Мекенжай анықтамасын алу мысалында электрондық қызметтердi алу тәртiбi (ZIP 5447 Kb)
2018 жылға бақылау iс-шаралар жоспары (ZIP 725 Kb)
Мемлекеттiк қызметтердi уақытында және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейiн арттыру тиiмдiлiгiн бағалау критерийлерiнiң бiрi болып табылады
Бүгiнгi күнi тұрғындар түрлi құжаттарды толтыруға, мемлекеттiк органдарға баруға айтарлықтай уақыт жұмсай отырып, дәстүрлi форматта қызмет ала алады. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер шеңберiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң халықпен тiкелей байланысын төмендетуге қол жеткiзу қажет. Жалпы 2019 жылы 80%, ал 2020 жылы 90%-дан кем емес мемлекеттiк қызмет электрондық форматқа көшiрiлуi тиiс».
Әдiстемеге сәйкес 3 негiзгi критерий бойынша Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау: мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету, Қызмет алушылардың қанағаттануы және қызметтердiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Дербес деректердi жинақтауға және өндеуге келiсiм.
Тұрғындарға қолайлы болу үшiн аудан орталығына баруды болдырмау мақсатында Покровка селолық округi әкiмiнiң аппаратында «Connection Point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы орнатылды.
«Электрондық үкiмет» арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу туралы халықпен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, барлық мемлекеттiк қызметтерге жоғары сапалы қолжетiмдiлiкке қол жеткiзу әкiм аппаратының алдында бiрiншi кезектегi мiндет болып табылады. Халықтың мемлекеттiк қызметтерге тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер және оларды көрсету тәртiбi туралы ақпараттық стенд, стандарттар, регламенттер, брошюралар бар. Барлық қажеттi ақпарат Есiл ауданы әкiмiнiң ресми Интернет-ресурсында орналастырылған: esl.sko.gov.kz Покровка ауылдық округiнiң әкiмдiгi: pokrovka-esl.sko.kz «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде, «электрондық үкiмет» веб-порталында көрсетiледi. Округ мамандары жауап бередi туындаған сұрақтар бойынша тұрғындардың порталды пайдалану , алуға көмектеседi қызметтi көрсету кезiнде электрондық цифрлық қолтаңбаны вакансия болып жатса сiзге хабарласамыз туралы қолайлылық тiркеу мобильдi үкiметi мақсатында одан әрi кедергiсiз мүмкiндiктер қызметтi алуға деректер базасында EGOV көмегiмен немесе бiр реттiк құпия сөздi.
Мемлекеттiк қызметтердi электрондық түрде алудың артықшылықтары:
Толық ақпаратты Покровка селосы, Первомайская көшесi, 2 үй, тел.: 23-7-79, ресми Интернет-ресурсы бойынша орналасқан Покровка селолық округi әкiмiнiң аппаратынан алуға болады: pokrovka-esl.sko.kz ескерту.
Мемлекеттiк қызметтердi ұсыну және жетiлдiру мәселелерi бойынша азаматтардың өтiнiштерi үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi Министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiне 8(715-2)50-24-19 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Нұрлан Бимақанов
Покровка ауылдық округiнiң әкiмi
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Дипломмен селоға!» жобасы жүзеге асырыла басталды. Жобаның мақсаты — ауылдық аумақтарды қажеттi еңбек ресурстарының, яғни әлеуметтiк және агроөнеркәсiп кешенiнiң мамандарының кадрлық әлеуетiн нығайту. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешендерiнiң мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну жөнiндегi мемлекеттiк қызмет көрсету 2015 жылдың сәуiрiнен бастап «СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» КММ тапсырылды.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 Бұйрығымен бекiтiлген Ережеге сәйкес Жоба аясында келесi әлеуметтiк қолдау шаралары қарастырылған:
Әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну тәртiбi, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрi м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №275 бұйрығымен бекiтiлген Қағидалармен, регламенттермен, стандарттармен анықталды және де оларға сәйкес әлеуметтiк қолдау ауылдық елдi мекенде орналасқан әлеуметтiк салада және агроөнеркәсiп кешенi салаларының мекемелерiнде үш жылдан кем емес жұмыс iстеу шартымен Келiсiм негiзiнде ұсынылады. Мемлекеттiк қызметке қатысты нормативтi-құқықтық актiлер «Есiл ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» КММ интернет-ресурсында, стендте орналастырылған.
Әлеуметтiк қолдау шарасын алу үшiн қызмет алушының немесе оның сенiмхаты бойынша уәкiлетiнiң жүгiнуi барысындағы қажеттi құжаттар тiзбесi:
Құжаттар көшiрмемен және салыстыру үшiн түпнұсқамен тапсырылады, құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан соң маманға қайтарылады.
2018 жылдың 6 айында барлығы қағаз түрiнде 43 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. 4 маманға бюджеттiк несие берiлдi, соның iшiнде салалар бойынша:
Сонымен қатар, аталған Бағдарлама бойынша 39 маманға көтерме жәрдемақы берiлдi, соның iшiнде салалар бойынша:
Сұрақтар туындаған жағдайда келесi мекенжайға хабарласа аласыз: Явленка а., Ленина к-сi, 10 «Есiл аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» КММ, байланыс телефоны 2-26-17.
Мемлекеттiк қызмет көрсету тақырыбы бүгiнгi күнi ерекше өзектi мәселе.
Бiз күнделiктi өмiрде осы тақырыппен жиi кездесемiз.
Жоғары сапалы мемлекеттiк қызметтерде ашық және барлығына тең қол жеткiзу, Мемлекет басшысының мемлекеттiк басқару органдарының алдына қойған негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.Мемлекеттiк қызметтердi сауатты ұсыну — бұл өз азаматтарының лайықты өмiр сүруiне жағдай жасауды бiлдiредi.
Қызмет көрсетушiнiң мiндетi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру болып табылады.Көрсетiлетiн қызметтi алушыларға сапалы қызмет көрсету үшiн «Кеңес Одағының батыры Тимофей Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебi» КММ-де кеңес беру қызметi ұйымдастырылған.
Өмiрде адам бiлiм туралы құжатты жоғалтуы немесе қандай да бiр себептермен бүлдiрiп алуы мүмкiн. Осы жағдайда не iстеу керек? «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызметте талап етiлетiн қызметтердiң бiрi болып табылады.Осы қызметтi көрсетуге өтiнiште көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы, яғни сiз оқыған бiлiм беру мекемесiне немесе «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (ХҚКО) арқылы беруге болады. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi негiзгi орта бiлiм туралы аттестаттың төлнұсқасын немесе жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың төлнұсқасын беру болып табылады. Стандартта көзделген қызметтi көрсету мерзiмi 15 жұмыс күнiн құрайды.
Құжаттарды «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы (ХҚКО) арқылы қабылдау кезiнде, сiзге келесi құжаттарды ұсыну қажет:
Мемлекеттiк қызметтердi алу туралы барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға: 8(71543)2-20-34 Явленка селосы, Қизатов көшесi, 80, мекен-жайы бойынша орналасқан «Кеңес Одағының батыры Тимофей Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебi» КММ, сондай-ақ Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде қызмет алушының құқықтары бұзылған жағдайда Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Департаментiне 8(7152)50-24-19 телефоны арқылы хабарласуға болады.
«Кеңес Одағының батыры Тимофей Позолотин
атындағы №1 Явленка орта мектебi» КММ директоры
З.Қ. Рахиева
Мемлекеттiк қызмет көрсету — елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiшi. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы — мемлекеттiк қызметшiлер жұмысы тиiмдiлiгiнiң басты көрсеткiшi болатынын және ол мемлекеттiк тұтынушы ретiнде тiкелей халыққа арналуға тиiс екендiгi қадап айтылады.
Халыққа сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету арқылы мемлекеттiк органдар жұмысына азаматтардың сенiмiн арттыру Заречный ауылдық округi әкiмi аппараты жұмысының басым бағыттарының бiрi болып табылады. Ауылдық округ әкiмi аппаратымен жүйелi түрде жеке және заңды тұлғаларға сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету, алу мүмкiндiктерi жайлы түсiндiру жұмысы жүргiзiледi. Округ бойынша тегiн түрде мемлекеттiк қызметтiң 8 түрi көрсетiледi. Тұрғындар жиi «Қосалқы шаруашылық болуы туралы анықтама», «Саудаға салуды қажет етпейтiн жер телiмiн жекеменшiкке беру туралы» мемлекеттiк қызмет түрлерiн алу бойынша көмекке жүгiнедi.
Бүгiнгi күнi халықтың негiзгi бөлiгi қызметтiң дәстүрлi түрiн қолданады, яғни мекемеге барып қағаз түрiнде құжаттар жинайды. Осылайша, уақыттарын тиiмдi пайдалана алмай жатады. Осы ретте әкiмдiк мамандарымен халыққа мемлекеттiк қызмет түрлерiн электронды үкiмет арқылы алу жайы түсiндiрiледi. Ақпараттық технологиялардың белсендi даму уақытында азаматтарға мемлекеттiк қызмет түрлерiн алу үшiн, сандық технологияларды қолдану бойынша түсiндiру жұмысы әкiм аппараты үшiн өзектi болып табылады. Өйткенi, жаңалықтарға ұмтылу, жаңаша қадам басуға жетелеу, қоғамдық сананы жаңғыртуға мүмкiндiк бередi. Олай болса, азаматтарға қолайлы жағдай жасап, мемлекеттiк қызметтiң қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында әкiм аппаратында «Connection Point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы жұмыс жасайды. Қажет болған жағдайда әкiмдiк мамандары азаматтарға порталды пайдалануды және электронды сандық қолтаңбасы болған жағдайда қызмет алуды үйретедi. «Connection Point» секторының арқасында компьютермен жұмыс iстей алмайтын азаматтар компьютердi қолдану бiлiктiлiктерiн арттырып, өз беттерiнше «электрондық үкiмет» порталы арқылы үйден шықпай-ақ барлық мемлекеттiк қызмет түрлерiн ала алады.
Президентiмiз Н.Ә. Назарбаев мемлекеттiк органдар алдында тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру тапсырмасын қояды. Бұл тапсырманың орындалуы басты назарда.
Сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету — Заречный ауылдық округi әкiмi аппаратының табысты жұмысының кепiлi.
Заречный ауылдық округi әкiмiнiң аппараты
Ауылдық округ әкiмi аппаратының көрсетiлетiн қызметiнiң бiрi «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» қызметi болып табылады.
Бұл қызметтi ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында, «Халыққа қызмет көрсету орталығында», СҚО бойынша КЕАҚ-ның филиалы Мемлекеттiк корпорациясы «Азаматтарға арналған Үкiмет», және веб-портал «электрондық үкiмет» www.gov.kz алуға болады.
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша нысаналы мақсатын өзгерту туралы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн әкiмшiлiк арқылы жазбаша өтiнiш беру қажет. Өтiнiште учаскенiң кадастрлық нөмiрi, сiзбен сұрау салынған жерге нысаналы мақсаты, көлемi және деректер актiсi негiзiнде көрсету қажет.
Егер сiз мемлекеттiк қызметтi ХҚО арқылы алуды шешсеңiз, белгiленген нысан бойынша өтiнiш толтырасыз, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жер учаскесiнiң құнын сатып алу қажет болған жағдайда жер учаскесiнiң кадастрлық актiсiн қоса бересiз, берiлген өтiнiштi растайтын сiзге хабарлама берiледi.
Электронды өтiнiмнен бөлек, «электрондық үкiметiнiң» веб-порталы арқылы қызмет алу кезiнде, сiз жер учаскесiнiң құнын сатып алу қажет болған жағдайда жер учаскесiнiң кадастрлық актiнiң электрондық көшiрмесiн бересiз.
Бұл қызмет 30 күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiледi.
Комиссия қорытындысының негiзiнде жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешiм шығарады немесе бас тартқан жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап берiледi.
Халыққа қолайлы болу үшiн ауданға iс-сапарға шығуды болдырмау мақсатында ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында өзiне өзi қызмет көрсету секторы орнатылған, мұнда әрбiр округ тұрғыны қажеттi мемлекеттiк қызмет ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) ала алады.
Толық ақпаратты Ильинка ауылдық округiнiң әкiмi аппаратында алуға болады, мекен-жайы: Ильинка а., Ленин к-сi, 47, байланыс телефоны 27-1-75. Ресми интернет ресурсы: ilinka-esl.sko.kz.
Сондай-ақ азаматтардың ұсыну мәселелерi және жетiлдiру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмдерiне өтiнiш беру үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ғылым Министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы агенттiгiнiң телефон арқылы алуға болады: 8-7152-50-24-19.
Ильинка ауылдық округiнiң әкiмi
Н. Кудряшова
Заманауи қоғамда өмiр сүретiн әр адам «мемлекеттiк қызметке» жүгiнедi.
Мемлекеттiк қызмет ұғымына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызметтер туралы» Заңымен бекiтiлген,қызмет алушының жеке арызы бойынша көрсетiлетiн, олардың заңды мүдделерi мен бостандықтарын бұзбай, құқықтарының орындалуына бағытталған және құнды немесе құнсыз деректердi ұсына отыра оларға мемлекеттiк қызмет көрсету түрi.
Құқықтық регламентация мемлекеттiк қызмет регламентi және мемлекеттiк қызмет стандарты түрiндегi заңды құқықтық актiлер түрiнде көрсетiледi. 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк қызметтер Тiзiмдемесiне сәйкес, «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң Корнеевка селолық округiнiң әкiмi аппараты» КММ 8 қызмет түрiн көрсетедi: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру», «Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну», «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою», «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру», «Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу», «Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру».
Кейбiр мемлекеттiк қызмет көрсету түрлерi автоматизацияланған және «Электронды үкiмет» веб-порталынды орналастырылған. (Egov.kz)
E-gov электронды Үкiметi порталы арқылы қызмет алу үшiн «Connection point» бұрышы ресiмделген,смарт-катридер қондырғысын оқитын арнайы жиынтықты компьютер орналасқан.
Мемлекеттiк қызметтердi электронды түрде алудың басымдылықтары:
А) көрсетiлетiн қызметке байланысты ақпарат алудың қолжетiмдiлiгi
Б) мемлекеттiк қызмет процедураларын қарапайымдандыру,жеңiлдету
В) қызмет алу барысымен байланысты уақытты қысқарту
Г) азамат өтiнiшi бойыншы қызметтiң әр кезеңi туралы ақпараттандырып отыру
Е) мемлекеттiк қызмет туралы өтiнiштi жұмыс немесе үй компьютерi арқылы ұсыну
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн электрондық нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушыға электронды цифрлық қолтаңба алу және «электрондық үкiмет» (www.egov.kz) веб-порталында сондай-ақ тiркелу қажет.
Бiрыңғай байланыс орталығы «жеке кабинетi» веб-портал «электрондық үкiмет» мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызмет көрсету арқылы қашықтықтан қол жеткiзу тәртiбi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу мүмкiндiгi бар.
Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат қызметалушының веб-порталындағы «жеке кабинетiне» қызметберушiнiң өкiлiмен электронды цифрлық қол қойюы бойынша электронды құжат түрiнде жiберiледi.
Мемлекеттiк қызмет «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» облыстың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қала әкiмдерiмен, ауыл, ауылдық округ жергiлiктi атқарушы органдарымен орындалады .
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету тәртiбi
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету мерзiмi:
1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап қызмет берушiге, Мемлекеттiк корпорациясына немесе порталға күнтiзбелiк — 30 (отыз) күнге дейiн;
қызметберушi екi жұмыс күнi iшiнде құжаттарды алған күннен бастап қызмет — алушының ұсынылған құжаттарының толықтығын тексередi.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда қызметберушi өтiнiштi одан әрi қараудан бас тартуы туралы көрсетiлген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi.
Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
2) құжат топтамасын тапсыру үшiн күтудiң шектi уақыты — 15 (он бес) минут
3) қызмет көрсетудi күтудiң шектi уақыты — 15 (он бес) минут
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандыр ылған) және қағаз түрiнде.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — туралы шешiм жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту.
Қызметалушы қағаз тасығышта мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу үш жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету басып шығарылады және мөрмен және көрсетiлетiн қызметберушiнiң уәкiлеттi адамының қолымен электрондық нысанда ресiмделедi.Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.
Қызметалушылардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғауда құқықтық реттеу мемлекеттiк қызмет көрсетудiң елеулi рөлiн атқаратыны жайында қорытындыда атап өту керек, сондай-ақ айғақтайды Мемлекетiмiздiң стратегиялық құжаттары куәландырады.
Корнеевка ауылдық
округiнiң әкiмi Г. Зимарёв
Мемлекеттiк қызмет алушылардың қызметтерiн көрсетуге және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық артықшылықтар беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды жүзеге асырудың бiр түрi. Жоғары сапалы мемлекеттiк қызметтерге ашық және тең қол жетiмдiлiк мемлекеттiң алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi болып табылады. Мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы сақтау негiзiнде Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызмет көрсетудiң 6 түрiн ұсынады.
Мемлекеттiк қызмет тiзiмiне сәйкес барлық мемлекеттiк қызметтерге өтiнiш «Мемлеккетiк корпорация «Азаматтық үкiмет», электрондық веб-портал арқылы көрсетiлiдi.
Мемлекеттiк қызметтер тегiн түрде көрсетiледi.
Халықтың мемлекеттiк қызметтерге тең қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат беру бөлiмнiң ресми интернет-ресурстары және бөлiмдегi хабарлама стендтарында «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, мемлекеттiк қызмет көрсету трлерi, мемлекеттiк қызмет регистрлер, стандарттар және регламенттер орналасқан.
Сонымен қатар 2-14-87 телефондары арқылы кез-келген мемлекеттiк қызмет алушы мемлекеттiк қызметке өтiнiм бере алады.
Бүгiнгi күнi қызмет алушылардан ешқандай шағымдар тiркелген жоқ.
Қызмет берушi «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» КММ орналасқан мекенжайы СҚО, Есiл ауданы Явленка ауылы, Ленин көшесi, 10 тел. 8(71543) 2-14-87.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы
әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала
құрылысы бөлiмi» КММ басшысы
Б. Исмағұлов
Барлық қоғам мүшелерiне және соның iшiнде мүгедектерге, қызмет алуға және обьектiлерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, БҰҰ «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясын iске асыру шараларының ең маңызды жолдарының бiрi болып табылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен мүгедектердi протездi ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, мiндеттi гигиеналық құралдар және арнаулы жылжитын құралдармен (мүгедектiң кресло-коляскасымен) қамтамасыз ету бойынша жұмыстары жүргiзiледi. Одан басқа, санаторий-курорттық емделу және жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшiнiң және естуi бойынша мүгедектер үшiн ымдау тiлi маманының қызметтерi ұсынылады.
Жеке көмекшi — шарт талаптарымен мүгедекпен бiрге оның тұратын жерiнен баратын пунктiне дейiн және қайтарда: жұмысқа, оқу орындарына, сондай-ақ мүгедек жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтiк сала объектiлерiне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектiлерiне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына және оқуына, жұмысқа орналасуына, өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауына және iске асыруына, ақпарат алуына, қажеттi құжаттарды ресiмдеуiне байланысты мәселелердi шешуi үшiн өзге де ұйымдарға барған кезде iлесiп жүру бойынша әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн маман.
Жеке көмекшiнiң, ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну оңалту жеке бағдарламасы (бұдан әрi — ОЖБ) негiзiнде жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына, немесе тiкелей жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне келесi құжаттармен бiрге берiледi:
Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
Құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлiмдерi құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге жеке көмекшiнiң қызметтерiн ұсынуға құжаттарды ресiмделгенi туралы хабарламаны жiбередi
Мемлекеттiк қызметтi ұсыну саласындағы толық түсiнiктемелердi алу үшiн, Сiз Явленка с. Ленина 20 к-сi мекен-жайында орналасқан, байланыс телефоны 2-17-59, «СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ, немесе Явленка с. Ленина 6 к-сi мекен-жайында орналасқан, байланыс телефоны 2-20-33 «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы «ХҚКО» жүгiне аласыз.
Ресми интернет ресурсi: ozsp-esil
Азаматтар мемлекеттiк қызметтердi көрсету процедурасын жақсартуға және ұсыну сұрақтары бойынша 8-7152-50-24-19 телефоны арқылы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiне жүгiне алады.
Көктемгi — егiс жұмыстары жақындап келе жатыр, сондықтан көктемгi — егiс жұмыстарына қатысатын ауыл шаруашылығы құрамаларының басшыларына ауыл шаруашылық техникасын жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқауға ұсыну керек. Тракторлардың жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу бойынша мемлекеттiк қызмет Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi КММ ұсынады. Жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттiк қызмет көрсетедi.
Машиналарды техникалық байқаудан өткiзуге асыру үшiн заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттар ұсынады:
1. жеке тұлға (не оның оның сенiмхат бойынша өкiлi):
2. заңды тұлға (не оның оның сенiмхат бойынша өкiлi):
Машиналардың техникалық байқауына өтiнiш берген күннен бастап жұмыс күн iшiнде күнтiзбелiк 15 (он бес) жүргiзiледi, ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң инженер-инспекторы тiркеу пунктiнде немесе орналасқан жерiнде меншiк иесiнiң немесе уәкiлеттi тұлғаның қатысуымен өткiзiледi.
Жеке және заңды тұлғалар мiндеттi түрде, ие болған машиналардың техникалық жай-күйiн тексеруге ұсынады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша толық түсiнiктемелер алу үшiн «СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ мекен-жайы: Явленка селосы, Кизатова көшесi 96, немесе 21448, 21261 телефондарына жүгiнуге болады.
Ауыл шаруашылығы
бөлiмi басшысының м.а.
Е. Төменбаев
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету — мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарының бiрi болып қалады. Ашық және қолжетiмдi мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру — Елбасының мемлекеттiк басқару органдарының алдынақойылған негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ 8 (сегiз) түрлi мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.
Бұл қызметтi алу үдерiсiн жеңiлдету, аудан орталығына бармау үшiн, Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында өзiне-өзi қызмет көрсетуге арналған «Connection Point» аумағын құралған, бұл аумақта әрбiр азамат электронды қызметтi өзi немесе ауылдық округ әкiмi аппаратының маманының көмегiмен ала алады.
Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiне тең жетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында, Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi, буклеттер, берiлген тақырыпқа арналған кiтапшалар туралы ақпараттық стендi орналасқан. Сондай-ақ, барлық ақпарат Есiл ауданы әкiмiнiң www.esl.sko.gov.kz, ресми сайтында, Заградовка ауылдық округi әкiмдiгiнiң www.zagradovka-esl.sko.kz «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде, «электрондық үкiмет» веб-порталында орналастырылған.
Қазiргi уақытта, мүгедек және халықтың мобильдiк топтарына кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әкiмi аппаратының ғимараты сәйкестендiрiлдi.
Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппаратына көбiнесе, қызметтi алушылар көрсетiлетiн «Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру» мемлекеттiк қызмет көрсету туралы түсiндiру өтiнiшiмен жүгiнедi.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған мемлекеттiк қызметтi алу үшiн, қызметтi алушы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамға жүгiнуi қажет немесе өз еркiмен келесi құжаттарды қоса бере отырып электрондық үкiмет проталына өтiнiм бере алады:
Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi 28 жұмыс күнi.
Мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде бостандықтары мен заңды мүдделерiн, құқықтарын қорғау үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту ұсыныстарын енгiзуге, әрбiр азамат СҚО Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң 8(715-2)50-24-19 телефонына хабарласа алады.
Заградовка ауылдық округәнәң әкiмi
Б. Төлегенов
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарының бiрi болып қалады. Ашық және қолжетiмдi мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру Елбасының мемлекеттiк басқару органдарының алдына қойылған негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Мемлекеттiк қызмет туралы айта кетсек, олар адам өмiрiнiң барлық саласын қамтиды. Адам туған сәттен бастап, өмiр бойы мемлекеттiк қызметтердi алу арқылы мемлекетпен өзара байланыста болады. Мәселен, туу туралы куәлiк алу, арнайы әлеуметтiк жәрдемақыны рәсiмдеу адам өмiрiндегi бiрiншi мемлекеттiк қызмет болып келедi. Айта келсек азамат толықтай мемлекет қызметiне бағынышты, мемлекет, өз кезегiнде, толыққанды өмiр сүру үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етуi керек.
Алматы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтердi уақытылы және сапалы көрсету бойынша жұмыстарды тұрақты жүргiзiп тұрады. Әкiмшiлiк ғимаратында, халыққа қол жетiмдi жерде, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы барлық қажеттi ақпарат орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде ауылдық округ әкiмiнiң аппараты келесi негiзгi принциптердi ұстанады:
Ыңғайлы және қол жетiмдi мемлекеттiк қызмет алу нысанының бiрi Мобилдi ХККО-ның келуi болып табылады.Шалғай елдi мекендер тұрғындары уақыттарын үнемдеп, округ аумағынан шықпай қажеттi мемлекеттiк қызмет алуға мүмкiндiктерi бар. Сондықтан Мобильдi ХҚКО-ына мемлекеттiк қызметтерге тапсырыс бере отырып, оларды қуана қарсы алады. Мобильдi ХҚКО-ы келген жағдайда жиi сұранысқа ие болған мекен жай анықтамасы, сотталмағаны туралы анықтама. Бұл қызметтi алу үдерiсiн жеңiлдету мақсатында құрылған «электронды үкiмет» порталы дамып келедi.
Алматы ауылдық округi әкiмiнiң ғимаратында өзiне – өзi қызмет көрсету «Connection Point» аумағын құру бойынша жұмыс жүргiзiлуде, бұл аумақта әр азамат элетронды қызметтi өзi немесе ауылдық округ әкiмiнiң маманының көмегiмен ала алады.
Жиындарда, аулаларды аралау кезiнде тұрғындарға мемлекеттiк қызметтi «электронды үкiмет» порталы арқылы алу мүмкiндiктерi бары туралы түсiндiрмелi жұмыстар әрдайым жүргiзiлiп отырады.
Сондай-ақ, әрбiр азамат мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде бостандықтары мен заңды мүдделерiн, құқықтарын қорғау үшiн, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн ұсыныстарды енгiзуге СҚО мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Департаментiнiң 8(7152)50-19-24 телефоны арқылы, Бiрыңғай байланыс орталығына 1414 нөмiрi арқылы хабарласуға құқылы.
Сонымен қатар мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi туралы қосымша ақпаратты Есiл ауданы әкiмiнiң, Алматы ауылдық округi әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында таныса аласыздар.
Алматы ауылдық округiнiң әкiмi
Л. Ботина
«СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ, жер қатынастары саласындағы мәселелердi реттейтiн, мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi.
«Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке, заңды тұлғаларға, немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiне көрсетiледi.
Осы қызметтi көрсету туралы өтiнiштi «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамына (ХҚКО) беруге болады. Қызметтi көрсету мерзiмi, өтiнiш берiлген күннен 3 жұмыс күнiн құрайды.
Бұл қызмет, жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары негiзiнде анықталатын, мемлекет жер учаскесiн сатқан кезде қолданылатын, жер учаскесiнiң есептеу құның белгiлейдi. Осылайша, егер Сiз жер участкесiн жеке меншiкке сатып алғыңыз келсе, Сiзге Мемлекеттiк корпорациясына өтiнiшпен жүгiнуге және келесi құжаттар пакетiн қосып беруге қажет:
Мемлекттiк қызметтер көрсету саласында, толық түсiнiк алу үшiн, Сiз келесi мекенжай бойынша орналасқан: Явленка а., Ленин к. №20, байланыс телефоны 2-15-65 «СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ немесе келесi мекенжайы бойынша орналасқан: Явленка с., Ленин к. №6 байланыс телефоны 2-20-30 «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемелекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «ХҚКО» Департаментiнiң Есiл аудандық бөлiмiне жүгiне аласыз.
Ресми интернет-ресурсы: ozo-esl.sko.kz
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң рәсiмдерiн жетiлдiру және беру мәселерi бойынша азаматтардың жүгiнуi үшiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Департаментiне 8-7152-50-24-19 телефоны арқылы жүгiнуге болады.
Бөлiмi басшысы Е. Губа
Жылсайынғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң халық алдындағы сайлауында ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң сапасыга және мемлекеттiк басқарма деңгейiнен асыру барысында мемлекеттiк қызмет жүйесiне өзгертулердi енгiзуге аса көiл бөледi.
Рухани мемлекетiмiздiң мемлекеттiк қызмет туралы ойы, ол өз азаматтарын лайықты өмiр сүру үшiн өз мiндетiне алды дегендi бiлдiредi.
Кезектегi бiрiншi мақсат қызмет берушiнiң беретiн қызметiнiң сапасын арттыру. Қызмет алушыға қызмет көрсету сапасын арттыру үшiн ақпараттық аймақты ресiмдеу округiнде округке тапсырылатын мемлекеттiк қызметтiң тiзiмдерiмен танысуға болады және консултативтiк көмек алу мүмкiндiктерi бар.
Талап етiлетiн қызметтiiң ең маңыздысы, ол «Мемлекеттiк меншiктегi жер телiмiне құқықты иеленуге сауда саттықты талап етпейтiн (конкурстар, аукциондар)» мемлекеттiк қызмет болып келедi. Осы қызмет, бекiтiлген стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған (олар тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бақшалықты дамыту, кәсiпкерлiк қызметтi дамыту үшiн және т.т.б.) белгiленген мақсат үшiн жер телiмiн ұсыну туралы қызмет алушының жазбаша хаты негiзiнде ұсынылады. Жерге орналастыру жобаны бекiту туралы бұйрық болған жағдайда және жер комиссиясының қорытындысы оң жағдайда қызмет алушыға берiлетiн қызмет ауылдық округiнiң әкiмiнiң шешiмi болып табылады. Стандартпен қарастырылған қызметтiң көрсету мерзiмi 30 жұмыс күнiн құрайды. Ескере кететiнi, берiлген осы мерзiм жерге орналастыру жобаны дайындау уақытына кiрмейдi.
Мемлекетiмiздi инновациялық дамыту жағдайында «Электрондық Үкiмет» порталын жаңғырту электрондық фоматта мемлекеттiк қызметке оперативтiк қолжетiмдiлiк және азаматтарды бақылау құралдарымен қамтамасыздандыруды кепiлдейдi. Осы портал «бiр терезелiк» принципi бойынша халықтың мемлекеттiк қызметiн ұсыну процедурасын болдырмау мақсатында құрылған.
Азаматтарға өз беттерiнше керектi қызметтi электрондық үкiмет шлюз арқылы алуға округте өзiн-өзiне қызмет көрсету аймағы жабдықтандырылған.
Қызмет алушы порталдан мемлекеттiк қызмет алуға арналған өтiнiмдi жеке куәлiгiнде көрсетiлген электрондық-цифрлық қолтаңбаның бар болған жағдайында ған өз бетiнше бере алады. Мекен жайлық анықтаманы алуға, жинақталған зейнетақы туралы анықтамаға тапсырыс беруге, баланы мекепалды ұйымына кезекке қоюға, соттық iсi жоқ туралы анықтаманы алуға және т.т.б., осы барлық тiзiмделген ақпарат анықтамаларды «Е-gov» порталынан алуға болады. Өзiн-өзiне қызмет көрсету аймағында өзiңе деген керектi қызметтi алуға арналған қадамдық нұсқаулық бар.
Мемлекеттiк қызметтi алу туралы қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша мына мекен жайға қаралуға болады: Явленка ауылы, Амангелдi Иманов к-сi, 78 орналасқан Явленка ауылдық округi әкiмiнiң аппаратының 8(71543)2-28-49 телефоны арқылы және де Мемлекеттiк қызмет iстерi бойынша Агенттiгi Департаментiнiң және Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы 8(7152) 50-24-19.
Явленка ауылдық округiнiң әкiмi
М. Тлеукин