Меню

Страницы

Статья

Жалпы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының кәсіби медиаторларының реестры

Есiл ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң 2019 жылдың жұмыс қорытындысы туралы

Есеп беру кезеңiнде iшкi саясат бөлiмiнiң қызметi қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу және насихаттау, қоғам iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның шоғырлануды қамтамасыз ету, мемлекеттiлiктi нығайтуға байланысты Елбасымен қойылған тапсырмаларды тиiмдi iске асыруға бағытталды.

Iшкi саясат бөлiмi Есiл ауданы әкiмдiгi жанындағы төрт консультативтi-кеңесшi органның жұмысшы органы болып табылады:

  • Есiл ауданы әкiмдiгi жанындағы мемлекеттiк символдары бойынша комиссия;
  • Есiл ауданы әкiмдiгi жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс бойынша кеңесi;
  • Есiл ауданы әкiмдiгi жанындағы үкiметтiк емес ұйымдармен өзара байланыс және ынтымақтастық жөнiндегi кеңесi;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келiсiм кеңесi.

ҚР Президентiнiң Жолдауын насихаттау және түсiндiру:

Iшкi саясат бөлiмiнiң қызметiнiң бiрiншi кезектi тапсырмасы 2019 жылғы 2 қыркүйектегi «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Қ.-Ж.К. Тоқаев Жолдауының негiзгi жағдайларын түсiндiру мен насихатты iске асыру болып табылады, аудандық ақпаратты-насихатты топтың құрамы, Есiл ауданында ҚР-ы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асыру бағытының ақпараттық шығуы бойынша iс-шаралар жоспары әзiрленiп, бекiтiлдi.

Аудан бойынша АНТ саны 17 (1 — аудандық, 16 — сауылдық округтерде). Ауданда АНТ мүшелерiнiң саны 177 адамды құрайды (60 — аудандық АНТ мүшелерi, 177 — селолық округ АНТ мүшелерi). Есеп беру кезеңiне 10401 адамныңы қатысуымен 355 iс-шара өткiзiлдi.

Көрнекiлiк, мемлекеттiк символдармен жұмыс:

Бөлiм жұмысының негiзгi бағыттарының бiрi ауданда идеологиялық мазмұнды безендiру болып табылады. Жергiлiктi аймақтарды көрнекiлiктермен безендiру бойынша жұмыстар қарқынды жүзеге асырылуда.

Ауылдық округ әкiмдерi мен басқа мемлекеттiк мекемелердiң ғимараттарында мемлекеттiк символдарды алу, орналастыру, сонымен қатар ұлттық стандартқа сәйкес мемлекеттiк символдарды ауыстыру мен жою бойынга жоспарлы жұмыс жүргiзiлуде. Ауданның мемлекеттiк мекемелерi мен ұйымдарында сәйкесiнше тұрақты комиссия құрылды.

Мемлекеттiк символдарды қолдану мен насихаттау мониторингi жзүргiзiледi. Осыған байланысты денсаулық сақтау мекемелерi, мектептерi, аппарат әкiмдiктерiмен қамтылған 16 ауылдық округ тексерiлдi.

2019 жылдың iшiнде Есiл ауданы әкiмдiгi жанындағы мемлекеттiк рәмiздер туралы 2 комиссия отырысы өттi.

Ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм саласындағы жұмыс.

Ауданда түрлi ұлт өкiлдерiнiң, мәдениеттiң, дiнге сенудiң бейбiт қатар өмiр сүру тәжiрибе жинақталған.

Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қоғамдық және дiни бiрлестiктермен мақсатты жұмыстарының нәтижесiнде, аудандағы қоғамдық-саясаи жағдай әлеуметтiк шиеленiсушiлiктiң жоқтығы және тұрақтылықпен сипатталады. Бұл ретте мемлекеттiк органдардың азаматтық қоғам институтымен өзара байлданысына аса назар аударылады.

Бүгiнде ауданда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, — 10 дәстүрлi конфессиялы дiни бiрлестiк, оның iшiнде: 5 — мұсылман, 3 — православтi, 3 — католиктiк, 9 — үкiметтiк емес ұйымдар мен 16 — этномәдени бiрлестiк бар. Олармен өзара байланыс Есiл ауданы әкiмдiгi жанындағы дiни бiрлестiктер мен байланыс бойынша, жастар жұмыс және ҮЕҰ өзара байланыс бойынша, қоғамдық келiсiм Кеңестерiнiң жұмыс шегiнде, сонымен қатар бiрлескен iс-шараларды өткiзу жолымен оңалып келедi.

Бөлiммен «Конфессияаралық қатынаста жастар рөлi», «Дiн және мәдениет» тақырыптарында дiни бiрлестiктердiң басшыларының, АТТ, Кеңес мүшелерiнiң қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар дiни экстремизмдi алдын алу сұрақтары қарастырылған дiни бiрлестiктермен байланысты бойынша кеңестiң, сонымен қатар конфессияаралық келiсiм бойынша АТТ жұмыс жоспары әзiрлендi.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шегiнде «Есiл таңы» және «Ишим» аудандық газеттерiнде дiни-экстремистiк ұйымдар мен деструктивтi секталардың жұмысына, дiни дәстүрлердiң дұрыс түсiнуiне, адам мен қоғамның руханилығы сұрақтарына негiзгi акцентi бар мақалалар жарияланады. Есеп беру кезеңiне 38 мақала жарияланды.

Есiл ауданы аумағында дiни сұрақтар бойынша ақпаратты-түсiндiрмелi топ өз қызметiн iске асырып келедi; 1 — аудандық АТТ, 16 — ауылдық АТТ (топша). 2019 жылы АТТ топ мүшелерiмен 3600 адамның қатысуымен 140 iс-шара өткiзiлдi.

ҮЕҰ-мен өзара байланыс.

Ауданда 25 үкiметтiк емес ұйым қызмет етедi. Үкiметтiк емес ұйымдар келесi бағыттар бойынша жұмыс iстейдi:

  • азаматтық белсендiлiктi дамыту;
  • саламатты өмiр салтын насихаттау;
  • халықтың әлеуметтiк тұрғыдан әлсiз тобы;
  • шығармашылық зиялыларды қолдау.

Есептiк кезеңде барлығы аудан бойынша әртүрлi салада 6005 адамның қатысуымен 1000 iс-шара өткiзiлдi, мысалы: семинарлар, конференциялар, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының Бiрлiгi, Жеңiс күнi, ҚР мемлекеттiк рәмiздер күнi, Астана күнi, Контитуция, рухани келiсiм және тағы да басқа мемлекеттiк және кәсiби мерекелер өткiзiлдi.

Бұған қоса, Қоғамдық келiсiм кеңесi мүшелерi ауданның қоғамдық өмiрiне белсендi қатысады. Аймақтық дамыту және абаттандыру, жылыту кезеңiңе дайындалу, мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша халықтармен кеңес жүргiзу және өзге де сұрақтары талқыланған дөңгелек үстелдер, кездесу өткiзiлдi. Жалпы, ауданда Қоғамдық келiсiм кеңесiнiң 555 адамның қатысуымен 20 iс-шара өткiзiлдi.

Осы бағыт бойынга жұмыстар жалғастырылады.

С. Әбiлмәжiнова
Iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы

Есiл ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң 2018 жылдың жұмыс қорытындысы туралы (ZIP 5 Kb)

Есiл ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң 2017 жылдың жұмыс қорытындысы туралы (ZIP 7 Kb)

Мүрағат 2017 ж. (ZIP 7 Kb)

Мүрағат

Дата публикации
22 февраля 2022
Дата обновления
22 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы