Бүгiнгi таңда, мемлекеттiк кiрiстер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелi және күрделi сипатқа ие болды, салық төлеушiлердiң салық органдарының қызметкерлерiмен жеке байланысын, автоматтандырылған және интеллектуалды бағдарламаларды енгiзу үшiн үнемi жүйелi жұмыстар жүргiзiлуде.
Жаңа Кодекс енгiзiлген соң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетi (бұдан әрi — ҚР ҚМ МКК) тәуекелдердi басқару жүйесiн жетiлдiру сұрақтары бойынша, барлық салық төлеушiлердi (салық агенттерiн) қызметi төмен, орташа немесе жоғары тәуекел дәрежелерi ретiнде жiктеу және салықтық әкiмшiлендiру шараларын дифференциалдау арқылы санаттауды енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзуде.
Салық төлеушiнiң тәуекелдердi басқару жүйесiнiң нәтижесi бойынша қандай дәрежеде тәуекел дәрежесiне жататыны туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығымен бекiтiлген Ережелер әзiрленген, 2019 жылдың 1 шiлдесiнен бастап ҚР ҚМ МКК ресми сайтында салық төлеушiлерге жарияланған осындай ақпараттың нәтижелерiне қол жеткiзуге рұқсат беру жоспарланған.
Тәуекелдердi басқару жүйесiнде пайдаланылатын құпия ақпарат болып табылмайтын критерийлер туралы ақпарат салық төлеушiлерге «Салық төлеушiнiң кабинетi» веб-қосымшасына жiберiлетiн болады.
Сонымен бiрге, салық төлеушiлер, егер қажет болса, «Салық төлеушiнiң кабинетi» веб-бағдарламасы арқылы мемлекеттiк кiрiс органдарына құпия ақпарат болып табылмайтын критерийлерге түсiнiктеме бере алады. Осыған орай, камералдық бақылау қортындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша түсiнiктеменi алуға және өңдеуге ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерiнде салық төлеушiлермен керi байланысты жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Тәуекелдердi басқару жүйесiн жетiлдiру, салық төлеушiлерге тәуекелдердiң деңгейiн төмендету мүмкiндiгiмен ақпараттық жүйелердi пайдалануға мүмкiндiк бередi, бұл мемлекеттiк кiрiстер мамандарымен байланысын жоққа шығарып, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
Есiл ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған аудиоматериал (ZIP 24985 Kb)


