Меню

Страницы

Статья

Құқықтық сұрақтар бойынша анықтамалар және түсіндіру материалдары

Сұрақ: қандай мерзiм iшiнде тұлға жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн өтiнiшпен жүгiнуге қажет?

Жауабы: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 26 шiлдедегi Заңының 9-бабына сәйкес, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшiн негiз болып табылатын заңдық факт басталған, оның iшiнде шартты нотариат куәландырған, сот шешiмi күшiне енген, өзге де құқық белгiлейтiн құжаттар берiлген кезден бастап алты айдан кешiктiрмей мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.

Сұрақ: Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды уақтылы тiркемегенi үшiн қандай жауапкершiлiк қарастрылған?

Жауап: — Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 460-бабы 1-тармағына сәйкес:

  1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берудiң «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмiн бұзуы — ескерту жасауға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет — жеке тұлғаларға — он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Дата публикации
09 июня 2021
Дата обновления
09 июня 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы