Аудан тарихынан
Қазақ хандығы XV-XVI ғ.ғ. хан республикасын бiлдiрдi және бiртұтас мемлекет болып XVII ғасырдың басында жеткiлiктi тұрақты мемлекетке айналды.
XVI-XVII ғ.ғ. қазақтың үш жүзi (Аға, Орта, Кiшi) пайда болуына байланысты, қазақ хандығы бiртұтас мемлекеттен iшкi құрылымы күрделi және барлық деңгейдегi оған кiретiн субъектiлердiң кең автономиясы бар конфедерацияға айналды.
Қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысы Орта жүзге кiрдi, XVIII ғасырдың отызыншы жылдары Ресей құрамына кiрдi және нақты автономиясы болды.
Мұнда арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат рулары қоныстаған. Есiл жағалауында 100-ге жуық рулар мен олардың бөлiмшелерi көшiп жүрген.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Қазақстанның солтүстiк өңiрi Ресейден шаруа-қоныс аударушылары келген аймаққа айналды.
Облыстың аумағында шаруа қонысының елдi мекендердiң алғашқыларының бiрi болып Явленское қонысы болып табылады (кейiннен Явленка ауылы, аудан орталығы) (1879), жергiлiктi қазақтардан жалға алынған. Содан кейiн осындай қоныстар 1912-1914 жылдарға дейiн пайда болды. Мәселен, 1891 жылы Покровка және Петровка ауылдары, 1894 жылы Ильинка, Александровка, Николаевка (Кубыш), 1900 жылы Корнеевка және Малиновка, 1906 жылы Столыпено, 1909 жылы Ясное (Ясновка), Стрельниковка және Заградовка, 1917 жылы Лузинка, Новоузенка және Тонкошуровка пайда болған.
Революциялық оқиғаларға қарай 1917 жылы Солтүстiк Қазақстан тұрғындарының саны Орта жүздiң руларына жататын қазақтардан және өңiрдi отарлау барысында уақыт өте қалыптасқан орыс тiлдi халықтан тұрды.
Қазақтар мен орыстар облыс аумағында аралас өмiр сүрген, ол туралы бiр-бiрiмен көршiлес орналасқан көптеген қазақ ауылдары мен орыс селолары дәлелдейдi. Өлкенi игеру көрсеткiштерiнiң бiрi халықтың тығыздығының артуы, топонимикалық жүйенiң өзгеруi болды. Бiр мезгiлде этностар арасындағы сауданың мәнi өстi және күшейдi, оның барысында iскерлiк байланыстар достастыққа өстi, оның жарқын үлгiсi «тамыр» болып табылады
Осылайша, аймақ Қазақстанның Ресейге қосылуынан басталған отарлық реформалар салдарынан, 1917 жылы үлкен әкiмшiлiк-аумақтық, экономикалық, демографиялық өзгерiстерге ұшырады. Солтүстiк Қазақстан күрделi тарихи, саяси, этносаралық, мәдени процестердi көре отырып,
Өлкеге Ресей империясы әкелген өзгерiстердiң алдында болды. Сондай-ақ, аудан аумағында ерте темiр ғасырына және қола дәуiрiне тиесiлi қоныстар, тұрақтар, қорғандар, зираттар табылған.
Есiл ауданы
Есiл ауданы (аудан орталығы Явленка а.). Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 18 сәуiрдегi Жарлығымен Ленин ауданына таратылған Мәскеу (1972 жылғы 10 сәуiрде бұрынғы Ленин ауданының құрамынан бөлiнген) ауданын қосу есебiнен құрылған, Есiл, атауын алған бiрiккен аудан, бастапқыда 1928 жылғы 17 қаңтардағы Қазақ АССР ОАК VI шақырылымдағы 2 сессиясының шешiмiмен құрылған Ленин ауданы алып жатқан, сол шекараларда 23 ауылдық кеңестерi құрамында орналасқан: Александровка, Андреевка, Владимировка, Верхне-Чириковка, Заградовка, Ивано-Павлов, Ивано-Петровка, Ильинка, Калиновка, Карабеловка, Корнеевка, Леонидовка, Малиновка, Николаевка, Новоузинка, Петровка, Покровка, Славян, Спасовка, Столыпинка, Стрельниковка, Явленка, Ясновка.
Құлсары Батыр
(1708-1776 жж.) — Абылай хан дәуiрi сахабаларының бiрi, мемлекет және қоғам қайраткерi.
Қазақстанның солтүстiгiнде туған, тұрған және жерленген.
Атығай қазақ руының Құдайбердi ұрпағының тумасы және өзiнiң отандастарының арасында талассыз беделдi болды.
Құлсарының өмiрбаяны Абылай хан атымен тығыз байланысты, ұзақ жылдар бойы Құлсары оның көмекшiсi, кеңесшiсi, сондай-ақ Ресей үкiметiмен қарым-қатынаста ханның тапсырмаларын өзi орындаған. XVIII ғасырдың құжаттарында Құлсарының аты ықпалды старшина және мемлекеттiк қайраткерi ретiнде айтылады.
Ол шектес мемлекеттермен тату көршiлiк қарым-қатынастардың жақтаушысы болған. Батыр Құлсарының аты алғаш рет 1739 жылдың құжаттарында кездеседi. Бұл жылы ол Әбiлмәмбет ханның тәж кигiзу салтанатына қатысқан. 1742 жылғы тамыздың басында Құлсары Орта жүздiң сұлтандар тобымен, батырлар мен билермен бiрлесiп, Орынбор қаласында ресейлiк патшасына адал болуға ант бердi.
Кейiнгi жылдары Құлсары Кулеке батырмен (1710-1771) бiрнеше рет Абылай сұлтанның елшiсi ретiнде ресейдiң қалаларына мемлекетаралық мәселелердi шешу үшiн барған.
Сондай-ақ, Абылай өз көмекшiлерiне өзiнiң атынан және Орта жүздiң Атығай руының атынан шекаралық өкiметпен келiссөздер жүргiзудi жүктеген.
Құлсары ақылды дипломат бола тұра, 30 жылдан астам Қазақ хандығының нығаюында, оның iшкi және сыртқы саясатына белсендi қатысқан.
Ол сондай-ақ қазақ руларының арасындағы бiрлiгi мен тыныштығын қолдаған, өз беделiмен және өткiр сөзбен ру арасындағы дауларды шешкен.
Құлсары тұрақты тұрған аумағы Солтүстiк Қазақстан болған.
Егер Құлсарының дипломат және мемлекеттiк қайраткер ретiндегi рөлi құжатпен бiрнеше рет расталған болса, онда оның әскери iстегi еңбегi жеткiлiксiз жарияланған.
Алайда, ауызша халық аңыздары бiзге дейiн көптеген естелiктер жеткiзген, онда Құлсары талантты ұйымдастырушы және қайратты жауынгер ретiнде айтылған. Мәселен, оның басшылығымен Қазақстан шекарасын қорғау үшiн он мың қол әскер жиналған. Ол жауынгерлiк iс-қимылдарда өнерлi болған, барлауға ерекше назар бөлген, алдын-ала жау күштерiнiң саны, олардың орналасуы туралы қажеттi мәлiметтер алып отырған. Ұрыста батыл және табанды қимылдап, жеке өзi бiрнеше жаулап алушыны жойған.
Құлсарының сан қырлы қызметi әулие ретiнде де маңызды болды.
Құлсары «қырғыз арасында ерекше құрметке ие болғаны белгiлi, Абылайдың өзiн қырғыздар әулие деп санаған». Ол төнiп тұрған қауiп-қатерлердi болжаған, батыл iс-әрекеттерiмен олардың алдын алған, науқастарды емдеген.
Қазiргi заманғы Есiл ауданының Бұлақ ауылынан жетi шақырым жерде Құлсары әулиенiң бейiтi орналасқан. Бұл жерлеу 1958 жылы батырдың алтыншы ұрпағы Қалиасқар Рақымовпен ескерткiш тас және темiр қоршау орнатылған.
Соңғы жылдары Құлсары әулиенiң зиратына Қазақстанның барлық жерiнен адамдар өздерiнiң ауруларын жеңiлдетуге үмiттенiп келiп жатыр.
Өз кезiнде тағы бiр жерлесiмiз Шал ақын сиымды сөз айтқан: «батыр туралы айтатын болсақ, Кулеке туралы сөйле, әулие туралы айтатын болсақ Құлсары туралы сөйле» деген.