Меню

Страницы

Статья

Жасыл экономика

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

«Жасыл экономикаға» көшу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру бойынша қызметi туралы

Ауданда жыл сайын көктем келуiмен абаттандыру, ауанның елдi мекендерiн санитарлық тазалау бойынша үлкен жұмыстар жүргiзiледi. Осы жұмыстарды жүргiзе отыра, бiз ауылдарымызды «сауықтырамыз», оларды көгалдандырамыз, тұрғын үй секторын, мәдени ескерткiштер, әлеуметтiк нысандарды жаңартамыз, өз ауданымыздың эстетикалық қалпын жақсартамыз.

Үш айлық жүргiзу барысында ауданның елдi мекендерiнде 1500 дана ағаштар мен бұталарды отырғызу жоспарланған, жалпы 1300 м2 аумақта гүл жарады. Мәдени ескерткiштер, саябақтар, гүлбақтары, оқу орындарының, мәдениет мекемелерiнiң аумақтары, тұрғын үйлердiң үй алаңдары және аулалары қалыпқа келтiрiледi.

Есiл ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту «2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде iске асырылады. Негiзгi мақсат — тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету, ауылдағы өмiр сапасын жақсарту. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында көлiк инфрақұрылымының жағдайы жақсартылуда, елдi мекендердiң көркi жақсартылуда.

Есiл ауданына электр энергиясын жеткiзудi «СевКазЭнерго» ЖШС жүзеге асырады. Электр энергиясын тоқтаусыз беру мақсатында ауданда электр энергиясы объектiлерiнiң инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымына қызмет көрсету және жөндеу жүргiзiледi, осыған байланысты олардың тозуы төмендейдi және жеткiзiлетiн электр энергиясының сапасы жақсарады. 2017 жылы елдi мекендердiң көшелерiн жарықтандыруға 8,0 млн.теңге бөлiндi. ТКШ бөлiмi бойынша 4,0 млн. теңге игерiлген.

Осы ақшалай қаражаттар 100% келесi баптар бойынша игерiлген:

Электро материалдар қорын сатып алу — 500,0 мың теңге.

Жұмыс және қызмет төлемi 3,5 млн. теңге (елдi мекендердiң көше жарығының төлемi).

Ағымдағы жылы пайдаланылатын электр энергиясына шығындарды оңтайландыру жүргiзiлдi, электр энергиясының үшзоналы жаңа есептеуiштерi орнатылды, ДРЛ-250 шырақтары энергияны үнемдейтiн шырақтарға ауыстырылды, нәтижесiнде 1 жартыжылдықта жоспарланған сомадан 0,8 млн. теңге үнемделiп, Явленка а. көшелерiн жарықтандыру желiсiн қалпына келтiру бойынша жұмыстарды жүргiзуге мүмкiндiк бердi.

Қатты тұрмыстық қоқыстарды басқару жүйесiн жетiлдiруге айтарлықтай көңiл бөлiнедi.

Қазiргi уақытта ауданның елдi мекендерiнде қоқыстарды үю бойынша кесте әзiрленiп, бекiтiлген. 2017 жылдың 1 шiлдесi жағдайы бойынша қоқыстарды орналастыру 46 объектiде iске асырылады. 15 қоқыс тастайтын жерлерге жер учаскелерi ресiмделген. Қатты тұрмыстық қоқыстарды шығарып, оны ҚТҚ тастайтын жерлерге әрi қарай орналастыруды «Қамқор Есiл» ЖШС жүзеге асырады.

Ауданда тұрғындар және ұйымдар үшiн сумен қамтамасыз ету қызметiн «Қамқор Есiл» ЖШС жүзеге асырады. 2017 жылғы 1 қаңтарға ауданның 56 ауылы немесе 83% тұрғындары орталықтандырылған суды пайдаланады, ауданның 28 елдi мекенi немесе 17,9% орталықтандырылмаған сумен қамтылған. 2017 жылы қаражат бөлiнген жағдайда Явленка, Покровка, Мальцево а., соның iшiнде: Покровка а. — 15 км, Явленка а. — 26 км, ТРТ құрылысымен су құбырын қайта құру жоспарланған, бұл жалпы саны 8286 адам, 3 елдi мекен тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудi жақсартуға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығы

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:

1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама (бұдан әрi — Тұжырымдама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

  • Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiтсiн;
  • осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi:

  • өз қызметiнде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
  • мемлекеттiк жоспарлау жүйесi қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуiн қамтамасыз етсiн.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 шiлдедегi №750 қаулысы

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi :

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi — жоспар) бекiтiлсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделi ұйымдар:

  • жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
  • жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы