01.01.2019 ж. мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждардың тiзiмi (ZIP 27 Kb)
01.10.2017 ж. мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждардың тiзiмi
01.07.2017 ж. мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждардың тiзiмi
Автомобиль жолдары
2019 жылы Есiл ауданы бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға 800 млн теңге жұмсалды. Есiл өзенi арқылы өтетiн көпiрдi және облыстық маңызы бар ұзындығы 12 км «Покровка-Корнеевка-Горное» автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.
2020 жылға 55 млн. теңге сомасына ұзындығы 2 км. Явленка ауылының кентiшiлiк жолдарын орташа жөндеуге және 41 млн. теңге сомасына ұзындығы 1,5 км. Корнеевка ауылының ағымдағы жөндеуге бюджет қаражаты бөлiндi.
Жылумен жабдықтау
Ауданда коммуналдық инфрақұрылымды одан әрi жаңғырту жүргiзiлуде. 2019 жылы Явленка а. ескi жылу желiлерiн бөлшектеу және ұзындығы 2,1 км. жаңа құбырларды төсеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.
Бұдан басқа, №1 Явленка орта мектебi мен Явленка АОА жаңа қазандықтар жөнделдi, оған үш қабатты және екi қабатты көп пәтерлi тұрғын үйлер, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкiмет корпорациясы» КЕАҚ екi қабатты ғимараты қосылды.
Халықты орталық жылумен қамтуды ұлғайту үшiн ағымдағы жылы 3 қазандық пен жылу трассасының құбырларын сатып алуға, қалған көп пәтерлi тұрғын үйлердi орталықтан жылытуға жүз пайыз қосу үшiн қаражат бөлiндi.
Сумен жабдықтау
2019 жылы 97,8 млн. теңге сомасына ұзындығы 44,5 км. ауданның 8 елдi мекенiнде санация әдiсiмен ескi су тарату желiсiн ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады, ағымдағы жылы ауданның 7 елдi мекенiнде 94,4 млн. теңге сомасына сумен жабдықтау желiлерiн жөндеу жоспарлануда.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлiк және жолдары 2016 ж. 1 тоқсанға
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлiк және жолдары 1 қантар 2016 ж.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлiк және жолдары 2015 ж. 1 қазанға жағдайы бойынша
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлiк және жолдары 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша