Меню

Страницы

Статья

Жалпы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Явленка с. Ленин к., 10

Галина Ивановна Стороженко — Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының экономика және қаржы бөлiмi басшысының м.а., телефоны +7(71543)2-11-91, эл. поштаның мекен-жайы: esil_economika@sko.kz;

Елчин Панах-оглы Алиев — «СҚО Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ коммуналдық меншікті басқару бойынша бас маман, телефоны 8 (715-43)2-26-17, эл. поштаның мекен-жайы: e-oeif@mail.ru.

Жекешелендiру бойынша ақпарат

Бүгiнгi күнi 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендiрудiң кешендi жоспарына тiркелген ауданының комуналдық меншiгiндегi нысандарды сату алдындағы жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың сәуiр айында жекешелендiру нысандарының құнын бағалау бойынша бағалы ұсыныстар сұраным әдiсiмен мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлдi, бүгiнгi күнi жекешелендiруге жататын кәсiпорындарды бағалау жүзеге асырылуда. Кәсiпорындардың тендерiн жүргiзу жолы арқылы сауда ағымдағы жылдың маусым айында өткiзiлетiн болады.

Ауданда бизнес ортамен түсiнiк беру жұмыстары жүргiзiлуде, сонымен қатар осы мәселе бойынша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында басылымға шығарылды. Жекешелендiру нысандары туралы ақпарат тiзiлiм веб-порталында және Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң ресми Интернет-ресурсында орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 Қаулысымен, Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл аудан әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 Қаулысымен бекiтiлген 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендiрудiң Кешендi жоспарын орындай отыра жекешелендiруге жататын Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының коммуналдық меншiгiндегi ұйымдар тiзбесiне тiркелген нысандар:

  • Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл аудан әкiмдiгi жанындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қамқор» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны;
  • Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл аудан әкiмдiгi жанындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Ақ-Бұлақ» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны.

Есептiк кезеңде берiлген кәсiпорындар саудаға екi рет қойылды, бiрақ жоғарыда аталған кәсiпорындарды сатып алушылардың болмауына байланысты екi ретiнде де iске асырылған жоқ.

Ағымдағы жылда су құбырлары, кәрiз және жылу желiлерiн қоспай, осы аталған нысандарды жекешелендiру жоспарлануда. Сауда 2016 жылдың қазан айына жоспарланды.

Сонымен қатар, ауданда нысандарды жекешелендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, яғни кәсiпкерлермен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында берiлген мәселел бойынша мақалалар жарияланды. Одан әрi осы жұмыстар жалғастырылатын болады.

Экономика және қаржы бөлiмi

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы