2021 жылға көшуге 39,8 млн. теңге сомасында субсидия төлеумен, жалпы саны 195 адам, қоныс аударушылардың 47 отбасы мен 10 отбасы қандастарды қабылдау жоспарланған болатын.
Ауданға 280 адам санымен 67 отбасы келді (Нұр-Сұлтан қ., Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан).
Келген 280 адамның ішінде: 113 адам еңбекке қабілетті жаста (олардан 83-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 13-і грант алуды жоспарлап отыр), 77 — мектеп жасындағы балалар, 80 — мектеп жасына дейінгі балалар, 4 студент, 6 зейнеткер.
Қоныс аударғаны үшін 61,7 млн. теңге сомасында субсидиялар төленді және тұрғын үйді жалға алуға және сатып алуға 31,1 млн. теңге сомасында субсидиялар төленді.
Сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан және Иран Республикасынан 22 қандас отбасы немесе 58 адам келді. Оның ішінде ҚХР-дан 8 отбасы 21 адам, Иран Республикасынан 13 отбасы 37 адам.
2019 жылы ауданға 35 отбасы немесе 109 адамды қабылдау жоспарланды, жыл қорытындысы бойынша 50 отбасы немесе 135 адам көшiп келдi, олардың барлығы қабылдау квотасына енгiзiлген.
Қоныс аударуға субсидиялар 10,9 млн. теңге және тұрғын үйдi жалға алуға (сатып алуға) 18,8 млн. теңге игерiлдi.
Келген қоңыс аударушылар:
Келген отбасылардан:
Қоңыс аударушылардан 50 адам жұмыс iстейдi.
Бiлiм саласында — 6 адам, денсаулық сақтау саласында — 3 адам, ауыл шаруашылығында — 5 адам, басқа салаларда — 26 адам, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар — 14 адам.
3540 теңгеге субсидия төлеумен 8 оралман отбасын қабылдау жоспары жарияланды. Жалға берiлетiн тұрғын үйге толенетiн шығындарды өтеуге 7510 теңге мөлшерiнде субсидиялар қарастырылған.
Биыл Қытай Халық Республикасынан Бiрлiк ауылылына 36 адамнан тұратын 9 оралман отбасы келдi. Олардың 21-i еңбекке жарамды, 6-ы мектеп және 9-ы мектеп жасына дейiнгi жастағы балалар.
Қазiргi уақытта оралман мәртебесiн беру және тұруға рұқсат алу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
Мектеп жасындағы оқушылар Аяған Шәжiмбаев атындағы №3 Явленка ОМ-интернатына жiберiледi.
2020 жылы 112 адамнан тұратын 36 отбасын және 5 отандастың отбасын қабылдау жоспарлануда.