Кондратьева Ольга Алексеевна
№1 Явленка сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты
Кондратьева Ольга Алексеевна, 1976 жылдың 4 ақпанында Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданының Сергеевка қаласында дүниеге келген, ұлты украин, бiлiмi жоғары. 1999 жылы СҚМУ-тiн сырттай «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бiтiрген.
Өз еңбек жолын 1993 жылы Ленин АТО есепшiнiң оқушысы ретiнде бастаған. 1994 жылы есепшi бiлiктiлiгi берiлдi. 2004 жылдан берi кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды бастап, Явленка селосында ұннан өнiмдердi пiсiрумен және ауданда дайын өнiмдердi шығаратын «Кондратьева О.А.» ЖК құрылды.
2013 жылдан бастап «Есiл ауданы бойынша кәсiпкерлер құқығын қорғау жөнiндегi одағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы болып табылады.
2007-2008 жылдары екi Алғыс хатпен және «Алтын-Сапа»облыстық конкурска қатысқаны үшiн медальмен марапатталды. «Қазақстанның iскер әйелдерi» қауымдастығының мүшесi.
2011 жылдан берi «Нұр Отан» партиясының мүшесi.
Жалғыз екi бала тәрбиелеудемiн.
Гольцер Петр Федорович
№2 Бесқұдық сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Гольцер Петр Федорович, 1957 жылы 14 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы Бескөл ауданының Выселки селосында дүниеге келген, ұлты немiс, бiлiмi — жоғары, 1984 жылы Қорған ауыл шаруашылық институтын «зоотехник-инженер» мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 1984 жылы Новоникольск кеңшарының №1 бөлiмшесiнiң зоотехнигi ретiнде бастаған, 1985 жылы ауысу тәртiбiнде «Рассвет» кеңшарының №2 бөлiмшесiнiң зоотехнигi қызметiне тағайындалды.
1986 жылдан бастап Ульяновск кеңшарының зоотехнигi.
1987 жылдан бастап Тораңғұл кеңшарының бас зоотехнигi қызметтерiн атқарған.
1997 жылдан берi осы уақытқа дейiн «Азия-Тораңғұл» ЖШС-нiң директоры қызметiнде.
Үйленген. Төрт баланы тәрбиелеп отыр.
«Нұр Отан» партиясының мүшесi.
Окованцев Александр Николаевич
№3 Бұлақ сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Окованцев Александр Николаевич, 1958 жылы 14 тамызында Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданының Ясновка селосында дүниеге келдiм, ұлтым орыс. Бiлiмiм жоғары, 1994 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1977 жылы Петропавл қаласындағы Киров атындағы зауытта тегiстеушi болып бастадым. Өзiмнiң еңбек қызметiм кезеңiнде мынадай лауазымдарды атқардым: СҚО Мәскеу ауданының Ясновка ауылындағы Мәскеу аудандық арнайы шаруашылық бiрлестiгiнiң механизаторы, Петропавл қаласындағы Петропавл құрылыс бульдозерлi-эксковаторлық учаскесiнiң шеберi, СҚО Мәскеу ауданының Ясновка ауылындағы «Нива» кооперативiнiң төрағасы.
1994 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейiн «Луч» фермер қожалығының басшысымын.
Үйленгенмiн, бiр ұлды тәрбиелеудемiн.
Бектасова Айнагүл Кәкiмжолқызы
№4 Волошинка сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Бектасова Айнагүл Кәкiмжолқызы 1968 жылы 6 қаңтарда Мәскеу ауданының Тораңғұл селосында дүниеге келдi. 1975 жылы Явленка бастауыш мектебiне түсiп, осы жерде бесiншi сыныпқа дейiн оқыды. 5-сыныптан 10-сыныпқа дейiн Зареченская мектебiнде оқыды. Орта мектептi тәмамдаған соң Петропавл есептiк-экономикалық техникумiне оқуға түсiп, оны 1987 жылы аяқтады. Техникумды аяқтаған соң орақ маусымы кезiнде «Ульяновский» кеңшарасында таразшы ретiнде жұмысқа орналасты. 1987 года работала бухгалтером отделения №1 Ленинского РСХО. В 1991 жылдың қарашасынан №1 Ленин ААШБ бөлiмiнде есепшi ретiнде қызмет атқарды. 1991 жылы осы бөлiмнiң бас есепшiсi қызметiне аударылды.
1996 жылы Явленка селосына көшiп келiп, уақытша аудандық ауруханада еден жуушы болып жұмыс iстедi.
1999 жылдың мамырынан бастап ауыл шаруашылық бөлiмiнiң бас есепшiсi болып қызмет атқарды, осы жылдың қараша айында Есiлдiк ЕЖХӘҚБ бас есепшi қызметiне ауысты. 2001 жылдың қарашасынан 2005 жылдың шiлдесiне дейiн ЕЖХӘҚБ ММӘК бөлiм бастығы болып бастығы болып тағайындалды. 2005 жылдың шiлде айынан қазан айы аралығында — ЖҚӘББ бастығының орынбасары. 2005 жылдың қазанынан 2006 жылдың қаңтарына дейiн — жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бастығының мiндетiн атқарушысы болып қызмет атқарды.
2006 жылдың 19 қаңтарынан бастап 2008 жылдың 4 желтоқсанына дейiн жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы қызметiнде болды.
2008 жылдың желтоқсанынан бастап 2016 жылдың ақпанына дейiн — Есiл ауданы әкiмiнiң орынбасары болып қызмет атқарды. 2016 жылдың наурызынан
Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы мәслихатының хатшысы қызметiн атқарып келедi.
Екi баланы тәрбиелеген.
Шкодин Василий Васильевич
№5 Заречный сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Василий Васильевич Шкодин, 1957 жылы 6 сәуiрде Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданының Приишим селосында жұмысшы отбасында дүниеге келдiм, ұлтым орыс, бiлiмiм жоғары.
1979 жылы Омбы ауыл шаруашылық институтын «агроном» мамандығы бойынша бiтiрдiм. Институтты бiтiрген соң 1979 жылдан бастап Мәскеу ауданының В.М. Комаров атындағы кеңшарының № 2 бөлiмшесiнде агроном-зертханашы, 1980-1986 жылдар аралығында Ленин ауданының Воровской атындағы ұжымшарының бас агрономы қызметтерiн атқардым.
1986-1987 жылдар аралығында Ленин ауданының «Заречный» кеңшарының партком хатшысы болдым. 1987-1990 жылдар аралығында «Мереке» кеңшарының директоры қызметiн атқардым. 1991 жылдан — Ленин «Сельхозхимия» АӨБ төрағасы.
1998 жылдан берi осы уақытқа дейiн — Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының «Агрохимснаб» ЖШС-нiң директорымын.
«Нұр Отан» партиясының мүшесiмiн. Есiл ауданының Құрметтi азаматымын.
Үйленгенмiн, екi баланы тәрбиеледiм.
Бимақанов Ерiк Қуанышбайұлы
№6 Заградовка сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Бимақанов Ерiк Қуанышбайұлы 1966 жылғы 27 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданының Николаевка селосында дүниеге келген, ұлты қазақ, бiлiмi жоғары, 1992 жылы Омбы ауыл шаруашылық институтын ауыл шаруашылық инженер-механигi мамандығы бойынша бiтiрдi. 2011 жылы сырттай М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн информатика бакалавры мамандығы бойынша бiтiрдi. 1986 жылдан бастап 1988 жылға дейiн Совет әскер бөлiмiнде қызмет еттi. Институтты бiтiрген соң 1992-1997 жылдар аралығында «Николаевский» совхозында №2 бөлiмшесiнiң механигi болып жұмыс iстедi. 1997-2001 жылдар аралығында — «Явленское ХПП» АҚ №2 учаскенiң құрал-жабдықтарды жөндеу бойынша шеберi. 2001-2002 жылдар аралығында — «Ак-Жар»ЖШС №2 филиалының механигi. 2002-2005 жылдар аралығында — «Николаевское ХПП» ЖШС бас инженерi. 2006-2009 жылдар аралығында — Николаевка орта мектебiнiң физика пәнiнiң мұғалiмi. 2009-2010 жылдар аралығында — Есiл ауданының №4 кәсiптiк лицейi ОЕЖ бойынша директорының орынбасары. 2010 жылдан бастап осы уақытқа дейiн «Заградовка орта мектебi» КММ директоры.
Үйленген. Қызы бар.
«Нұр Отан» ХДП құрамында тұрады.
Әбiлғазин Қайрат Ахметжанұлы
№7 Ильинка сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Әбiлғазин Қайрат Ахметжанұлы, 1960 жылдың 14 қыркүйегiнде Солтүстiк Қазақстан облысы Преснов ауданының Баян ауылында дүниеге келген, 1967 жылдан бастап 1977 жылға дейiн СҚО Жамбыл ауданының Баян орта мектебiнде оқып, бiлiм алған. 1978 жылдан бастап 1980 жылға дейiн ССРО Қарулы күштерi қатарында өз әскери мiндетiн атқарған. 1980 жылы Алматы малдәрiгерлiк институтына түсiп, 1986 жылы «зооинженер» мамандығы бойынша оқуды бiтiрген.
Еңбек жолын 1986 жылы Преснов ауданының «Островский» кеңшарында №2 бөлiмшесiнiң зоотехнигi болып бастаған. 1991-1993 жж. аралығында Преснов ауданы «Октябрьдың
60-жылдығы» кеңшарының бас зоотехнигi болды. 1993-1998 жж. — СҚО Есiл ауданының «Заречный» кеңшарының бас зоотехнигi жұмысын атқарған. 1998 жылы Есiл ауданының Заречный селолық округi әкiмi ретiнде тағайындалған. 2001 жылы альтернатива негiзiнде
2 жыл мерзiмге Заречный селолық округiнiң әкiмi болып тағайындалып, қазiргi уақытқа дейiн қызмет атқаруда.
2015 жылы Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 4 баласы бар.
«Нұр Отан» партиясының мүшесi.
Қалыбаева Айгүл Қаржаубайқызы
№8 Корнеевка сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Қалыбаева Айгүл Қаржаубайқызы, 1976 жылы 24 қыркүйекте Оңтүстiк Қазақстан облысының Жамбыл (қазiргi Тараз) қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Жамбыл қаласының №48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебiн бiтiрген. 1994-1996 жылдар аралығында АММИ-ның қарамағындағы медициналық училищесiнде медбике факультетiнде оқыған. 1996 жылы Ақмола Мемлекеттiк медициналық институтына түсiп, 2002 жылы Ақмола Мемлекеттiк медициналық академиясын педиатрия мамандығы бойынша бiтiрiп шыққан.
2002-2003 жылдар аралығында Петропавл қаласындағы Облыстық балалар ауруханасында интернатураны өтiп, 2003 жылдан берi Явленка орталық аудандық емханасында участкелiк балалар дәрiгерi болып жұмыс iстейдi.
Отбасылық жағдайы — тұрмыста, үш баланы тәрбиелеп отыр.
Оспанова Әминә Бейбiтқызы
№9 Николаевка сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Оспанова Әминә Бейбiтқызы, 1981 жылдың 12 қаңтарында Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Петропавл қаласындағы Әбу Досмұхамбетов атандағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған гимназия-интернатын аяқтап, Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжге оқуға түсiп, 2001 жылы «бастауыш сыныптарының мұғалiмi» мамандығы бойынша бiтiрген.
2008 жылы Көкшетау университетiн «педагог-психолог» мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 2003 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының Николаевка селосындағы Николаевка орта мектебiнде математики пәнiнiң мұғалiмi болып бастаған.
Қазiргi уақытта аталмыш мектепте директордың тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары қызметiн атқаруда.
Селолық округтiң және ауылдың өмiрiне белсендi қатысады. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың сенiм бiлдiрген адамы болып тiркелген.
«Нұр Отан» партиясының мүшесi.
Тұрмыста. Төрт баланы тәрбиелеп отыр.
Қалиев Дулат Төлепбергенұлы
№10 Покровка сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Қалиев Дулат Төлепбергенұлы, 1960 жылғы 30 желтоқсанда Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданының Ленин селосында дүниеге келген, ұлты қазақ. Бiлiмi — жоғары, 1986 жылы Петропавл механикалық техникумын «техник-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы автожолдар университетiн «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2013 жылы Тараз мемлекеттiк университетiн «Су ресурстары және сумен жабдықтау» мамандығы бойынша аяқтаған. Ленин орта мектебiн аяқтаған соң, ауылда құрылысшы ретiнде өз еңбек жолын бастаған. 1979 жылдан 1982 жылға дейiн СССР ӘТФ қатарында өз әскери мiндетiн атқарған. Құрылысшылардың комсомол-жастар бригадасын ұйымдастырушы; Ленин атындағы кеңшардың комсомол лидерi; 1988 жылдан 1993 жылға дейiн — Сергеевка қаласында ЖБИ зауытында цех бастығы; 1996 жылдан 2000 жылға дейiн — Сергеев су құбырлары учаскесiнiң учаске бастығы; 2000 жылдан 2006 жылға дейiн — басқарманың бас инженерi қызметтерiн атқарған. 2006 жылдан осы уақытқа дейiн — Есiл және Мамлют аудандарының халқын ауыз сумен жабдықтайтын «Қазсушар» РМК «Есiл су» филиалының Есiл өндiрiстiк учаскесiнiң бастығы.
«Нұр Отан» партиясының мүшесi болып табылады.
Үйленген. Екi баласы бар.
Жолтабаров Азамат Нұрмағамбетұлы
№11 Петровка сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Жолтабаров Азамат Нұрмағамбетұлы, 1983 жылы 15 тамызында Қорған облысы Мокроусов ауданының Лопушки селосында (Ресей) дүниеге келген, ұлты қазақ, бiлiмi — жоғары. 2000 жылы Жамбыл ауданының Троицк орта мектебiн бiтiрген. 2000-2004 жылдар аралығында — М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Кеден iсi» мамандығы бойынша аяқтаған. 2005-2006 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасының Қарулы күштерi қатарында өз әскери мiндетiн атқарған.
Өз еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл ауданының Троицк орта мектебiнде тарих пәнiнiң мұғалiмi ретiнде бастады. 2010 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң тарих және құқық факультетiн «тарих пәнiнiң мұғалiмi» мамандығы бойынша бiтiрген. 2010-2011 жылдар аралығында Қызылжар ауданының Вознесенский негiзгi мектебiнде директордың тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары қызметiн атқарған. 2011-2012 жылдар аралығында — Жамбыл ауданының Троицк орта мектебiнде тарих пәнiнiң мұғалiмi болып iстедi. 2012 жылғы қыркүйек айынан 2012 жылдың желтоқсанына дейiн Есiл ауданының бiлiм бөлiмiнде әдiскер қызметiн атқарған. 2012 жылғы желтоқсан айынан 2015 жылғы тамызына дейiн Жәлел Қизатов атындағы Есiл ауыл шаруашылық колледжiнде директордың тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары болған. 2015 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейiн «Петровка аграрлық-техникалық колледжi» КММ директоры лауазымында жұмыс iстейдi.
2004 жылдан берi «Нұр Отан» партиясының мүшесi.
Үйленген. Ұлын тәрбиелеп отыр.
Метринский Юрий Вячеславович
№13 Явленка сайлау округi бойынша Есiл ауданы мәслихатының депутаты.
Метринский Юрий Вячеславович 1957 жылы 6 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы Советский ауданының Ленинский астық кеңшарында дүниеге келген, ұлты орыс, бiлiмi жоғары — 1979 жылы Целиноград инженерлiк-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1979 жылдың мамыр айынан Явленка ПМК-73 прораб лауазымынан бастаған, 1985 жылдың тамызынан 1987 жылдың маусым аралығында осы ұйымда бас инженер болып жұмыс iстедi. 1987 жылдың маусым айынан бастап ауыстыру тәртiбiмен Мурманск облысының СМУ 07370 әскери бөлiмiне прораб ретiнде тағайындалып, 1993 жылдың мамырына дейiн жұмыс iстеген. 1993 жылдың мамырынан 1995 жылдың қыркүйегi аралығында — Солтүстiк Қазақстан облысының «Ленинское» АПО электрондық желiсiнiң шеберi болып жұмыс iстеген. 1995 жылдың қыркүйегiнен бастап «Заря» фермерлiк шаруашылығында басқарушы лауазымында қызмет атқарған, соңғы жылдарда жеке кәсiпкер бола отыра, осы шаруашылықты басқарады.
Үйленген, тұл ер, екi үлкен ұлы бар.
«Нұр Отан» партиясының мүшесi.