| Т.А.Ж. | Лауазымы | Байланыс телефоны |
| Руководитель офиса | ||
| Төлеген Құпашұлы Мұқашев | «Ардагерлер ұйымы» ҚБ төрағасы | 8(71543)22660, 87774151055 |
| Менеджеры офиса | ||
| Гүлмира Қаберқызы Дауытбаева | «Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ басшысы | 8(71543)21691, 87776063499 |
| Алмаз Сакенұлы Кадиров | «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м. а. | 8(71543)22761, 87051996164 |
| Мауя Кәрімқызы Ахметжанова | Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры | 8(871543)22362, 87779215401 |
| Евгений Владимирович Пьянков | Есіл ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры | 8(71543)79092, 87053366411 |
| Мейраш Әскерұлы Абуов | «Ишим-Вести» ЖШС-нің басшысы, бас редакторы | 8(71543)22786, 87054565712 |
| Тілеген Қабдуалыұлы Төлегенов | Чириковка орта мектебінің кәсіподақ ұйымының мүшесі | 87779230246 |
23.01.2020
Осы iс-шараның аясында қарастырылады:
Жоғарыда аталған барлық шаралар оқушыларды сапалы және теңгерiмдi тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған.

12.12.2019
Әдiлдiк, қарапайымдылық үлгiсi, жоғары моральдық жауапкершiлiк, кәсiби бiлiм, оларды тәжiрибеде қолдана бiлу, адалдық және парасаттылық, белсендi өмiрлiк ұстаным. Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi ұйымдастырған «Елге қызмет ету — мiнезден» республикалық байқауына қатысушылардың пiкiрi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер дәл осы қасиеттерге ие болуы тиiс.
Бүгiн Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнде аталған конкурстың жеңiмпаздарын салтанатты марапаттау бойынша шара өттi.
Шараға iрiктеудiң конкурстық комиссия мүшелерi — Агенттiк төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсiп, «Qazaqstan» телеарнасының шеф-редакторы Серiкзат Дүйсенғазы және «Мемлекеттiк, банк мекемелерi және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерiнiң салалық кәсiподағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мейiрболат Жақыпов қатысты.
Жеңiмпаздарды марапаттай отырып, Дархан Жазықбаев әрбiр мемлекеттiк қызметшi Елбасы — Тұңғыш Президент қойған қоғамға есеп беретiн және кәсiби мемлекеттiк аппаратты қалыптастыру бойынша Стратегиялық бағыттың мiндеттерiн iске асыруға өз үлесiн қосатынын атап өттi.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа қамқорлық жасайтын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғайтын, олардың мұқтаждықтары мен қажеттiлiктерiн еститiн және бiлетiн, туындаған барлық проблемаларға жедел ден қоятын және оларды шешетiн «Назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу қажеттiлiгiн атап өттi. Мұнда халықпен байланыстың тиiмдi жүйесiн орнату, мемлекеттiк қызметшiнiң жоғары бейнесiн сақтау маңызды рөл атқарады. Мемлекеттiк қызметшiлердiң халықтың игiлiгi үшiн нәтижелi қызметiнсiз елiмiздiң жетiстiгi мен өркендеуiне қол жеткiзу мүмкiн емес», — дедi Д. Жазықбаев
Байқау мемлекеттiк қызметшiлер арасында моральдық-әдептiлiк құндылықтарды насихаттауға және олардың шығармашылық әлеуетiн дамытуға бағытталған.
Бұл ой-додаға тек мемлекеттiк қызметшiлер ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттiк сектор мен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi де қызығушылық танытты. Оған 200-ге жуық адам қатысты.
Қатысушылардың жұмыстары үш номинация бойынша бағаланды: үздiк эссе / мақала, үздiк бейнеролик, үздiк ұсыныс.
Байқаудың нәтижесiн шығару барысында, «Шығармашыл адамдарға өмiр сүру қызықты, олар адам өмiрiнiң әртүрлi салаларына, ғылымдарға, әсiресе жаңа нәрсе жасауға қызығушылық танытады. Мемлекеттiк аппаратқа өз миссиясын анық түсiнетiн және тәжiрибеде жаңа идеяларды iске асыруға қабiлеттi үлгiлi мемлекеттiк қызметшiлер қажет», — дедi МҚIА Төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.
Байқауға қатысушылар өз еңбектерiнде ұлы адамдардың сөздерiн, оның iшiнде әлемге әйгiлi философ Әбу Насыр Әл-Фарабидiң «Мiнез — жанның айнасы», қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының «Тегiнде адам баласы, адам баласынан ақыл, үтiр, ар, мiнез деген нәрселерден озбақ», Алаш Орданың қайраткерлерi — Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов және әрине Абай, Төле би және басқалардан тұратын қазақ зиялыларының сөздерiн жиi қолданған.
Айта кету керек, бүкiл қазақ зиялылары туған халқының мүдделерiне қызмет етудi өздерiнiң миссиясы ретiнде көрдi, өйткенi олардың өмiрi халыққа шынайы қызмет ету және жанқиярлықпен, азаматтық, адамгершiлiк парыздарын саналы түрде орындаумен ерекшелендi, оны қазiргi мемлекеттiк қызметшiлер ұмытпауы керек.
«Үздiк эссе» номинациясы бойынша марапатталды:
«Үздiк бейнеролик» номинациясы бойынша марапатталды:
«Таңдаулы ұсыныс» номинациясы бойынша марапатталады:
Үздiк жобалар Агенттiктiң ресми сайтында жарияланып, мысал ретiнде мемлекеттiк органдарға жiберiледi.
Естерiңiзге сала кетейiк, ой-дода 2019 жылғы 20 қазанда бастау алып, 15 қарашада аяқталды. байқауға қатысу үшiн үмiткерлер эссе, бейнеролик немесе жалпы сұрақтар бойынша ұсыныстар түрiнде өз көзқарасын ұсынды:
Марапаттау рәсiмiнен кейiн орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың әдеп жөнiндегi уәкiлдерi «Мемлекеттiк қызметтегi этикалық нормалар: тәжiрибе және болашақ» семинарына қатысты.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексiн одан әрi жетiлдiру мәселесi талқыланды, өйткенi қазiргi заманғы талаптар мемлекеттiк қызметтi жетiлдiрудi талап етедi.
«Бұл мәселеде Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң рөлi ерекше», — деп Д. Жазықбаев.
Iс-шара барысында мәжiлiске қатысушылар Әдеп жөнiндегi уәкiлдердiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi, өз қызметiндегi проблемалық мәселелердi шешу тетiктерi және басқа да мәселелер туралы ойларын ортаға салып, сонымен қатар алдағы 2020 жылға арналған жоспарларды талқылады. Олардың барлығы Агенттiкпен зерттелiп, талданатын болады.
Агенттiкте атап өткендей, ауқымды алдын алу жұмыстары мемлекеттiк қызметкерлердiң жауапкершiлiк деңгейiн арттыруға мүмкiндiк берiп, мемлекеттiк қызметшiлер арасында қызметтiк әдептiлiктi өрескел бұзу жағдайлары деңгейiн төмендетуге алып келдi.
МҚIА баспасөз қызметi
19.08.2019
2019 жылдың 19 тамызында СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесiнiң өкiлдерi Есiл ауданында болды.
Басты кездесу «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында өттi.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Департаментi басшысының бiрiншi орынбасары Нұрлан Жахин қатысушылардың назарын халықпен жұмыста ашықтық пен парасаттылық танытуға аударды. Жаңа агенттiктiң басымдықтары және бизнестi қорғауға бағытталған жобалар, жайлы жағдай жасау және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою туралы айтты.
31.05.2019
Қазiргi уақытта мемлекеттiк органдардың жұмысын жақсарту, азаматтық қоғамды дамыту контекстiнде мемлекет тарапынан ұсынылатын қызметтер сапасы өзектi және әлеуметтiк маңызды болып табылады.
Жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесiнiң өзектiлiгi мемлекеттiк қызмет барлық салаларды және адам қызметiнiң бүкiл кезеңiн қамтиды дегендi бiлдiредi. Туған кезден бастап, өмiр бойы бiз мемлекеттiк қызметтi алу арқылы мемлекетпен өзара iс-қимыл жасаймыз.
Көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын жақсарту үшiн негiзгi қызметтердiң бiрi барлық қызметтердi электронды форматқа аудару, сондай-ақ электрондық қызметтердi дамыту болып табылады. Электрондық қызметтер қызметтердi ұсыну процесiнде байланыстарды барынша азайтады, мiндеттемелердi орындауды жеңiлдетедi, оларды алу уақытын және өзiндiк құнын төмендетедi. Сонымен қатар, электронды қызметтi күннiң кез келген уақытында «E-gov» электронды үкiмет порталы арқылы сiздiң үйiңiзден немесе кеңсеңiзден шықпастан онлайн тәртiбiнде алуға болады.
Қазiргi уақытта электрондық үкiмет порталының әсерi көрiнедi: қосымша құжаттарды және басқа ұйымдардан растау ақпараттарын жинау қажеттiлiгiн азайтады; кезектер қысқартылады немесе жойылады; мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн ұйымдарға үмiткерлердiң келуi қысқартылды. Дегенмен, халықтың көпшiлiгi қызметтердi әдеттегi форматта қолдануға тырысады, қызметтердi алу үшiн Интернеттiң мүмкiндiктерiн пайдалану мүмкiн емес екенiн бiлмейдi.
Осыған орай ағымдағы жылдың 31 мамырында, «Қызылжар — адалдық алаңы» жобасының шеңберiнде, электронды мемлекеттiк қызметтердi, сондай-ақ халыққа сапалы мемлекеттiк қызметтердi ұсынуын насихаттау мақсатында СҚО Есiл ауданында алғаш рет пiкiр-сайыс турнирi өткiзiлдi. Ойын британдық парламенттiк форматтың ережелерiне сәйкес өткiзiлдi.
Үкiметтiң мүшелерi мен оппозицияға аудан әкiмдiгiнiң коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiнiң өкiлдерi-мемлекеттiк қызметкерлерi, аумақтық бөлiмшелер, ауылдық округтер әкiмдiктерi, бiлiм беру саласының және жастар ресурстық орталығының өкiлдерi кiрдi.
Нәтижесiнде қатысушылар 6 командаға бөлiндi. Үкiметтiк 3 топ: «Мемлекеттiк қызметтердi көрсетуде мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту — қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын қанағаттандыру кепiлi», «Мемлекеттiк қызметтердiң электрондық форматына көшу», «Құпия сатып алушы» әдiсi арқылы қоғамдық мониторинг қызмет берушiлердiң жұмысын жақсартады» сияқты позицияларды қорғады.
Өз кезегiнде, оппозиция өз дәлелдерiн үкiметтiң дәлелдерiне қарсы шығарды. Сонымен қатар, әрбiр қатысушы «Үздiк спикер» турнирiне ат салысты.
Турнирдiң алқылары тараптардың сенiмдiлiктерiн, ақыл-ойлылықтары мен тiл әдебиетiн бағалады: Б.Қ. Еңсегенов — Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң СҚО бойынша Департаментi Мемлекеттiк қызметттер басқармасының басшысы, Е.М. Тұтқышев — әдеп бойынша уәкiлеттi, аудан әкiмiнiң орынбасары, Е.А. Мұстафин — аудан әкiмi аппаратының басшысы, С.М. Әбiлмәжiнова — iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы.
Дебат турнирiнiң жеңiмпаздары оппозиция мүшелерi жас ұстаздардан құрылған «Школьник» командасы болды, оған қатысқандар: Болатхан Өтегенұлы Жүсiпов — «Покровка ОМ» КММ директоры, Сания Қайыркенқызы Ахметова — «Покровка ОМ» КММ география мұғалiмi, Трушникова Валентина Алексеевна Т. Позолотин атындағы №1 ЯОМ ағылшын тiлi мұғалiмi, Қабиденов Асан Кенжеғалиұлы — Т. Позолотин атындағы №1 ЯОМ тарих пәнiнiң мұғалiмi.
Жер қатынастары бөлiмiнiң бас маманы Әлiбек Шыңғысұлы Байзақов үздiк спикер ретiнде танылды.
Турнирдiң барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды. Жеңiмпаздар дипломдармен және дебат турнирлер кубогымен марапатталды.













Есiл ауданы әкiмi аппаратының бас маманы
Ж. Красная
20.05.2019
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жане сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң бастамасымен бiлiм алушылардың бойында әдiлдiк және адалдық құндылықтарын тәрбиелеу мақсатында «Адалдық алаңы» атты жобасы бойынша «Адалдық дүкенi» ұйымдастырылды.
