«Ырыс» қаржыландыру бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты: IҚМ 50 бастан 100 басқа дейiнгi сүттi-тауарлы фермаларды құру және кеңейту.
Мақсатты топ: шаруа қожалықтары мен фермерлiк шаруашылықтар, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар.
Мақсатты бағыттау:
- сүттi бағыттағы IҚМ асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу;
- инвестициялық салымдарда ауыл шаруашылығы кешенi субъектiлерiнiң шығындардың бөлiгiн қайтару бойынша субсидиялау Ережелерiне сәйкес, субсидиялауға кiретiн қажеттi ауылшаруашылық техникасы мен сүттi-тауарлы фермаларға арналған құрал-жабдықтарын сатып алу;
- айналымдық капиталды толықтыру.
Қаржылық инструмент:
- қарыз/ жаңартылмайтын несие жүйесi — сүттi асыл тұқымды IҚМ аналық басын сатып алуға;
- қарыз/ жаңартылмайтын несие жүйесi/ лизинг — қажеттi техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға;
- зарыз/ жаңртылмайтын несие жүйесi — жалпы көлемi қарыз/ несие жүйесi/ лизинг сомасынан 15% аспайтын айналымдық капиталды толықтыруға.
Қарыздың максималды сомасы: 60 (алпыс) миллион теңгеге дейiн.
Сыйақы үстемесi:
- жылдық 4% — сыйақы үстемесiн субсидиялаумен;
- жылдық 11% — сыйақы үстемесiн субсидияланбаған жағдайда.
Тиiмдi сыйақы үстемесi:
- сыйақы үстемесiн субсидиялаумен жылдық 4,1% аспайды;
- сыйақы үстемесiн субсидияланбаған жағдайда 11,7% аспайды.
Қарыз/несие жүйе/ лизингтiң мерзiмi:
- 84 (сексен төрт) айға дейiн;
- айналымдағы капиталды толықтыруға 24 (жиырма төрт) айға дейiн.
Лизинг үшiн мерзiмдi есептеу тараптар лизинг затын тапсыру-қабылдау актiсiне қол қойған күннен есептеледi.
Негiзгi борышты өтеу мерзiмдiлiгi: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда бiр рет/ жылына бiр рет, мерзiмнен бұрын жартылай/толық қайтару мүмкiндiгiмен.
Сыйақыны өтеу мерзiмдiлiгi: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда 1 рет, несиелендiру мерзiмi кезiндегi нақты қолданылған уақытты ескере отырып есептелген сыйақы көлемiн мерзiмнен бұрын төлеу мүмкiндiгiмен.
Негiзгi борышты өтеу бойынша жеңiлдетiлген мерзiм:
- 24 (жиырма төрт) айдан аспайды;
- айналымдағы капиталды толықтыру үшiн қарыздар бойынша 12 (он екi) айдан аспайды.
Сыйақыны өтеу бойынша жеңiлдетiлген мерзiм:
- 12 (он екi) айдан аспайды;
- айналымдағы капиталды толықтыру үшiн қарыздар бойынша 6 (алты) айдан аспайды.
Лизинг бойынша бастапқы жарнаның көлемi: бастапқы жарна ақшалай қаражат түрiнде Лизинг заты бағасының 15% кем емес.
Қамту: Қоғамның Кепiлдiк саясатына сәйкес.
Қарыз алушыға қойылатын негiзгi талаптар:
- төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылық;
- несие өтiнiшiн берген/қаралған күнiне бюджетке салықтық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
- соңғы есептi күнге (өтiнiш беретiн айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
- несиелеуге болатын несиелiк тарих (несие тарихы бар болса);
- мал ұстауға қажеттi инфрақұрылымның болуы (елдiмекеннен тыс жер телiмде орналасқан электр, сумен қамтамасыз етiлген сүттi-тауарлы миниферма);
- жем-шөп базасымен қамтылу (жайылым, егiстiк, шөп шабатын жерлердiң болуы, оның iшiнде бiрлескен қызмет туралы келiсiм-шарттар бойынша);
- шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық сау жағдайының болуы;
- өзiндiк IҚМ аналық басының болуы, несие қаржысына сатып алынатын мал санына арақатынасы 1:5.
Жобаға қойылатын негiзгi талаптар:
- сатып алынатын мал сүттi бағытта болуы тиiс;
- сатып алынатын асыл тұқымды сүттi iрi қара малдың жасы жабдықтаушыда карантинге қойылған уақытта: тайыншалар — 12 айдан 18 айға дейiн (қоса есептегенде); құнажындар — 26 айға дейiн (қоса есептегенде) болуы тиiс.
- IҚМ 50-ден 100-ге дейiн аналық мал басына арналған, құрылған сүттi-тауарлы миниферманың болуы, ҚР Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң ұсынылған талаптарына сәйкес;
- электрқамтудың қосымша көзiнiң (тиiстi қуаттылықтағы дизель-генератор) және малды суаратын су қоймасының болуы;
- сиырларды еркiн жайылатын алаңдары бар мал қорада ұстау;
- меншiктегi және сатып алынатын малдың идентификациялауы, ауыл шаруашылық малды идентификациялау ережелерiне сай;
- штатта ветеринардың болуы немесе ветеринария саласында аттестациядан өткен кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан ветеринарлық қызмет алуы шарт;
- сүттi асыл тұқымды бұқа-өндiрушiнiң аналық мал басына 1:30 арақатынасымен болуы, немесе қолдан ұрықтандыруды өткiзу туралы мамандандырылған ұйымдармен келiсiм-шарттың болуы;
- меншiктегi асыл тұқымды бұқа-өндiрушiлер сүттi тұқымды болу керек, асыл тұқымдылығын дәлелдейтiн куәлiк пен ветеринарлық төлқұжат болуы керек;
- қолдан ұрықтандыруда сүттi асыл тұқымды бұқаның тұқымы болу керек;
- несиелеудiң толық мерзiмi бойынша аналық мал басының саны қарыздық қаражатқа сатып алынған мал басы санына тең сақталуы тиiс;
- сүт өнiмдерiн қабылдайтын ұйымдармен кемiнде 1 жылға өнiмдi өткiзу туралы келiсiм-шарт болуы керек, Қарыз алушы бiр ауысымда 500 литр сүттi өндей алатын құрал- жабдығы болып, сүт өндеумен өзi айналысқан жағдайды қоспағанда;
- құрал-жабдықтарды, техниканы, сүттi IҚМ аналық мал басын жеткiзушiлермен ниет туралы келiсiм-шарттардың болуы.
«Сүт қабылдау пунктерiн ашу және дамыту» бағдарламасы:
Мақсаты: Сүт қабылдау пунктерiн ашу және дамыту.
Мақсатты бағыттау:
- сүт қабылдау пунктi үшiн техника және/немесе құрал-жабдықтар сатып алу;
- қарыз сомасының 25%-нан артық емес мөлшерде айналым капиталын толықтыру.
Қарыз сомасы: жобаны қаржыландыру туралы жағымды шешiм қабылданған жылы үшiн Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзмыңдық деңгейге дейiн.
Ставка үстемесi:
- жылдық 7% — сыйақы үстемесi субсидияланған жағдайда;
- жылдық 14% — сыйақы үстемесi субсидияланбаған жағдайда.
Қарыз мерзiмi: техника және/немесе құрал-жабдықтар сатып алу үшiн 48 айға дейiн, айналым капиталын толықтыру үшiн 24 айға дейiн.
Негiзгi борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңiлдетiлген мерзiм: техника және/немесе құрал-жабдықтар сатып алуға 12 айдан артық емес; айналым капиталын толықтыруға 6 айдан артық емес.
Жобаға қойылатын негiзгi талаптар:
- тек қана жаңа техника мен жабдықтар алынады;
- қажеттi ғимараттың бар болуы немесе сүт қабылдау пунктңн салу үшiн қажеттi қаражаттың бар болуы;
- сүттi қайта өңдейтiн ұйыммен кемiнде 1 жылға өнiмдi өткiзу туралы келiсiм-шарт болуы керек;
- сүт қабылдау пунктi сүттi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден сүттi қайта өңдейтiн зауыттан 50 шақырым қашықтықта қабылдау керек;
Негiзгi шарттар: несие беру кезiнде басымдық сүттi қайта өңдейтiн жобаларға берiледi.
Контакты: АО «Фонд финансовой поддержки с/х», тел., факс: 8(7152) 46-51-48; эл. адрес: sko@fagri.kz