2021-2025 жылдардағы бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары (ZIP 20291 Kb)
Конкурсты ұйымдастырушы: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz;
байланыс телефоны 8 (715) 2 36 13 62
Конкурстың нысанасы: кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: QOLDAU.KZ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2022 жылғы «18» сәуірден бастап «29» сәуірге дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=ru.
Конкурстық құжаттаманың тізбесін алуға және өтінімді алдын ала қарауды «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ Явленка ауылы, Ленин көшесі, 14 а, «АМАНАТ» партиясы Есіл аумақтық филиалының ғимараты, тел: 8 (71543 ) 2-26-73, esil_pred@sqo.gov.kz мекенжайы бойынша жүргізуге болады.