Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Есіл ауданының филиалы

Директор — Жәнібек Ермекбайұлы Әубәкіров

Байланыс мәлiметтерi:

Солтүстiк Қазақстан облысы Кәсiпкерлер палатасының Есiл ауданының филиалы

Мекенжайы: 150500 СҚО Есiл ауданы Явленка а. Ибраев к-сi, 9

Тел: 8 (71543) 7-90-92, 87779274823

«Атамекен» бизнеске арналған «Құжаттар конструкторын» iске қосты

Ұлттық кәсiпкерлер палатасы бизнесмендердiң нақты қажеттiлiгiне қарай құжаттарды автоматты түрде құруға мүмкiндiк беретiн келiсiм-шарттар нұсқаларының онлайн-сервисiн iске қосты.

Заманауи ахуалда шағын және микро-бизнес өз қызметiн белсендiру бойынша маңызды мiндеттердi орындау, рұқсаттар мен мақұлдауларды алу, түрлi органдарға барумен қатар басты нәрсенi — сауатты құрылған шарттар, заңгерлер мен бухгалтерлер кеңесi, заңдар мен актiлер ережелерiн бiлу бойынша шараларды ұмытып кетедi.

«Атамекен» бұл мiндеттi өзiне алып, BestProfi компаниясымен бiрлесiп, бiрегей сервис — «Құжаттар конструкторын» www.contract.аtameken.kz әзiрледi.

Жаңа сервистiң артықшылығы қандай?

Шағын және микро-бизнеске арнап, «Атамекен» осы сегментке анағұрлым өзектi 100 құжатты дайындап, «Бизнес құқығын қорғау» айдарында ашық қолданыста жариялады. Бұл қызметкермен еңбек келiсiм-шарты (оның iшiнде шетел азаматымен), атқарылған жұмыс актiсi, дүңгiршек немесе асхананы жалға алу шарты, бiр реттiк қызмет көрсету келiсiм-шарты және т.б.

Сервистiң артықшылығы — кәсiпкер нұсқалық блоктарды қатар қолданып, өзiнiң қажетiне қарай құжаттарды «құрастыра» алады. Ыңғайлылық үшiн сервис құрылған құжаттар нұсқасы тарихнамасы және контрагенттер деректерiн сақтап отырады. Осылайша келесi жолы толтыру кезiнде уақыт үнемделедi.      

Оңай және ыңғайлы

сontract.аtameken.kz сервисi пайдалануда ашық әрi ыңғайлы. Кәсiпкерлерге бар болғаны сайтқа тiркелiп, тегiн «Бизнес құқығын қорғау» тарифын таңдау керек. Сервисте жарияланған келiсiм-шарттар үлгiлерi мүмкiн болатын тәуекелдер ескерiлген, кәсiпкерлердiң құқығын қорғау механизмдерi ойластырылып, әлеуеттi шығындар барынша азайтылған. Бұған қоса әр құжат кәспкерлер арасында туындаған дауды сотқа дейiн «Атамекеннiң» Арбитраж орталығы арқылы шеше алатыны туралы тармақ бар. Дауларды осындай жолмен шешу — бизнестiң уақыты мен қаражатын үнемдейдi.  

Қосымша мүмкiндiктер

Сервисте дайын құжаттардан бөлек, азаматтық еңбек, қалмыстық құқық, бухгалтерлiк саласында практикалық тәжiрибесi мол сарапшылардың 500 дайын кеңесi жарияланған. Сонымен қатар сервиске кәсiпкерлiк жайында мемлекеттiк органдандың 10 000 жауабы қамтылған. Сайтта iздеу тетiгi арқылы бухгалтерия, заңгерлiк, маркетинг және басқа да мәселелер бойынша вебинарларды көруге болады.

«Бастау Бизнес»

6 маусымда «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен ұйымдастырылған «Бастау Бизнес» жобасының «Кәсiпкерлiк негiздерi» курсы бойынша I ағымның түлектерiне салтанатты түрде оқуды бiтiргенi туралы сертификаттарын тапсыру рәсiмi өттi. Сертификаттар алған 27 адам iшiнен, 12 адам қолына қарауына қажеттi құжаттарды жинауда, 5 адам ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие беруге өтiнiш бiлдiрдi, бүгiнгi күнi 2 несие беруге құжаттар мақұлданды.

Қазiргi уақытта «Бастау Бизнес» жобасы бойынша II ағыны оқудан өтедi.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк көрме-байқауына қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

Облысымызда өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарлар мен өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм өндiретiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар Байқауға қатыса алады. Байқауға қатысу тегiн.

Байқау үш номинация бойынша жүргiзiледi: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар», «Халық тұтынатын үздiк тауарлар», «Үздiк азық-түлiк тауарлары». Әр номинацияда үш жеңiмпаз анықталып, олар Республикалық көрме-бауқауында облыс атынан қатысады.

«Қазақстанның үздiк тауары» — кәсiпорын үшiн жарнама жасау мен тұтынушыны тартуға үлкен мүмкiндiк.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған байқауға қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығы конкурстық негiзде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы үшiн жыл сайын берiледi.

2018 жылдан бастап «Алтын сапа» байқауына ауыл шаруашылық пен азық-түлiк өнiмдерiн өндiру саласындағы жаңа төртiншi номинациясы енгiзiлдi. Сәйкесiнше сыйлық келесi категориялар бойынша берiлетiн болады: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын» және «Азық-түлiк тауарларын және/немесе ауылшаруашылық өнiмдерiн шығаратын үздiк кәсiпорын» номинациядағы шағын, орта және iрi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi.

Сонымен қатар осы жылдан бастап Байқаудың жеңiмпаздары лауреат дипломы мен эмблемалардан бөлек, 450 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде (бiр миллион теңгедей) ақшалай сыйақы алатын болады.

Бүгiнгi таңда осы байқау ұлттық брендке айналып, сапа саласындағы ең беделдi байқауы балып саналады. Байқауға қатысу тегiн.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.

Есiл аудандық кәсiпкерлер Палатасының филиалы келесiнi хабарлайды. Есiл аудандық шынайы монопролит субъсендиясы қызметiнiң кұны бағасы туралы барлық КҚС және қызығушылық тұлғаларға «Солтүстiк Қазақстан қуат орталығы» ЖШС электр қуатқа беретiн кызметтiн құрайтын құны:

  • Заңды тұлғалар — 16,32 теңге Квт СҚС есебiнде.
  • Жеке тұлғалар — 90 Квт. 11 теңгеге дейiн: 90-нан 170-ке дейiн Квт — 16,30 теңге: жоғарырақ 170 Квт — 20,37 теңге.

«Камкор Есиль» ЖШС суының кұны: жеке және заңды тұлғаларға: 1 куб. м. алынатын судын кұны 900 теңге 18 тиынды құрайды.

берiлетiн жылу куаттын кұны — 7123,17 теңге — 1 Гкал. СҚС есебiнде.

Мемлекеттiк қызметтердiң сапасы бизнеске қалай әсер етедi?

Бүгiнгi таңда мемлекет бiздiң экономикамыздың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылатын шағын және орта бизнестiң дамуына баса назар аударуда.

ШОБ халықтың экономикалық белсеңдiлiгiн қолдай отырып, бюджеттегi салықтық түсiмдердiң қомақты үлесiн қамтамасыз етедi. Яғни, қазақстандықтардың әл-ауқаты ШОБ дамуынан тәуелдi болып отыр. Кәсiпкерлiктi дамыту сұрақтарда мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызы зор.

Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiн өзектiндiру, оларды көрсету үдерiсiн оңтайландыру және электрондық форматқа көшiруiн шаралар кешенi iске қосылуда. Бұл әкiмшiлiк кедергелердi жоюға мүмкiндiк бередi.

Дегенмен, қағаз құжат айналымын азайтып, мемлекеттiк қызметтердi үй қабырғасынан шықпай алу қажеттiлiгi туралы қанша айтсақ та, бәрi бiр сондай мәселе өңiрлерде әлi бар.

Солай, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сұрақтары жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы Жеңiс Қазиевтiң айтуынша, Солтүстiк Қазақстан облысында 384 мемлекеттiк қызмет түрi көрсетiледi, оның iшiнде 30% немесе 115 қызмет қағаз нысанында көрсетiлдi. Бұл ретте мәселелердiң көбi жер қатынастар саласындағы мемлекеттiк қызметтер алуда анықталды. Әсiресе, бұл бiр функционалдық аймақ шеңберiндегi жер учаскелердiң нысаналы мақсатын өзгертуiне қатысты мәселелер.

Белгiлi болғандай, 2014 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды жақсарту жөнiндегi түбегейлi шаралар туралы Заң қабылданған едi. Енгiзiлген түзетулерге сәйкес бiр функционалдық аймақ шеңберiндегi жер учаскесiн пайдалану кезiңде нысаналы мақсатын өзгерту талап етiлмейдi. Дегенмен, қабылданған нормаға қарамастан Петропавл қаласының жер қатынастар бөлiмiмен бiр функционалдық (коммерциялық) аймақ шеңберiндегi жер учаскелердiң нысаналы мақсатын өзгерту үшiн өтiнiштер әлi қабылданып қарастырылып жүр. Мысалға, «дүкенге қызмет көрсету» нысаналы мақсаттан «сауда кешенiне қызмет көрсету» мақсатына, «жылыжай құрылысы үшiн» мақсатынан «көкөнiс қоймасына қызмет көрсету үшiн» мақсатына, «сауда павильоны құрылыс үшiн» мақсатынан «шинажинаұтау үшiн» мақсатына және т.б. Бұл ретте, егер кейбiр жағдайларда кәсiпкерлердiң нысаналы мақсатын өзгерту үшiн өтiнiштерiн қабылдамай отырса, басқа жағдайларда — «бiр функционалдық аймақ шеңберiндегi жер учаскелердiң нысаналы мақсатын өзгерту талап етiлмейдi» деген тұжырымдамасымен өтiнiштердi қарастырусыз қалдырады, ал үшiншi жағдайларда — кәсiпкерлердiң өтiнiштерi оңынан шешiледi. Яғни, бұл бiр сұрақ шеңберiнде бiрнеше шешу тәсiлдерiн қолдану мемлекеттiк органдарының қызметi үшiн лайықсыз болып табылады. Бұндай жағдай кәсiпкерлер үшiн кедергiлер туғызып отырады.

Осы жылдың қыркүйек айында бұл сұрақ Әдеп жөнiндегi Кеңес отырысында қарастырылып, Петропавл қаласының жер қатынастар бөлiмiне кәсiпкерлiк субъектiлерi мен екiншi деңгейдегi банктерiне функционалдық аймақ шеңберiндегi жер учаскелердiң нысаналы мақсатын өзгерту сұрағы жөнiнде түсiндiру жұмыстарын жүргiзуi тапсырылды.

Сәл бұрын осы жылдың мамыр айында қала прокуратурасы Петропавл қаласының әкiмдiгiне қарастырылатын сұрақ бойынша заңдылықты бұзуды жою, бұзушылыққа жол бермеу және нақты тетiктердi пысықтау, Жер кодексiнiң 109 бабын түсiндiруiне бағытталған жұмысты жандандыру туралы ұсыныс енгiзiлдi.

Мәлiмет үшiн: прокуратура ұсынысына сәйкес 2016 жылы 518 телiмiнiң 59-ы бiр коммерциялық аймақтың шеңберiнде нысаналы мақсатын өзгердi, ол жалпы санының 11%-н құрайды.

Құжаттарды рәсiмдеу мерзiмi ұзартылғаннан осы жағдай кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн орынсыз кедергiлердi туғызып отыр. Ойлап көрiңiзшi, «Жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» қызмет көрсету мерзiмi 30 күнге дейiн жетедi! Сонымен қатар, нысаналы мақсатын өзгертуi жер актiлер рәсiмдеудi талап етiледi. Бұл қосымша шығындарға әкелiп, уақыт жұмсауға мәжбүрлейдi.

Қала әкiмдiгi прокуратура ұсынысына жер учаскесi бiр функционалдық аймақ шеңберiнде пайдаланылған жағдайда өтiнiштi қабыл алмау Стандартпен қарастырылмаған деп жауабын қайтарды. Палата сарапшылардың пiкiрiнше, осы дәлдер негiзсiз болып табылады. Өйткенi қызмет алушылар үшiн кедергi жасайтын керексiз артық үдерiстердi жою мақсатында қабылданған және сатыға жоғары Жер кодексi бар.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сұрақтары жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында палатамен бiр функционалдық аймақта пайдалынатын жер учаскесiнiң нысанылы мақсатын өзгерту қажеттiлiгi жоқ туралы өтiнiш берушiлердi Петропавл қаласының жергiлiктi атқарушы органдар мен мемкорпорациялар арқылы хабарлау ұсыныс енгiзiлдi.

Палата нысаналы мақсатын өзгерту сұрақтары бойынша кәсiпкерлердiң жүгiну себептерiн анықтау және талдау, осы кедергiлердi жою бойынша шараларды қолдану қажет деп ойлайды.

Субсидиялау үшiн өтiнiштерiн қабылдау бойынша ХҚКО жұмысы кәсiпкерлердiң көптеген наразылығын туғызып отыр. Осылай, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiмен бекiтiлген Инвестициялық салымдар кезiнде агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi шеккен шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына сәйкес инвесторлардан инвестициялық субсидиялау үшiн өтiнiштерiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қабылдайды.

Осы норма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн азайтуға және ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердiң мемлекеттiк қолдауға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында енгiзiлдi. Ережелердiң ескi редакцияда өтiнiштер қабылдауы тек Ауыл шаруашылық басқармасымен жүргiзiлiп, шалғайдағы аудандардан фермерлер үшiн талай қиыншылықтар туғызған. Әр аудан орталықтарында өтiнiштер қабылдайтын уәкiлеттi органы бар. ХҚКО арқылы өтiнiштердi қабылдау туралы нормасы аумақтық тепе-теңдiк мәселесiн шешуi тиiс. Дегенмен, осы жылдың қыркүйек айында инвестсубсидияға өтiнiштердi қабылдау барысында келесi жағдай анықталды. Аудандық ХҚКО ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерден өтiнiштерiн қабылдамай, облыс орталықтарына жiберген екен. Мемқызметтер стандарттарына сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары инвестордың өтiнiшi мен құжаттарды Ауыл шаруашылық басқармасына 2 күн iшiнде жолдауы тиiс. Бiрақ мұны жүзеге асыру қиындыққа түседi, өйткенi аудандық ХҚКО-нан құжаттар арнайы байланыс арқылы аптасына 1 рет ғана жеткiзiлiп отырады! Яғни, халыққа қызмет көрсету орталықтарының аудан орталықтарынан құжаттар жеткiзiлiмi бойынша ұйымдастырылған жұмысы барда мемқызметтер стандарттарының талаптарын орындау мүмкiн емес. Сонымен бiрге, кәсiпкерлер палатасына аудан орталықтарындағы инвестсубсидиялау сұрақтары жөнiндегi мамандардың жетiмсiз кәсiби даярлығы бар хабарламалар талай рет түскен екен. Аудандық ХҚКО ұйымдастырылмаған жұмыстың нәтижесiнде шалғайдағы аудандардағы көптеген ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi мерзiмде өтiнiш беруге үлгере алмапты. Өтiнiштер шектеулi бюджетiне байланысты тек 4 күн қабылданады.

Ағымдағы жылы субсидиялау бағдарламасы бойынша қосымша өтiнiштердi қабылдау күтiлуде. Осыған байланысты мұндай жағдай қайталамас үшiн мемлекеттiк қызметтер көрсету жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс тобымен «Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына бiрнеше ұсыныстар енгiзiлдi. Нақтылай айтқанда, құжаттарды мемлекеттiк қызметтер стандарттарымен қарастырылған мерзiмi iшiнде облыс орталығына жеткiзудi ұйымдастыру бойынша алдын ала жұмыстарды жүргiзу, сондай-ақ аудандық ХҚКО қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру.

Жоғарыда айтылғандардың бәрiнен шығатын қорытынды: мемлекеттiк қызметтердiң сапасы бизнестiң дамуына тiкелей әсер етiп, уақыттық, қаржылық, өндiрiстiк шығындарға әкелуi мүмкiн.

Сағынгүл Iргебаева, Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

«Атамекенiм» акциясы

«Елiмiз мықты, әрi жауапкершiлiгi жоғары Бiртұтас Ұлт болу үшiн болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетiнiмiз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдiм»

Қазақстан Республикасының Президентi
Нұрсұлтан Назарбаев

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы «Атамекенiм» жалпыреспубликалық акциясын бастады.

Акция ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға және қайырымдылық мәдениетiн жүйелi дамыту мен әлеуметтiк жауапкершiлiкке бағытталған.

Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениетi мен салт-дәс­түрлерiне айрықша iңкәрлiкпен атсалысу — шынайы патриотизмнiң маңызды көрiнiстерiнiң бiрi» деп, жалпыұлттық патриотизм жаңғырудың негiзгi тетiктерiнiң екенiн анық көрсетедi.

Ұлттық кәсiпкерлер палатасы «Атамекенiм» акциясы арқылы бизнестiң рөлiн талқылауды жандандыруға, оның туған жердiң дамуы үшiн, жекелеген қайырымылық көмегiн көрсетуде әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыруға ниеттi.

Ұлттық палата аталған бағытта кәсiпкерлiк бастамаларға қолдау көрсету үшiн бiрқатар ұсыныстар дайындады.

Бiрiншi: Әлеуметтiк мәселелер реестрi

Нақты мәселелердi шешуге, жалпы кәсiби қайырымдылықты дамытуға бағытталған атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыру үшiн Әлеуметтiк мәселелер реестр жасалады.

Әлеуметтiк мәселелер реестрi арқылы қандай да бiр көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тiзiмге өтiнiм қалдыра алады. Кәсiпкерлер өтiнiм-тiлектермен таныса алады. Өтiнiм қалдыратын немесе керi байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да iске қосылады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Павлодар облысының әкiмдiгiмен бiрге Екiбастұз қаласы мен Шарбақты ауданын мысалға ала отырып, елдiмекендер жеке-жеке енгiзiлген Әлеуметтiк мәселелер реестрiн дайындады. Оған ауыз су тапшылығы, жол жөндеу секiлдi бiрқатар мәселе ендi. Облыстарда және әрбiр елдiмекенде жекелей атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн мәселелерге сұрыптау жүргiзу ұсынылады.

Кәсiпкер сол мәселенi шешу үшiн мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiгi немесе басқа да тәсiлдердi пайдалануы үшiн Әлеуметтiк мәселелер тiзiмiмен таныса алады.

Екiншi: Моральдық көтермелеу шаралары арқылы бизнестi ынталандыруды күшейту

«Парыз» мемлекеттiк наградасын беру ұсынылып отыр. Награданы берудегi мақсат — қайырымдылық идеясын өрiстету мен мәдениетiн қалыптастыруға, қайырымдылық бағдарламалары мен әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыруға, демеушiлiк көрсетiп, үздiк әлеуметтiк жобаны iске асыруға, әлеуметтiк жауапкершiлiк ұстанымын енгiзуге қосқан үлесiн үлесiн жоғары бағалау.

«Парыз» байқауының өлшемдерiн жетiлдiру. Кәсiпорындардың болашақта әлемдiк тауар нарығына шығуына ықпал ететiн халықаралық стандарттар көрсеткiшiмен толықтырылуы мүмкiн.

Әлеуметтiк мәселелердi шешу саласындағы кәсiпкерлiк және т.б. үшiн «Үздiк әлеуметтiк кәсiпкер» аталымын енгiзу.

Әлемдiк тәжiрибеге сүйене отырып, қайырымдылық қызметi барысында өздерi жасаған әлеуметтiк инфрақұрылымға кәсiпкерлердiң есiмiн беру ұсынылады.

Үшiншi: Қайырымдылықты ынталандырудың экономикалық шаралары

Салық кодексiнде Кәсiпкер қызметiнде әлеуметтiк, экономика және экология салаларындағы жобаларды жүзеге асыру немесе қатысу арқылы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi шараларын ерiктi түрде қолдану бойынша белгiлi бiр жеңiлдiктер қарастырылған.

Iрi салық төеушiлер мониторингiне еннген салық төлеушiлер — салық салынатын табыстан 3%-дан аспайтын жалпы сома көлемiнде, Жоғарыда аталған салық төлеушiлерден бөлек салық төлеушiлер — салық салынатын табыстан 4%-дан аспайтын жалпы сома көлемiнде.

Бүгiнде жеңiлдiктердi пайдаланудың қолданыстағы механизмдерiнiң тиiмдiлiгi, қайырымдылықтың қоғам дамуына әсерi туралы бағалау мен мониторингi қажет. «Атамекенiм» акциясы арқылы осы мәселеге қатысты ұсыныстар мен кеңестердi айтуға болады.

Төртiншi: Кәсiпкерлiк зерденi дамыта отырып жаппай кәсiпкерлiкке оқыту

«Атамекен» ҚР ҰКП 2017-2020 жылдары «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 15 000 жұмыссыз және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтарға кәсiпкерлiк негiздерiн оқытуды жоспарлап отыр. Қатысушылардың кемiнде 3 мыңы жеке кәсiбiн ашуы керек.

«Бастау Бизнес» республиканың барлық өңiрiнде жүзеге асырылып отыр. Алғашқы үш лектiң қорытынды бойынша 7835 адам бiлiм алды, оның 4986-сы бизнес-жоспарларын қорғады. 1374 қатысушы жылдық мөлшерлемесi 6%-ды шағын несие арқылы жеке кәсiптерiн ашып, бизнестерiн ұлғайтқандары да бар.

Бизнеске оқыту кәсiпкерлiк қызмет секiлдi прагматизм қағидасына негiзделген. Елбасы мақаласында «Мақсатқа жету үшiн бiздiң санамыз iсiмiзден озып жүруi, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиiс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегiне айналады» деп көрсеткен. Сондықтан кәсiпкерлiк тұрғысынан ойлауды қалыптастырған маңызды.

Ұлттық палата 10-11 сыныптардың мектеп бағдарламасы «Кәсiпкерлiк пен бизнестiң негiздерi» пәнiн қосуға бастама көтердi. Бүгiнде мектеп бағдарламасы әзiрлендi, оқулық дайындау мен педагогтардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмысы жүрiп жатыр. Аталған пән жас ұрпақты мектептен бастап кәсiпкерлiкке баулуға, қаржылық сауаттылығын арттыруға септiгiн тигiзедi. Оқулықпен қатар пән негiзiне айналатын оқыту порталын дайындау жұмысы атқарылуда.

«Атамекенiм» акциясының ақпараттық алаңы

Ұлттық кәсiпкерлер палатасы Facebook әлеуметтiк желiсiнде жалпыға ортақ «Атамекенiм» тобын ашты. Бұл топ әлеуметтiк жауапкершiлiк танытып, қоғам мәселесiн шешу үшiн атсалысуға дайын, кәсiпкерлер мен азаматтарға арналған.

Акция мен форумның қорытындысы бойынша «Атамекен» бизнестi әлеуметтiк жауапкершiлiк танытуға ынталандыру бойынша ұсыныстар топтамасын әзiрлеп, Үкiметтiң қарауына бередi.

Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП басшысы ретінде қайта сайланды

«Атамекен» Съезінің делагаттары Тимур Құлыбаевты алдағы 4 жылға қайта сайлады «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезінің делегаттары бірауыздан Төралқа Төрағасы лауазымына Тимур Құлыбаевты қайта сайлады. Кездесу барысында Тимур Құлыбаевтың басшылығымен жүргізілген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының тұрақтылығы мен кәсібилігі атап өтілді. Негізгі даму бағыттары бойынша жоспарланған мақсат-міндеттер жүзеге асырылып, нәтижелі жемісін көрсетті. «Атамекен» отандық кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға кедергі келтіретін мәселелер мен өзекті түйткілдерді талқылау мен шешуде бизнес пен билік арасындағы тиімді әрі салмақты байланыс алаңы ретінде қалыптасты.

Өз кезегінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев бизнес өкілдеріне алғыс білдіріп, өзіне артылған сенімді ақтауға уәде берді.

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы