., Шокаева к. 30, тел.: 2-20-49 ТЖБ 52-24-54 (ТЖМ)
Есіл аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері Смагулов Нурбек Омирович Бейсенбі, 15 ч.00 мин.-18 ч.00 мин. Явленка а., Шокаева к. 30, тел.: 2-20-49 ТЖБ 52-24-54 (ТЖМ)

Назар аударыңыз: терроризм болуы мүмкін!

Өкінішке орай, терроризм актілері сәл ма емес, қалыпты жағдай. Егер 10-ші-80-ші жылдары терроризм фактілері бірен саран болатын болса, кепілге алу сенсациялық жағдай болатын болса, 90-шы жылдардан терроризм толқыны әлемнің барлық жаңа аймақтарын жаулап алды.

Бүгінгі нақтылық мынадай, терроризм халықаралық қатерлер жүйесіндегі ең қауіпті қауіпсіздік, оның ауқымы өнімдірек барлық болжамдар.

Қазақстан қазірдің өзінде осы қауіп-қатер фактілері әсерін сезінді, республика ішінде шетлдік террорист мүшелерін ұстау, олардың құрылымдық буындарын жою, дәлел, оның ішінд белгілі болған «Әл-Каида». Осылайша, ҰҚК мен Бас прокуратура негізінде ұсынылған материалдарды сот шешімімен Астана қаласы 5 наурыздағы 2008 жылғы халықаралық «Түркістан Ислам партиясы» террористік деп танылды, оның қызметіне қазақстан аумағында тыйым салынды. Сондай-ақ, біздің Алаңдаушылық жағдайға көрініс тапқан ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында, тікелей атап өтілді «үстемелеуге терроризмді біз баруға дайын сапалы жаңа деңгейі іс-әрекеттерді үйлестіру және белсенділігін өңірдегі барлық мемлекеттер мен мүдделі елдердің».

Соңғы жылдары республикада бірыңғай жалпы мемлекеттік жүйесін терроризмге қарсы іс-қимыл, оның шеңберінде ҰҚК Терроризмге қарсы орталығына күшейтілген назар қалыптастыру мәселелері көп көңіл бөлінеді . Біздің облыста АТЦ Департаменті ҚР ҰҚК СҚО бойынша жедел штаб орындау үшін нақты практикалық іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ оқу-жаттығулар, жаттығулар. Бірақ қоғамның көменгінсіз 100 пайыздық террористік актілерді болдырмау ешкімге мүмкін емес. Тек келісілген бірлескен іс-қимылдары мықты.

Соңғы уақытта жарылғыш құрылғылар қойылғаны жайлы жалған ақпараттар беру кең тарады ол «телефон» лаңкестігі — деп аталады, мұның өзі аймаққа тұрақсыздықпен ашуланшақтық енгізеді.

Бұндай «тосын сыйлардың» басым көпшілігі оқушылар, яғни қазіргі көзқарасы және психикасы бұзылған азматтар, төмен деңгейде тәрбие көргендер. Қаскүнемдердің жасы шасы шамамен 10 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта, ал теріс қыдықтарының себептері-оқығысы келмегендіктен, бақылау жұмысына немесе емтиханға дайндығының жоқтығынан, жаман іс-әрекеттерге қызығушылығынан туындайды.

Сау емес күйдегі немесе психикасы нашар азаматтар жарылғыш заттың көрші тұрғын үйде, кафеде, базарда тіпті авиомобильде жасырылу екендігі жайлы қоңырау шалады. Барлық жағдайда, жалған қоңырау щалған кезде мемлекетке мтериалдық шығынды (бала, ата-аналарға) тікелей ол өтейді, өйткені оқиға орнына тез арада , жедел топтарды қамтитын мамандарды ішкі істер Департаменттерінің, ТӨТЕНШЕ жағдайлар, ҰҚК-нің, жол полициясы басқармасының, өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері, жедел медициналық көмек бригадасы шығады.

Есептеу кезінде шығындарды өтеу сомасы шамамен 150 мың теңге. Өкінішке орай, ҚР Қылмыстық Кодексінде 273-бап бар: ол «жалған терроризм актісі», ол юылай дейді: «Терроризм актісіне дайындалып жатқаны жайлы жалған ақпарат бергені үшін- алты жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айрады» бірақ ол жайлы аз біледі.

Алайда, әрбір осындай қоңырау нақты қауіпі бар және осыдан туындайтын салдары бар қоңырау ретінде қарастырылуы керек. Сондықтан әрбір адамға қажет іс-әрекет алгоритмі кез келген анонимді лаңкестік іс әзірленіп жатқаны (жарылғыш зат қойылғаны) туралы хабардың маңызды екенін білу қажет.

  • барынша тыныш көп мәліметтер (кім, қайдан, қандай мақсатпен, жарылғыш зат қандай және қайда қоятынын, абоненттің не қалайтынын және т.б., яғни әңгімені барынша ұзартыңыз) алуға тырысыңыз.
  • бір мезгілде өз әріптесіңізге қауіп туралы айтыңыз, ол басқа телефон аппаратымен немесе ұялы телфон арқылы полиция бөлімшесіне 102 номері бойынша (мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, сөйлесудің соңында телефоныңызды сөндірмей, жанындағы басқа телефон аппаратымен немесе ұялы телефонмен (мүмкіндігінше) 102 номері бойынша хабарласыңыз.
  • сөйлесу кезінде оны барынша күтіп-ұстауды, сондай-ақ сөйлесу ерекшеліктеріне (назарын, қайталанатын сөздерін, тұтығуын және т.б.) жазып көріңіз.

Жарылыс қауіпі туралы хабарлама алған кезде басты міндет ғимараттың (үй-жайдың, аумақтың) ішіндегі барлыық адамдарды эвакуациялау керек және арнайы қыхмеи өкілдері келгенге дейін ешқандай дербес іс-әрекеттер жасамау керек.

Санат Мукашев
азаматтық қорғаныс майоры

Қасірет болмас үшін

Көктем-жаз мезгілі келуімен өрттердің болу мүмкіндігі көбейеді. Содықтан «Өртке қарсы қағидаларын» тағыда айта кетпеске болмайды. Қар ерігеннен кейін үйжің манайында;қоқыс, қож және т.б. қалады, оларды төкпеудің, жинамаудың кесірі өртке әкеп соғуы мүмкін. Бұл жайды бала кезімізден білеміз. Өкінішке орай, осы жағдайды біле тұра біз өрт қауіпсіздігін ұстанбаймыз.

Қоқыстарды, жапырықтарды, қиларды, былтырғы қалған шөпті жағудың кесірінен өрт қауіпсіздік шараларын ұстанбаймыз, осының әсері өрттің шығуына әкеп соғады, ол дегеніміз материалдық шығынға әкеп соғуы мүмкін. Өкінішке орай, қатты жанған оттың кесірінен салынған үйлер, заттар және де адам өліміне және қорғансыз, әлсіз баллардың қаза табуына әкеп соғады. Немқұрйлықпен қарған ата-аналар және іс-шараларды жүргізгендер кінәлі болады. Бйбірақат жанып жатқан оттың кесірінен өрт шығатындығы туралы көбі ойланбайды. Көкьем-жаз мезгілінде болатын өрттің ең қорқыныштысы желдің әсерінен шоқтардың бірнеше метр жерге ұшып барып үйледің немесе қоралардың жануына әкеп соғуы.

Осындай қасіреттердің алдын алу үшін азаматтармен, ұйымдардың өрт қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн, қоқыстардыы, қиларды, ескі шөптерді және т.б. жанатын материалдврдв тұрғын жерден алысқа апарып жаққан дұрыс болады. Өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтар және осындай жағдайларға қатысы бар адамдарды администравтивті түрде жаза қолданылады және айыппұл төлетеді.

Есіл ауданының ТЖ бөлімі

Орманды сақтаңыз

Көптеген жағдайда орман өртінің шығуы адамдардың отпен дұрыс бақыламауынан немесе жұмыс істегнде немесе демалуға келгенде қойылған бұзуынан болады. Статистика бойынша 10 жағдайдың 9-ы ОРМАН ӨРТІНЕ КІНӘЛІ БОЛАТЫН ОЛ — АДАМ!

Өрт қауіпі бар мезгілдің басынан ауданда 2 орман өрті тіркелді ауданы 5 га жер. Өзімізге бедгілі көп жағдайда орман өртінің шығуына от жағу болып келеді отты жылыну үшін, тамақ даярлау үшін немесе жайдан-жай жағудан болады, көбінесе орман өртіне кінәлі болып темекі шегетін адам болады, орман ішінде сөндірілмеген сереңке немесе темекі қалдығын лақтырудан болады. Орман ішінде болған жағдайда орман өртінің болуы жайлы білген жөн, орманның өртенуі азғантай оттың кесірінен болады, әсіресе құрғақ және желді мезгілде. Орманға келген жағдайда темекіден бас тартқан жөн. Егер тарқан жағдайда оның қауіпті екенін білген жөн, әсіресе тікенекті, қураған шөп көп жерлерде, жасыл шөп аз өскен жерлерде, кішкентай ьұтақты жерлерде және т.б. Сондықтан арнайы темекі шегетін жерлерде немесе от жағуға ыңғайларды шеккен дұрыс. Орман ішінде темекі жүріп келе жатып темекі шегуге болмайды, үйткені адам өзі байқамай сөнбеген сереңкесін немесе темекі шоғын лақтыру өрттің пайда болуына әкеп соғады, ол жйлы кінәлі адам сезіктенбеуі де мүмкін. Ормандағы қатаң тәртіп, өрт қауіпсіздігін ұстану ормандардың өрттенуіне және өрттен қорғануына кепілділік береді. Бұл әрбіреуімізге де қатысты. Көбінесе орман өртінің пайда болуы сөнбеген от және желді немесе құрғақ күні жағылған оттың кесірінен болады. Егерде от жағу керек болса, кейбір ережелерді ұстанған жөн. Отты аранайы алыс жерлерде жағу керек. Егер ондай жерлер болмаса онда отты жолдарда, құмды жерлерде, көлдермен өзендердің манайында, ескі от жаққан жерлерде, жасыл шөпті жерлерде немесе т.б. жерлерде жағуға болады. Отты жағар алдында 0,5 м жерде тазалаған жөн, қу бұтақтар немесе оттың жайылуна әкеп соғатын заттарды алып тастаған жөн. От жаққан жерге жақын маңаәда су немесе жапырақты бұтақтардың болуы керек, от жайылған кезде тез арада сөндіру үшін.

ІСТЕУГЕ ТЙЫМ САЛЫНАДЫ: отты ағаштың маңайында жағуға болмайды, үткені ыстық температураның әсерінен ағаш әлсіреп бойындағы құнарлығы жойылады және құрь құмырсқамен толады.

Көп мөлшерде қу және жанатын материалдардңың жанында от жағуға БОЛМАЙДЫ. Желді күні жанатын заттар, жапырықтардың әсерінен оттың жайылуы бірнеше метрге жетеді.

Санат Мукашев
азаматтық қорғаныс майоры

Наурыз Мейрамы мерекесiн өткiзу кезiндегi өрт қауiпсiздiк шаралары

Наурыз — көктемгi жаңарудың мерекесi, өмiр мерекесi. Бұл күнi адамдар мерекенi қауiпсiздiкте қарсы алғанын, мейрамды күннiң күңгiрпеуiн қалаймыз. «Наурыз Мейрамын» дайындау және өткiзу кезеңiнде отбасылық амандықтың белгiсi болып табылатын шаңрақтың үстiнен от жалынының шықпауы, ал қазақтардың ежелгi тұрғын үйлерi күлге айналмас үшiн, киiз үйлерде өрт қауiпсiздiк талаптарды мiндеттi түрде сақтау қажет.

Сондықтан киiз үйде қатаң өртке қарсы режимiн (электржылытқыш және газды құралдарды пайдаланудың тәртiбiн анықтау, өрт қауiпсiздiгiне жауапты тұлғаларды тағайындау) орнату қажет.

Киiз үйде жарықтандыру мен жылыту үшiн көбiнесе электр қолданылатындықтан, электржелiсi мен электрорнатуларын қауiпсiз пайдалануын қамтамасыз ету, ақаулықтарды жоюға шараларды уақытылы қабылдау қажет.

Температураны қолды және автоматты реттеумен жабық жылыту элементтерi бар зауытта шығарылған электржылытқыш құрылғыларды пайдалануға жол берiледi. Берiлген құрылғы жанғыш материалдардан 0,5 метрден кем емес жерде орнатылуы қажет. Оны қараусыз электр жүйесiне қосулы күйiнде қалтыруға тыйым салынады.

Қысқа тұйықталудан және басқа да қалыпсыз жұмыс режимiндерден қорғау үшiн электрқабылдағыштардың кесiмдi тоғына есептелген сақтандырғыштарды (автоматты сөндiргiштер) қолдану керек. Есте сақтаңыз, тасталған темекi тұқылы мен сөнбеген сiреңкеден бiр емес, бiрнеше тұрғын-үй өрттенген болатын, ал киiз бұл тұрғыда да осал болады!

Киiз үйлерде және оларға жақын жерде ашық отты пайдаланбаңыз. Көбiнесе киiз үйде асты пiсiру немесе оны жылыту үшiн газды құрылғы пайдаланады. Ал бұл — қауiптiң ықтимал қайнар көзi болып табылады, сондықтан оны қолдануда қауiпсiздiк шараларын сақтаған жөн.

Газды баллонды жылыту құралғылардың қызатын беттен 1 метрден аз емес қашықтықта, ал газды плиталарды — жанғыш құрылыстардан 30 см аз емес қашықтығында орналастыру қажет. Газды баллонның бұзылған формасы, терең сызаттар, жарықтар, коррозийлер болмауы керек, ал оның мiндеттi элементтерi: жабыншақ, тоспа және бос және толған баллонның салмағы, газдың салмағы, жұмыс iстеу қысымы мен техникалық куәландыру мерзiмi (бес жылда 1 рет) жазылған төлқұжаты болып табылады. Сыйымдыллықтың тетiгiндегi резенкелi нығыздағы сақина иiлiмдi, бұзушылықтарсыз болуы керек.

Әрине, газда тамақты қалтыруға болмайтыны белгiлi. Егер де баллон «уландыра» бастаса, (ол дегенiмiз газдың кемуiнiң байқалуы), қауiпсiз қашықтықта оны абайлап шығарып, 104 телефон номерi арқылы авариялық газды қызметтерiнiң мамандарын шақыру қажет.

Осы ережелердiң бәрi қолданыста қарапайым және үлкен шығындарды талап етпейдi. Есесiне оларды сақтау кезiнде Сiз табиғаттың жаңдану мерекесi қайғыға орайлайтынына, ал көктемгi көгiлдiр аспан өрттердiң түтiнiмен жабылмайтытына сенiмдi бола аласыз.

СҚО ТЖ департаментi бастығының орынбасары
азаматтық қорғау полковнигi Н. Атығаев

Аудан тұрғындарына арналған су тасқыннан сақтану жаднама

Қардан және мұздан тазарту бойынша алдын ала жүргiзiлген iс-шаралар көктемгi су тасқының зардаптарын болдырмауына немесе маңызды азайтуына мүмкiндiк бередi.

Қауiп қатерлi кезеңде жiберiлетiн гидрометео қызметiнiң хабарларын және ТЖ тиiстi органдарының ақпараттарын мұқият тыңдау қажет.

Егер сiздiң тұрған үйiңiздiң су басатын жер шекараларын күру мүмкiндiгi болса, сiзге келесi ережелерiң iстеу қажет:

  • көшелердi, аулаларды, ғимараттардың төбелерiн, өтулердi, кiру және шығу жерлерiн, су құбырларын, су жүретiн жерлердi қардан алдын ала тазарту;
  • шұғыл көшетiн болған жағдайға, үш тәулiкке жететiн тамақ және су қорын, тиiстi құнды заттарды, жылы киiм, дәрi-дәрмектердi дайындап қойыңыз;
  • ұдайы дайындықта ақша, құжат, құнды қағаздарды ұстаңыз;
  • үйлерiңiздi, пәтерлерiңiздi қорғау үшiн қажеттi жұмыстар жүргiзу: есiктер мен әйнектердi бекiту, жоғары қабаттарға (шатыр, төбе) үй нәрселерiн және бағалы заттарды апарып қою, ауладан шаруашылық құралдарды жинау, мал азығын қауiпсiз орынға жеткiзу;
  • Көшу жерiңiздi және қауiпсiз орын алдын ала анықтап алыңыз, жай ғана жүзу құралдарын дайындаңыз;
  • үй жануарларын, мүлкiңiздi төменде аталған пунктiне алдын ала көшiрiнiз.

Судың аяқ астынан дүркiн ағуы болған жағдайда және су деңгейi көтерiле бастаса:

  • үрейге берiлмеңiз, тез және нық әрекет жасаңыз;
  • сабыр сақтаныз,
  • есiктер мен әйнектердi жабыңыздар, электр, газды және пештегi отты сөндiрiп кетiңiз.
  • үй жануарларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етубойынша барлық шараларды қабылдаңыз, қора есiктерiн, қақпаларды ашып, малды бос жiберiңiз;
  • су өткiзбейтiн киiм киiңiз, өзiңiзбен құжаттарыңызды, ақша, бағалы қағаздарды, iшетiн су қорын, тамақ, дәрiгерлiк қобдишасын, ең қажеттi заттарыңызды алыңыз да ғимаратты босатыңыз;
  • су басқан аймақтан жылдам шығуға тырысыныз, егер шыға алмасаңыз, қайық және басқа да жүзiп шығуға болатын нәрсемен кауiпсiз жерге жетiңiз, немесе төбеге, шатырға шығыныз;
  • суға батқан азық-түлiктердi жемеңiз, қайнатылған су ғана iшiңiз.

Ата-аналар және оқытушылар!

Балаларды суаттарға жiбермеңiз, әсiресе мұз жүру уақытында, оларға суаттарды ашу кезде мұзда болуы, жарда және шайылған жағалаудаболуы қауiптi екенiн алдын ала ескертiңiз.

Тұрып жатқан үйiңiзге судың келгенi туралы дерегiн, Есiл ауданының ТЖБ және Есiл аудандық су тасқынға қарсы штабқа хабарлаңыз тел: 2-20-49, 2-19-31.

Әр жағдайда өзiңдi сенiмдi ұстап, үрейге берiлмеңiз, тез және нық әрекет жасап, бiрiншi кезекте балалар мен қарттарға көмек көрсете бiлiңiз!

Өндіру бекеті ашылды

Үстiмiздегi жылғы 22 желтоқсанда Есiл ауданы үшiн маңызды оқиға — «Ильинское» ЖШС-да өрт сөндiру бекетi ашылды.

Аталмыш шараның ашылу салтанатына «Ильинское» ЖШС-нiң автобаза меңгерушiсi — өрт сөндiру бекетiнiң жетекшiсi Алексей Пономарев, Ильинка ауылдық округiнiң әкiмi Наталья Кудряшова, төтенше жағдайлар бөлiмiнiң бас маманы Динара Ғаббасова, Есiл ауданы әкiмi аппаратының ТЖ және АҚ жөнiндегi бас инспекторы Мiнайдар Тiлеукин, №10 өрт сөндiру бөлiмi бастығының орынбасары Ринат Қанғожинов қатысты.

Салтанатты шара кезiнде ауылдық округ аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге сүбелi үлес қосып отырған «Ильинское» ЖШС директоры Александр Бурлевтiң атына жылы сөздер айтылды. Аталмыш серiктестiктiң базасында ұзақ жылдар бойы ерiктi өрт сөндiру құрылымы жұмыс iстеп келдi. Олар өрт болақалған жағдайда көмекке келiп, материалдық құндылықтарды ғкана емес, адам өмiрiн сақтап қалуға да өз үлестерiн қосты.

Өрт сөндiру бекетi арнайы «ГАЗ-53 АЦ (2,2)» өрт сөндiру автомобилiмен, су таратқыш қондырғы орнатылған «МТЗ-82» тракторымен,телефон байланысымен жабдықталған. Жаңа құрылым үшiн жылы бокс бөлiнген. Онда кезекшiлiк атқаратын, тынығатын, ас iшетiн бөлмелер бар.

Айшықты, әдемi және қауiпсiз

Жаңа жыл — ең әдемi, көңiлдi және айшықты мереке. Сондықтан бiз пиротехникалық бұйымдарды қолдану арқылы оған ерекше әр бере түскiмiз келедi, бiрақ осы жағдайда қауiпсiздiк ережесiн сақтамау қайғыға душар ететiндiгiн ескере бермеймiз. Барлық пиротехникалық бұйымдар сертификатталуға жататындығын еске сақтағанымыз жөн. Пиротехникалық бұйымның орамасында пайдалану жөнiнде нұсқаулық болуға тиiс, онда пайдалану және қолдану жағдайы, қауiпсiз дайындау, ұшыру және өтелдеу жағдайлары жөнiнде шектеу, жанудың және одан өрт шығудың алдын алу жөнiнде шаралар, пайдалану мерзiмi немесе кепiлдiк мерзiмi және әзiрленген уақыты , сертификаттау туралы ақпарат мазмұндалады. 

Өрттен сақтану үшiн пиротехниканы бәрiнен бұрын ағаштары, шамдары және электр желiлерi жоқ ашық кеңiстiкте пайдалану қажет. Пиротехниканы қатты желде, құрылыстар мен адамдарға бағыттап ұшыруға, қолда пайдалануға болмайды. Отшашуларға еңкейiп қарауға қатаң тыйым салынады, сондықтан барлық қимылды созылған қолмен жасап, отшашуларды басқа жаққа, көрермендерге қарсы жаққа бағыттау керек.

Бенгаль оттары қаншалықты қауiптi? Олар өртке себеп бола ма? Бенгаль оттары шағын ғана тұтану мүмкiндiгiн иеленгенiмен, өрттiң шығуына негiз бола алады. Бенгаль оттарын тез тұтанатын материалдардың (шыршаның, мишураның, мақтаның) жанында пайдалануға болмайды, мерзiмi өтiп кеткен бенгаль оттарын емес, тек сапалысын ғана пайдалану керек.

Ересек адамдар, балалардың қолындағы кез келген пиротехникалық бұйымдар, бенгаль оттары өртке ғана емес, сонымен бiрге жарақат алуға да себеп болуы мүмкiн екендiгiн есте сақтаңыздар.

Қарапайым ереженi сақтау — қауiпсiздiк пен мереке күндерi жақсы уақыт өткiзудiң кепiлi.

«Жан» шырша

Жаңа жылдық мерекенi әсем шыршасыз көзге елестету мүмкiн емес. Алайда қандай шырша таңдау керек: табиғи ма әлде жасанды ма? Қандай шырша қауiпсiз?

Оған бiрыңғай жауап беру мүмкiн емес. Жылы үйде әбден кепкен ағаш пен қылқан жапырақты ағаш азғантай ұшқыннан-ақ от алуы мүмкiн. Заманауи жасанды шыршаларды да жанғыш полимер материалдардан жасайды, олар жанған кезде қауiптi улы зат бөлiп шығарады. Сондықтан өрт қауiпсiздiгiн сақтау үшiн, оларды электрмен қыздырылатын аспаптардан алыс жерге орнатыңыз, шырша жанында ашық от пайдаланбаңыз, қолдан жасалған немесе жарамсыз электр безендiргiштердi қолданбаңыз. Электр безендiргiштердi жалғаулы күйде қараусыз қалдырмаңыз.

Жаңа жылдық мерекелердi мұңлы етпес үшiн, өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтаңыз. Өз қауiпсiздiгiңiз өз қолыңызда екендiгiн естен шығармаңыз.

Орман өрттерiнiң науқаны

Бiздiң мектеп қабырғасынан берi бiлетiнiмiз, орман экономикалық және экологиялық, әлеуметтiк маңызы бар биосферадағы ең маңызды компонеттердың бiрi болып табылады.

Орманның адам өмiрiндегi маңызын бағалау өте қиын, себебi ол жер бетi қабатының өсiмдiк типтi жабындысы, жемiс — жидек, саңырауқұлақтар мен отын өнiмiн алатын, пайдалы өсiмдiк шөптердi алатын қайнар көз болып табылады.

Көп адамдар осының қадiрiн бiле бермейдi: шөптер мен мал жайылымының жерлерiн, ауыл шаруашылығына маңызды жерлердi жағып жатады, ең бастысы осы әрекеттер орман өрттерiне әкеп соғады.

Орман өрттерiнiң көбi ауыл шаруашылығын өндiрушiлердiң тарабынан болып жатады. Олар сабандар мен қалдық шөптердi өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн сақтамастан жасап, соңынан от орман массивтерына жайылады.

Сонымен, 2010 жылы орман шаруашылығының аумағында 2,9 га аумағында 4 орман өртi болып, 244 мың теңгеден астам материалдық зардап шегiлдi. Ал 2014 жылы 1 орман өртi Волошинка селолық округiнiң аумағында орын алды.

Астық жинау кампанияларының кезеңiнде Есiл ауданының ТЖ бойынша бөлiмiмен ауыл шаруашылығы егiстiктерiнде өрттердi алдын — алу бойынша және астық жинау кезеңiнде өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерi туралы ескерту жұмыстары жүргiзiлуде:

  • егiстi жинау астық масссивтерiнен 50 га астам аумағы бар участiктен басталуы тиiс. Участiктер аралығынде енi 8 м кем емес жер жыртылуы тиiс. Шабылған егiс жедел жиналады. Жыртылған жердiң ортасында енi 4 м кем емес жыр жыртылады;
  • жиналып жатқан астық массивтерiне тiкелей жақын жерде 25 га астам жерде дайын трактор мен өрт болған жағдайда қолданылатын құралдар болуы тиiс;
  • алқаптарда сабан қалдықтары мен бурьяндарды жағу кезiнде, аумақты енi 4 м аспайтындай етiп, қоршау қажет, бақылау жүргiзiп, от улкен аумаққа жайылған жағдай болса сөндiру үшiн, арнайы техниканы дайындықта ұстап, өрт сөндiру бөлiмi мен аумақтық әкiмдiктi хабардар ету қажет. Өрт қауiптi кезеңде қалдықтарды жағу мен алқаптарда от жағуға тиым салу керек;
  • шөп өсiмдiктерiн жағуды тек өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi бақылау органдарының келiсiмiмен жүргiзген дұрыс;
  • егiс алқаптарының жерлерi омандарға, автомобиль және темiр жолдарға жақын жерде орналасқан болса, енi 4 м кем емес жер жыртылып қоршау жүргiзiлуi тиiс.

Орманды өрттерден сақтау — орманның толық жоғалып кетуiнен қорғайтын және қорғау шараларына қызмет ететiн әрбiр адамның басты тапсырмасы.

Есiл ауданы
ТЖБ бастығы
Азаматтық қоргау подполковнигi
Ж. Есенғазин

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмi хабарлайды
Өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды

Өрт өсiмiн және оларда адамдардың өлiмiн азайту мақсатында, сонымен қатар СҚО ТЖ жөнiндегi Департаментi бастығының 2016 жылғы 17 тамыздың № 143 бұйрығын iске асыруға науқан кезеңiнде өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды.

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiм қызметкерлерi, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу бойынша iс-шараларды iске асыру шеңберiнде, өрт қауiпсiздiгi бойынша айлықты өткiзу жоспары құрылды.

Өрт қауiпсiздiгi айлығын өткiзуге байланысты ауданның ТЖ жөнiндегi бөлiмi науқан кезеңiнде өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтауды сұрайды.

Отпен абай болыңыздар, ол қателiктi кешiрмейдi.

Есiл ауданы ТЖБ бастығы азаматтық
қорғаныс подполковнигi
Ж. Есенғазин

Шөп шабуға пайданылатын жерлер бойынша рейд

Есiл ауданында ТЖ жөнiндегi бөлiмнiң қызметкерлерi жеке шаруашылықтар арасында жем-азықтарды даярлау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргiздi.

Жем — азықтарды даярлау кезiнде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмнiң қызметкерлерi Николаевка орман қызметкерлерiмен бiрлесiп Николаевка селолық округiнiң орман қорымен шекаралас шөп шабуға пайданылатын жерлер бойынша рейд жүргiздi.

Рейдттiк iс-шараларды жүргiзу барысында жеке шаруашылық басшылары, жеке тракторлар иелерi жұмыс атқару орындарында өрт қауiпсiздiгiн сақтау, iске қосылған техникалардың мазмұны, өрт сөндiру құралдарымен оларды толымдау бойынша негiзгi талаптар туралы ақпараттандырылды.

Рейдттiк iс-шаралар шөп шабудың соңына дейiн үнемi жүргiзiлетiн болады.

ТЖ бойынша бөлiмi ескертедi!
Азықты өрттен қорғау

2016 жылдың өткен кезеңiнде Есiл ауданының аумағында 16 өрт орын алып, өрттен келген материалдық зардабы 235000 мың теңгенi құрады.

Шөп шабу науқаны кезiнде әрбiр ауылда көретiнiмiз, ауыл тұрғындарының жаз бойғы жинаған, үйiлiп тұрған астықты көремiз. Бiрақ та , әр адам осы үйiлiп тұрған шөптiң әр қайсысы қандай үлкен өрт тударатынын ескермейдi, себебi оларды қоралардың, гараждардың және басқа да ауладағы құрылыстардың жанына өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұза отырып өте жақын үйедi.

Қықы азықты үйю кезiндегi келесi талаптарды регламенттейтiн өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерi:

  • тұрғын үйлердiң участiктерiндегi сеновалдарды құру ғимарат пен ауладағы құрылыстардан 15 м кем емес ара қашықтықта орналастыру қажет.

Шөптi аталған ара қашықтықта үйю мүмкiн болмаса, қосымша 500 литрдан кем емес су құятын орын болған жағдайда үюге болады, ара — қашықтық 5 м-ге дейiн қысқарады.

Рұқсат етiлмейдi:

  1. шөптi қоралардың және басқа да құрылыстардың шытырының үстiне үю;
  2. электр желiлерiнiң маңайында;
  3. участiктiң iшкi қоршауынан 3 м кем емес аралықта;
  4. барлық азық түрлерiн участiктен тыс жерлерде;
  5. қатты азықтың үюiлу биiктiгi жер деңгейiнен 4 м биiктiктен аспайтын жерде.

Жергiлiктi атқарушы органдармен, аумақтың ауа райы жағдайына қарамастан, шөптi жеке участiктерге тасу кестесi әзiрленiп, оның орындалуы бақылауға алынады.

Осы кезеңде азықтың көп мөлшерi өрттiң арқасында түтiнге айналып қана қоймай, сонымен қатар ауданымыздың азаматтарына үлкен зардабын тигiздi.

Ең маңыздысы осындай жағдайлар жылдан жылға қайталанып келе жатыр, шөптер әлiде жануда.

Көбiнесе осындай жағдайлардың көбiне тұрғындардың өз кiналары, тек кейбiр өттер ғана отпен дұрыс қолданбауы себебiнен болып жатады.

Ең басты мәселе болып әлде кiмдердiң түн ортасында қасақана өрт қою болып табылады, бiр қарағанда тiптi бiреулер солай бұрынғы өкпе-ренiштерiн бiлдiретiндей. Қалай болғандада, өрттерге адамдардың тiкелей байланысы бар.

Есiл ауданының ТЖ бойынша бөлiмi барлық аудан тұрғындарына жеке аулаларыңызда шөптi үю кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн қатаң сақтауларыңызды және өз өмiрлерiңiзге қауiп төндiрмеулерiңiздi сұрайды.

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмi хабарлайды
Өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды

Өрт өсiмiн және оларда адамдардың өлiмiн азайту мақсатында, сонымен қатар СҚО ТЖ жөнiндегi Департаментi бастығының 2016 жылғы 25 сәуiрдегi № 61 бұйрығын iске асыруға тұрғын үй секторында өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды.

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiм қызметкерлерi, Iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, тұрғын үй секторында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу бойынша iс-шараларды iске асыру шеңберiнде, өрт қауiпсiздiгi бойынша айлықты өткiзу жоспары құрылды.

ТЖ жөнiндегi бөлiм қызметкерлерiмен алдын алу жұмысын өткiзу кезiнде әлеуметтiк қауiптi топ тұлғаларына (белгiлi жұмыс түрi жоқ тұлғаларға, нақты тұрғұлықты орны жоқ адамдарға), зейнеткерлерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көп көңiл бөлiнетiн болады.

Өрт қауiпсiздiгi айлығын өткiзуге байланысты ауданның ТЖ жөнiндегi бөлiмi тұрғын үй секторында өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтауды сұрайды.

Отпен абай болыңыздар, ол қателiктi кешiрмейдi.

Есiл ауданы ТЖБ бастығы
азаматтық қорғаныс подполковнигi
Ж. Есенғазин

СҚО Есiл ауданы: жолдар қарлы борандардан тазартылуда

Есiл ауданының елдi мекендерiнiң тұрғындарына бораннан және қардың қалың түсуiнен кiреберiс жолдардың жабылып қалуы қиындық тудырды. Бiрақ, олар бұл жағдайда жалғыз қалған жоқ. Жергiлiктi билiк органдары, жолдар қызметi, ТЖ жөнiндегi Департамент қызметкерлерi тұрғындардың өмiрiн жақсартуды қамтамасыз етуге барлық жағдайларды жасауда. Осы апта басында көптеген жергiлiктi белгiдегi «мәселелi» жолдарда, Горное-Корнеевка, Гурьяновка-Қарағаш, ауылдарына апаратын жолдарда «Ғайса» ЖШС, «Петропавл-Жолдары» ЖШС, «Промитей Агро» ЖШС, бiр-бiрiн ауыстыра отырып К-700 тракторлары жұмыс атқарды.

Бүгiнгi күнi Жарғайың-Мектеп, Бiрлiк-Петровка, Поляковка-Калиновка, Талапкер-Поляковка, Қарағаш-Гурьяновка, Алқа-Орталық автокөлiк жолдары учаскелерiнде жұмыс жүргiзiлуде. Ауданның алты ЖШС және ШҚ қуатты техникалары елдi мекендердiң жолдарындағы қалың қарларды «тесуде». Қазiргi басты тапсырма — тұрғындардың өмiрiн жақсартуды қамтамасыз ету, ауылдарда «автономизациясына» жол бермеу. Олар осы тапсырмалардың оң шешiмiн табуда!

Айдын қорытындысы!

Төтенше жағдайлар жөнiндегi Бөлiм жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру шеңберiнде аудан аумағында су тасқыны мезгiлiнде тұрғындардың оқыту саласында және даярлығы әркеттерiне ТЖ жөнiндегi Департамент бастығының бұйрығына сәйкес тұрғындарға су тасқыны мезгiлiнде ережелердi сақтауды және әрекеттердi жеткiзу бойынша айлық өткiзiлдi.

Яғни, айлық өткiзу мезгiлiнде аудандық елдi мекен 42 рейдтар өткiзiлдi, су тасқыны мезгiлiнде ережелердi сақтау және iс-әрекеттер бойынша 656 үйдi қамтумен 656 жаднамалар таратылды. Ауданның iшкi iстер органымен бiрлесiп үй-үйдi аралаумен селолық округтерде тұрғындармен жиындар өткiзiлдi. Жұмыс осы бағытта жалғасатын болады.

Қайғы бөгденiкi болмайды

Тұрғын секторында болатын өрттер, мүлiктi ғана жойып қоймай, материалды залал келтiредi, бiрақ, өкiнiшке орай, адамдардың өлiмiне алып келедi. Өрттердiң туындау себептерi әртүрлi болады, бiрақ көбiнесе кiнәлi бiз өзiмiз — үй иелерi. Бiз, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзушылықтарымен салынған пеш: бөлiнбеген (бөлу енi бiр жарым кiрпiштен кем болмауы керек), жарықтарымен пештер және мүржелер (пештер және мүржелер мерзiмдi сылақтанып және ағартылып тұруы керек), пеш алдындағы листтарынсыз (пеш алдындағы метал листтарының өлшемi 50х70 см), күйеден тазаланбаған мүржелер барлық қыс кезеңiнде жануы мүмкiн деп сенемiз. Өрттiң бiзге тимейтiндiгiне сенiмдiлiк болады, бiрақ шын мәнiсiнде, жоғарыда көрсетiлген бұзушылықтардың бiреуi болса, өрт ықтималдығы үлкен. Электр торабын және электр құралдарын пайдаланудағы бұзушылықтар үшiн өрттер қауiпi жоғары. Болмайды: зақымдалған электр құралдарын пайдалануға, электр жүйесiне қуаттылығы жоғары бiрнеше электр құралдарын бiрден қосуға, калибрленбеген балқығышты қолдануға, терможайландырғышынсыз немесе болмаған жағдайда және электр жылыту құралдарын пайдалануға. Осы бұзушылықтарды жою қажет, сонымен қатар егер сiз көршiлерiңiздiң немесе туыстарыңыздың өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғанын көрсеңiз, селқос қарамаңыз, бұзушылықты көрсетуге немесе осы бұзушылықты жоюға көмек көрсетуге қорықпаңыз. Жалғыз тұратын адамдарға, мүгедектерге селқос қарауға болмайды, Сiздiң көңiлiңiз және қатысуыңыз, адамның өмiрiн сақтап қалуы мүмкiн. 2016 жылдың қаңтар айында Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмiнiң қызметкерлерiмен ауданнық әлеуметтiк қорғау қызметкерлерiмен семинар өткiзiлген болатын, онда өрттердiң туындау себептерi,өрт қауiпсiздiк шаралары, өрт болған жағдайдағы әрекет бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Алайда, ауданда өрттен жалғыз тұрған 2 қарт адам өлiм құшты, және өрттiң себебi өрт қауiпсiздiк ережелерiн сақтамау болды. Қайғы бөгденiкi болмайды, әсiресе, егер бiз бiр ауылда, бiр көшеде тұрсақ.

Өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлк!

Өрттердiң санын азайту мен оларда адамдардың қаза болуын алдын — алу бойынша Есiл ауданы ТД бойынша бөлiмiнiң қызметкерлерi аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлiктер өткiзуде, сенбiлiк шарасында өрттердегi адамдардың қаза болуын алдын- алу және тұрғын үй секторындағы халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен, өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлiк өткiзуде Заградовка селосында, Петровка селосында, Покровка селосында, Чириковка селосында рейдтер жүргiзiлдi, онда 362 тұрғын үй қамтылды, өрт қауiпсiздiгi бойынша 400 дана жадынамалар таратылды. Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, селолық округтердегi халықпен жиын өткiзу кестесiнiң жоспары құрылды. Аталған бағыттағы жұмыс әрi қарай да жалғасатын болады.

Алдын — алу жұмыстарын өткiзудегi қызметкерлердiң басты назарға алғаны әлеуметтiк қауiптi топтағы адамдарға ерекше назар бөлiдi (нақты қызметi жоқ адамдарға, тұрғылықты жерi жоқ адамдарға) зейнеткерлерге, тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларға.

Отпен абай болыңыздар, от-қателiктi кешiрмейдi.

ТЖ қызметi хабарлайды
Басты акцент — су тасқыны аралығында

2016 жылы 15 ақпанда «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмi Аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мәжiлiс залында аудан әкiмi Мұратбек Жапасұлы Әбiшев төралығымен селолық округ әкiмдерiнiң, ұйымдар мен мекеме басшылардың қатысуымен ТЖК кеңейтiлген отырысы өткiзiлдi. Күн тәртiбiнде 2016 жылы аудан аумағында су тасқынына қарсы iс-шараларға даярлық және өткiзу туралы мәселе қаралды.

Су тасқынына қарсы аралықта даярлық туралы ауданын ТЖ бөлiмiң бастығы Жұлдыз Мерекеұлы Есенғазин баяндама жасады.

Төтеншi жағдай бөлiмiнiң бастығы — ауданның ТЖК төрағасы орынбасары өзiнiң баяндамасында адам өлiмiн, аумақтарды және елдi мекендердi су басуды болдырмау, 2016 жылы болатын су тасқынында шығынды азайту ТЖ комиссиясының алдында ең бiрiншi тапсырмалардың бiрi болып отыр.

Барлық ұйымдардың және мекемлердiң басшыларына, селолық округ әкiмдерiне су тасқыны мерзiмiнде ТЖ болдырмау бойынша нақты тапсырмалар берiлдi.

Су тасқыны бақылауда!

Төтенше жағдайлар жөнiндегi Бөлiм жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру шеңберiнде аудан аумағында су тасқыны мезгiлiнде тұрғындардың оқыту саласында және даярлығы әркеттерiне ТЖ жөнiндегi Департамент бастығының бұйрығына сәйкес тұрғындарға су тасқыны мезгiлiнде ережелердi сақтауды және әрекеттердi жеткiзу бойынша айлық өткiзiлуде.

Яғни, айлық өткiзу мезгiлiнде Николаевка селолық округiнiң Николаевка селосында рейд өткiзiлдi, су тасқыны мезгiлiнде ережелердi сақтау және iс-әрекеттер бойынша 39 үйдi қамтумен 39 жаднамалар таратылып, 60 нұсқамалар өткiзiлдi. Ауданның iшкi iстер органымен бiрлесiп үй-үйдi аралаумен селолық округтерде тұрғындармен жиындар өткiзiлдi. Жұмыс осы бағытта жалғасатын болады.

«Пештiң себебiнен болатын» өрттер: өзектi және қауiптi

Адамдарды жылуы мен жайлылығымен қуанту үшiн және көп әрi сенiмдiлiк үшiн пеш қажет. Бiрақ осылайша үнемi бола бермейдi.

Қазiргi уақытта пештердi қолданғанда, өрт қауiпсiздiгiн сақтамауды бұзғандықтан немесе олардың дұрыс емес құрылысына байланысты «пештiк» деп аталатын жалпы өрттер саны есептегенде 35% құрайды.

Қазiр суық түскеннен кейiн осындай жағдайлар әсiресе өзектi болып түр. Отпен тек материалдық бағалы заттар ғана емес, адамдар да қаза тауып жатыр.

Яғни, Есiл ауданының Петровка селосында 2016 жылдың 01 қаңтарында азамат С.-тың жеке тұрғын үйiнде өрт шыққан, тексерiс барысында азамат С. өзi жалғыз тұрған және спирттiк iшiмдiктердi жиi қолданған.

Өрттiң шығу себебi жылыту пешi құрылғысының дұрыс жерде орнатылмауы және үй иелерiмен пештiң қыздырып жағуы болып табылады.

Есте сақтаңыз, әр үй иесi өзiнiң үйiне жауапты.

Өрт себебi — пеш

Қазiргi уақытта әлеуметтiк мәселеге байланысты үй иелерi және пәтер жалдаушылар пеш жағуға көңiл бөлмейдi және оны бұзылған күйiнде қолданысқа жiбередi, iс жүзiнде әр күн сайын облыста «пештiң» өрттерi болып тұрады, соның салдарынан айтарлықтай материалдық шығын салынады және адамдар ажал құшады.

Бұл өрт категориясы екiге бөлiнедi. Бiрiншiден, жанудың себебi пештiң құрылысының ережесi бұзылуы мүмкiн. Пештiң түтiн шығатын мұржасының бөлшектерi жеткiлiксiз және ағаш жабынынан өтетiндiктен болуы мүмкiн, сонымен қатар шағын шегiнiстер — пеш қабырғасының арасындағы қашықтық және үй қабырғасы мен ағаш құрылысы жиi өрттiң болуына әкеледi. Осы себеп бойынша Петровка ауылында өрт болды, өрттiң нәтижесiнде тұрғын үй зардап шектi.

Басқа бәле — пеш жағу кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзу, жағу құбырының толық дұрыс кезiнде де жағымсыз жағдайлар болады. Жиi өртпен пештi бензинмен, керосинмен және басқа да тез жанғыш сұйықтықтармен жағу отын қолдану, отынның ұзындығы, сонымен қатар жаңадан қызған пештерден өрт болуы мүмкiн.

Өрттен сақ болыңыздар, ол қателiктердi кешiрмейдi.

Есiл ауданының ТЖ бойынша бөлiмi ескертедi!
Өрт қауiпсiздiгi бойынша апта өткiзiлдi!

Өрттердiң санын азайту мен оларда адамдардың қаза болуын алдын — алу бойынша Есiл ауданы ТД бойынша бөлiмiнiң қызметкерлерi аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, өрт қауiпсiздiгi бойынша апта өткiздi, апта шарасында өрттердегi адамдардың қаза болуын алдын-алу және тұрғын үй секторындағы халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен, өрт қауiпсiздiгi бойынша апта өткiзуде Явленка, Петровка, Чириковка, Покровка селосындарда рейд жүргiзiлдi, онда 274 тұрғын үй қамтылды, өрт қауiпсiздiгi бойынша 300 дана жадынамалар таратылды, шамамен 274 адамға нұсқаулық жұмыстары жүргiзiлдi. Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, селолық округтердегi халықпен жиын өткiзу кестесiнiң жоспары құрылды. Аталған бағыттағы жұмыс әрi қарай да жалғасатын болады.

Алдын — алу жұмыстарын өткiзудегi қызметкерлердiң басты назарға алғаны әлеуметтiк қауiптi топтағы адамдарға ерекше назар бөлiдi (нақты қызметi жоқ адамдарға, тұрғылықты жерi жоқ адамдарға) зейнеткерлерге, тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларға.

Отпен абай болыңыздар, от-қателiктi кешiрмейдi.

Себептер әртүрлi болуы мүмкiн, ал бәле бiр

Қыс уақытындағы өрттердiң болу себептерi әртүрлi болуы мүмкiн.

Тұрмыста болатын өрттердiң негiзгi себептерiне өртке қарсы қауiпсiздiгiнiң ережелерiн сақтамағандықтан болады; отпен абайламай қолдану, пештердiң дұрыс тұру құрылысы, электржылыту құралдарын өз бетiнше немес дұрыс еместiгi, балалық тентектiк, сонымен қатар өрттiң болу себебiне азаматтардың мас күйi жатады.

Осындай бәленi болдырмау үшiн, келесi ережелердi сақтаған дұрыс:

  • пештер мен түтiн құбыр дұрыс жөндеулi болуы тиiс, сыланған, жарықсыз және ағыртылған;
  • түтiн құбырларын 2 айда 1 рет тазалануы тиiс;
  • түтiн құбырлары мен пештер жарылмайтын материалдардан жасалуы тиiс;
  • 50х70 см. өлшемiнде металлдық парақтан жасалған пештi жабатын есiкшесi болуы тиiс;
  • өздiгiнен жасалған электржылыту құралдарын қолдануға болмайды;
  • үйден кеткен кезде, жылытқышты сөндiру қажет;
  • калибралды балқығыш өндiрмелер мен басқа да артық тиелi мен қысқа тұйықталған өз бетiнше жасалған аппараттарды қолдануға болмайды;
  • балалардың отпен ойнауын болдырмау қажет;
  • төсекте шылым шегуге болмайды.

Қарапайым өртке қарсы қауiпсiздiгiнiң ережелерiн сақтаған кезде Сiз тек өз өмiрiңiздi ғана емес сонымен қоса Сiздiң жақындарыңыздың өмiрлерiн сақтайсыз.

Пайдалы сабақтар

Құтқарушы күнi мерекесiнiң 20 жылдығына орай және өртке қарсы қаупiсiздiгiнiң айлығын өткiзуiне байланысты төтенше жағдайлар бөлiмi бiрнеше iс-шаралар өткiздi. Өрт қауiпсiздiгiн сақтау ережелерi және нормаларын сақтау бойынша ауданның 5 мектептерi қамтылған (жоғары сыныптарының 236 оқушылары) интерактивтi сабақ ұйымдастырылды. Ж. Қизатов атындағы Покровка ауылшаруашылық колледжiнiң жанындағы бастауыш мектепте өрт қауiпсiздiгiн сақтау бойынша және отта балалардың апатын болдырмау мақсатында профилактикалық iс-шаралар өткiзiлдi. Профилактикалық әңгiменiң барысында балалар өртке қарсы қауiпсiздiгiн не үшiн сақтау керектiгiн және өрттiң болу себептерiнiң қандай болатыны бойынша пiкiрлерiн айтты. Ересек адамдар қарапайым ережелердi бұзғандарынын ойламаған кезде, балаларға жаман үлгi көрсететiндерi туралы өмiрде болған оқиғалардың мысалдарын айттық. Балалар көптеген танымдық және жаңа нәрселер үйрендi, ең танымдылық жер жағдайға байланысты талқылау болды, инспектор әртүрлi критикалық жағдайды көрсеткенде, ал балалар дұрыс шешiмiн табу керек едi. Содан соң «Жолбарыстар» және «Бүркiттер» командаларының арасында спорттық жарыстар өткiзiлдi. Балалар жарыста өздерiнiң айлакерлiктерi мен белсендiлiктерiн көрсеттi. Балалар шын құтқарушылар болып сезiнiп ұрыс киiмiн кидi. Ең бастысы командалардың бiрлiгi және жеңiске деген жiгерлерiнiң арқасында олар жақсы нәтиже берiп, бiрлiк жеңiске ие болды. Командалар мадақтамалар мен тәттiлермен марапатталды. ПЧ-10 қызметкерлерi қорытынды ретiнде, өрт машинасын көрсетiп, ұрыстық қабiлет туралы айтты. Мереке барлығының көңiлiнен өттi, және де әр бала тек қана жақсы әсер мен өз бiлiмдерiн толықтырды.

«Пештiң себебiнен болатын» өрттер: өзектi және қауiптi

Адамдарды жылуы мен жайлылығымен қуанту үшiн және көп әрi сенiмдiлiк үшiн пеш қажет. Бiрақ осылайша үнемi бола бермейдi.

Қазiргi уақытта пештердi қолданғанда, өрт қауiпсiздiгiн сақтамауды бұзғандықтан немесе олардың дұрыс емес құрылысына байланысты «пештiк» деп аталатын жалпы өрттер саны есептегенде 35% құрайды.

Қазiр суық түскеннен кейiн осындай жағдайлар әсiресе өзектi болып түр. Отпен тек материалдық бағалы заттар ғана емес, адамдар да қаза тауып жатыр.

Есiл ауданының Александровка селосында осындай жағдай болды. Александровка с. өрт болды деп сағат 11-де Явленка с. өрт бөлiмiнiң пунктiне телефондық хабарлама түстi.

ТЖ бойынша қызметкерлерiнiң келуiнiн барысында 1 квадраттық метр көлемiнде шатырлы асты құлатылғаны туралы анықталды.

Өрт кезiнде үйде болған У. азаматы 3 дәрежелi күйiгiн алды. Өрт болу жылытқыш пешiнiң дүрыс емес құрылысы және үй иелерiнiң дұрыс емес пештiң пекалының себептерi болды.

Әр үй иесi өз үйiне жауапкершiлiкте екендiгiн есiңiзде сақтаңыз.

ТЖб ескертедi!
Абайлаңыздар, бiрiншi мұз!

Солтүстiк Қазақстан жерiне де қыс келiп жеттi. Су қоймаларында бiртiндеп мұз түзiле бастады. Өткен жылдар көрсеткендей, мұздақ кезеңi — жылдың қауырт кезеңдерiнiң бiрi. Бiрiншi мұз — кәсiби балық аулаушылар мен әуесқойлар үшiн қауiптi кезең, өйткенi осы уақытта балалар мұзда хоккей ойнауға шығады, ал ересектер мұз астынан балық аулайды. Мысалы, 2015 жылдың ағымдағы айында Қызылжар ауданының су қоймасында мұз астынан балық аулау кезiнде қайғылы жағдай орын алды, бiр балықшы қаза болды.

Бұл кезең балалар үшiн қауiптi. 2001 жылдан осы уақытқа дейiнгi кезеңде облыс аумағында 16 жасқа дейiнгi 33 бала суға кеткен. Мысалы, Жамбыл ауданының Орталық ауылында 2001 жылы мұздақ кезеңiнде қатпаған мұздың үстiнде ойнап жүрiп, бiр уақытта 5 бала суға кетсе, 2003 жылы сол Жамбыл ауданының Семиозерка селосындағы Пеньковатое көлiнде мұз астынан балық аулау кезiнде 2 жасөспiрiм суға кеттi. Есiл ауданында Кендыкты су қоймасында мұз астынан балық аулау кезiнде 1 кiсi каза тапты.

Мұздың үстiнде автокөлiкпен жүруге болмайды, бiрақ та қажеттiлiк туындап жатса, оның берiктiгi тиiстi қызметтермен тексерiлген және жергiлiктi әкiмдiкпен, аудандық ТЖ бөлiмiмен рұқсат етiлген өткелмен өтуге тырысыңыз.

Бiрiншi мұз тек қана мұз астынан қармақпен аулаушы әуесқой балықшылар үшiн ғана емес, сондай-ақ өздерiмен бiрге ауыр буда ауларын және мұз астынан ауларды тартуға арналған сымдар мен орам-орам жiптерiн алып жүретiн кәсiби балықшылар үшiн де қауiптi кезең.

Ең әлсiз мұз — бұл күңгiрт, көпiршiктi, қырбақ қар басқан мұз, қамыстардың және су жиегiнде құлаған ағаштар мен бұталардың жанындағы мұз. Оған барған жағдайда өзiмен бiрге құтқарғыш тақтай, қада немесе саты алып жүру қажет.

Өрт себебi — дұрыс қойылмаған пеш

Қазiргi уақытта әлеуметтiк мәселеге байланысты үй иелерi және пәтер жалдаушылар пеш жағуға көңiл бөлмейдi және оны бұзылған күйiнде қолданысқа жiбередi, iс жүзiнде әр күн сайын облыста «пештiң» өрттерi болып тұрады, соның салдарынан айтарлықтай материалдық шығын салынады және адамдар ажал құшады.

Бұл өрт категориясы екiге бөлiнедi. Бiрiншiден, жанудың себебi пештiң құрылысының ережесi бұзылуы мүмкiн. Пештiң түтiн шығатын мұржасының бөлшектерi жеткiлiксiз және ағаш жабынынан өтетiндiктен болуы мүмкiн, сонымен қатар шағын шегiнiстер — пеш қабырғасының арасындағы қашықтық және үй қабырғасы мен ағаш құрылысы жиi өрттiң болуына әкеледi. Осыған пеш алдындағы жағылу парағының жоқтығын жатқызуға болады, нәтижесiнде жерге түскен көмiр жануы мүмкiн. Осы себеп бойынша Александровка ауылында өрт болды, өрттiң нәтижесiнде тұрғын үй зардап шектi.

Басқа бәле — пеш жағу кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзу, жағу құбырының толық дұрыс кезiнде де жағымсыз жағдайлар болады. Жиi өртпен пештi бензинмен, керосинмен және басқа да тез жанғыш сұйықтықтармен жағу отын қолдану, отынның ұзындығы, сонымен қатар жаңадан қызған пештерден өрт болуы мүмкiн.

Өрттен сақ болыңыздар, ол қателiктердi кешiрмейдi.

Дата публикации
11 июня 2021
Дата обновления
11 июня 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы