СҚО Есіл ауданының аумағында 185 спорт ғимараты орналасқан: 1200 орындық трибунасы бар 2 стадион, олар Явленка, Корнеевка ауылдарында орналасқан. 23 спорт залы (21 жалпы білім беру мекемелерінде, Есіл ауылшаруашылық колледжінде 2 спорт залы, Петровка агротехникалық колледжінде 1 спорт залы, 122 жазықтық құрылыстар, оның ішінде 69 алаң (35 волейбол алаңы, 34 баскетбол алаңы), 53 алаң (6 жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы, Явленка - 2 ауылы, Николаевка ауылы, Покровка а., Петровка а.), 25 хоккей корты (оның ішінде 2 жабық корт Заградовка а. және Явленка а.). 1 шаңғы базасы, 1 теннис корты, Явленка, Покровка және Николаевка ауылдарындағы 3 көше тренажерлар кешені. Ағымдағы жылы пайдалануға берілді: 4 объект: Волошинка және Петровка ауылдарында жасанды жабыны бар 2 шағын футбол алаңы, сондай-ақ Петровка ауылында баскетбол алаңы және Волошинка ауылында баскетбол-волейбол алаңы. Ауданда дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы саны 92 адамды құрайды (2021-90). Оның ішінде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері – 54 адам (2021-52), оның ішінде ауылда 52 адам, дене шынықтыру жоғары білімі бар - 49 адам, дене шынықтыру арнаулы орта – 5 адам, БЖСМ қызметкерлері – 14, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылар – 8 (2021-6), спорт бойынша нұсқаушы – әдіскерлер – 18, орта арнаулы оқу орындарында (колледж) дене шынықтыру оқытушылары – 6. Ауданда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 7870 адамды құрайды. Бұл аудан халқының жалпы санының 36.4% құрайды.
Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы аумағында 194 спорт құрылыстары: 25 спорт залдары, 30 хоккей корты, 12 кiрiктiрме спорт ғимараттары бар 2 стадион, 123 - жазық-алаңшалық ғимараттар, 1 теннис корты, 1 шаңғы базасы орналасқан.
Ауданда шынықтыру және спорт саласында жалпы қызметкерлер саны 91 адам. Ауданда БЖСМ контингентi 456 оқушы.
Аудан аумағында Олимпиадалық спорт түрлерiнен әсiресе волейбол, футбол, жеңiл атлетика, баскетбол, шайбалы хоккей көп таратылған, аудандағы дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдар саны 7870 адам құрайды (2018 - 7800 адам). 70 адамға өсу байқалады. Аудан халқының жалпы санынан бұл 35.7% құрайды. Аудан халқы: 22.027 адам.
Явленка селосында 2020-2021 жылдары 2-қабатты ДСК (дене шынықтыру-сауықтыру кешенi) құрылыс жоспарланған, нысанның жобалық құны 370 млн. теңге, жалпы ауданы 0,339 га жер учаскесiн құрайды, құрылыс аумағы - 1566,6 м2, алаң жабындары — 573,4 м2, көгалдандыру алаңы - 1250 м2, ғимараттың жалпы алаңы - 1923,7 м2, құрылыс көлемi - 12175 м2. Кешеннiң құрылысы оқу-жаттығу процесiн сапалы жүргiзуге мүмкiндiк бередi, әр түрлi деңгейдегi спорттық-бұқаралық iс-шаралардың санын ұлғайтады, жоғары деңгейде өткiзедi, дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 1500-ге адамға дейiн өседi.
2019 жылы барлық облыстық жарыстарға спорт түрлерi бойынша бiздiң құрама команда қатысты, 55 аудандық спорттық iс-шараларға 2320 адам қамтыды. Бiздiң спортшылар жақсы нәтижелер көрсетiп, республикалық және облыстық олимпиадаларда өнер көрсеттi: Канафин Қайрат — паралимпиадалық шаңғышы және биатлоншы. Қазақстанның шаңғы жарысы бойынша 2008 жылғы чемпионы Сочи ойындарында 2014 ж., қатысушысы. 2018 жылы Пхенчхан (Оңтүстiк Корея) қысқы Паралимпиада ойындарына қатысушысы. Мирзабаев Оралхан Орынбасарұлы — облыс бойынша грек-рим күресiнен күмiс жүлдегерi, 10 дүркiн чемпионы, ҚР (Шымкент қ., 2016), ҚР, Қызылорда қ., 2016 жылдары өнерiн көрсеткен. ҚР ұлттық құрамасына кiредi, Әлем Чемпионатының (Грузия, 2016 ж.) қатысушысы, Азия Чемпионы, Тайланд 2017 жыл.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың желтоқсан айында бiздiң спортшылар керлинг бойынша облыс чемпиондары. 2020 жылы ақпан айында өтетiн Қазақстан Республикасының Чемпионатында бiздiң спортшыларға облыс намысын қорғау қажет.
Есiл ауданының спортшылары 2019 жылға облыстық жарыстарда 195 медаль алды.