Меню

Страницы

Статья

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша ақпарат

2017 ж. 1 сәуiр бойынша ақпарат

Iшкi саяст бөлiмiнiң қызметiнiң бiрiншi кезектi тапсырмасы 2017 жылғы 31 қаңтардағы ҚР-сы Президентiнiң «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауының негiзгi жағдайларын түсiндiру мен насихатты iске асыру болып табылады, аудандық ақпаратты-насихатты топтың құрамы, Есiл ауданында ҚР-ы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асыру бағытының ақпараттық шығуы бойынша iс-шаралар жоспары әзiрленiп, бекiтiлдi.

Аудан бойынша АНТ саны 17 (1-аудандық, 16-селолық округтерде). Ауданда АНТ мүшелерiнiң саны 177 адамды құрайдды (60-аудандық АНТ мүшелерi, 177-селолық округ АНТ мүшелерi). 2017 жылдың есеп беру кезеңiне Жолдауды түсiндiру шегiнде 1397 адамның қатысуымен 32 кездесу өттi. Ауылдық АТ мүшелерiнiң шығуы апта сайын, аудандық АТ мүшелерi — айына 1 рет.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша атқарған жұмыстар туралы ақпарат

Iшкi саяст бөлiмiнiң қызметiнiң бiрiншi кезектi тапсырмасы 2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР-сы Президентiнiң «Қазақстан жана жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» Жолдауының негiзгi жағдайларын түсiндiру мен насихатты iске асыру болып табылады, аудандық ақпаратты-насихатты топтың құрамы, Есiл ауданында ҚР-ы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асыру бағытының ақпараттық шығуы бойынша iс-шаралар жоспары әзiрленiп, бекiтiлдi.

Аудан бойынша АНТ саны 17 (1-аудандық, 16-селолық округтерде). Ауданда АНТ мүшелерiнiң саны 177 адамды құрайдды (60-аудандық АНТ мүшелерi, 177-селолық округ АНТ мүшелерi)

«Есiл таңы», «Ишим» аудандық газеттерiнде ҚР-сы Президентiнiң «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» Жолдауының мәтiнi жарияланды, «Жолдау шегiнде» айдарында 4 мәлiмет жарияланды.

Ағымдағы 2016 жылда Жолдауды түсiндiру шегiнде 594 адам санымен қамтылған — 16 кездесу өткiзiлдi. Аудандық АНТ мүшелерi — айына 1 рет, округтiк АНТ мүшелерiнiң шығуы апта сайын жүзеге асырылады,

Iшкi саясат бөлiмi

Мемлекет басшысы Нұрсултан Әбiшұлы Назарбаевтың «Қазақстан жана жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» Жолдауына пiкiрлер

Самрат Махаббат,
Есiл ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң бас маманы:

2015 жыл — ұлттық тарихымызды ұлықтап, бүгiнгi биiктерiмiздi бағалайтын мерейлi белестерге толы жыл. Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы аталып өттi. Атаулы даталарды мерекелеу барысында, бiздерге, қазақстандықтарға рухани тұрғыда бұрынғыдан гөрi нығайып, одан да бетер күштiрек болуымыз маңызды екендiгiн ұмытпаған жөн.

Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында ұтымды жоспарларды iске асырдық және жүзеге асырып келемiз. Әйтсе де, бiр жағадан бас, бiр етектен қол шығарып елдiгiмiздi шындайтын уақыт ендi келiп жеттi. Себебi жаһандық ахуал бәрiмiздiң көз алдымызда өтiп жатыр. Бiрақ бiз, еңсемiздi түсiрмей, керiсiнше өмiрдiң мына бұралаң-бұралаң жолдарында салқын қандылық көрсетiп, мүдiрмей өтуiмiз қажет.

Әлемдегi ең дамыған 30 мемлекеттiң қатарына қосылу үшiн, жаңаша үн қоса отырып, жаңа шыңдарға жетелейтiн көшбасшының даналығы өте маңызды. Бiз, қазақстандықтар сол данагөй көшбасшының болғанына дән ризамыз. Ол — елiмiздiң дамуына үлес қосқан, бiлiктi саясаткер, Тәуелсiз ел атануымызға жол ашқан беделдi тұлға, Тұңғыш Президентiмiз Н.Ә. Назарбаев.

Жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын жариялап, ұтымды идеяларын ұсынып келедi. Мiнеки, биылғы жылдың 30 қарашасы күнi де, жаңа үнмен жаңа Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Өз, басым бұл жолдауды жаңа идеяларға толы болатынына сенгенмiн, себебi ертеңiмiз бен келешегiмiздiң кемелдi болуына басты себепкер — осы Жолдау екенiне көзiм жеттi.

«Елдiң бақытты, жерiмiздiң гүлденген қасиеттi Отанымыз Қазақстанды «Мәңгiлiк Ел» етудi» мақсат еткен Тұңғыш Президентiмiз Елбасы Н.Ә. Назарбаев дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына Жолдауын жария еттi. Бұл жолдау жаңа глобалды ақиқаттарды шақыру, кризиске қарсы Қазақстанның мүмкiндiктерi, кризиске қарсы және құрылымдық қайта құрудың бес бағытынан тұрады. Елбасының осы ұтымды идеясы бiздi кризистен, жаһандық ахуалдан құтқарады деген сенiмдемiн.

Сонымен қатар, Елбасының әр шешiмдi қабылдаған кезде, елiмiздiң бейбiт пен тұрақтылықты, келiсiмдi қолдайтын бейбiтшiл саясаты көңiлге медет болып, айбындандырады. Болашаққа бастар жолдағы әр қадамы бейбiт өмiр, келiсiм мен тұрақтылықтың синонимi iспеттес. Шыны керек, Сириядағы жағдайларды бастан кешiрмей, шаңырағымызда тыныштық орнап жатқанынан артық ештеңе жоқ шығар. Көгiмiзде көк туымыз желбiреп, шаңырағымызда бәрiмiздiң басымыз қосылғаннан артық бақыт жоқ, себебi бейбiтшiлiк болмаса, басқа құндылықтардың еш қадiрi жоқ.

Бұл Жолдаудың мен үшiн де, басқа да мемлекеттiк қызметкерлер үшiн де маңызы зор, себебi, еңбегiмiз бағаланып жатыр. Елбасымыз халыққа әлеуметтiк көмек жасауды ұмытпайтынын, халықтың әл-ауқатын ойлайтынын тағы бiр мәрте дәлелдедi. Атап өтсем, «Б» корпусындағы мемлекеттiк қызметкерлер үшiн 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыға 30 пайыз қосылатындығы қуантты. Сонымен қатар, Елбасымыз қызметкерлердiң барлық санаттары мен салаларын қадағалап, тиiсiнше жалақыларын көтермелеудi жоспарлады. Айта кететiн болсақ, денсаулық сақтау қызметкерлерiне — орта есеппен 28 пайызға дейiн, бiлiм беру мекемелерiне — 29 пайызға дейiн, әлеуметтiк қорғау қызметкерлерiне — 40 пайызға дейiн көтермелеу керектiгiн жария еттi. Стипендияны, мүгедектер мен асыраушыдан айырылғандар бойынша әлеуметтiк жәрдемақыны 25 пайызға еселеу қамтамасыз етiледi. Ал зейнетақы инфляция деңгейiнiң алдына шығуымен 2 пайызға өсетiндiгi аталып өтiлдi.

Мен, бұл жоспар болашаққа нық қадам басудағы маңызды құжат деп есептеймiн және қолдаймын.

Дата публикации
08 июня 2021
Дата обновления
08 июня 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы