Сайлаушыларды тiркеу
Азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн сайлаушының сайлау учаскесi аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелуi негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi органдар әдiлет органдары болып табылады.
Жеке тұлғалардың тұрғылықты жерiн тiркеу:
Азаматтарды тiркеу:
Сайлаушылардың тiзiмдерi
Сайлауға қатысу үшiн қажеттi шарт сайлаушылар тiзiмiне сайлаушылардың енгiзiлуi болып табылады.
Сайлаушылардың тiзiмдерiн тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмдiк жасайды.
Сайлау тағайындалған сәттен бастап әрбiр сайлаушы тиiстi әкiмдiкте сайлаушы ретiнде тiркелуге құқылы.
Сайлауға дейiнгi отыз күннен кешiктiрiлмей
Егер сiзге сайлау күнi тiркелген жерiңiз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгiңiздiң болмайтыны белгiлi болса, сiз сол жердiң әкiмдiгiне сайлау күнi өзiңiз болатын жер бойынша сайлаушылар тiзiмiне сiздi енгiзу туралы жазбаша өтiнiшпен жүгiнуге құқылысыз.
Дауыс берудiң басталуына жиырма күн қалғанда, тиiстi әкiмдiк учаскелiк сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылар тiзiмдерiн ұсынады.
Дауыс беру күнiне он бес күн қалғанда, сайлаушылардың тiзiмдерi сайлау учаскелерiнде танысу үшiн сайлаушыларға ұсынылады.
Сiз сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзiңiз туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенiңiз, дұрыс енгiзiлмегенiңiз немесе тiзiмнен алынып тасталғаныңыз, сондай-ақ тiзiмдегi сiз туралы деректерде жаңсақтықтар жiберiлгенi үшiн шағым жасауға құқылысыз.
Тiзiмдерге түзетулер енгiзу қажеттiгi туралы өтiнiштердi учаскелiк сайлау комиссиясы өтiнiш келiп түскен күнi қарайды.
Жалпы жұрттың танысуы үшiн сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күнi арасындағы кезеңде
Сiз өзiңiздiң болу орныңызды ауыстырған кезде өзiңiздiң тiркелген жерiңiз бойынша учаскелiк сайлау комиссиясына жүгiнесiз, ол жерде төлқұжатты немесе жеке куәлiктi берген кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгiн табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiмiне тиiстi белгi қойылады.
Есептен шығару куәлiгi бiр елдi мекеннiң шегiндегi басқа сайлау округiнде немесе басқа сайлау учаскесiнде дауыс беруге қатысқысы келетiн сайлаушыларға берiлмейдi.
Есептен шығару куәлiктерiн беру дауыс беру күнi алдындағы күнгi жергiлкiтi уақыт бойынша 18 сағатта аяқталады.
Дауыс беретiн күнi дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгiн көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сiздi келген орныңыз бойынша сайлау учаскесiндегi сайлаушылар тiзiмiне енгiзедi.
Сайлау күн
Дауыс беру сайлау күнi, сайлау учаскесiндегi дауыс беруге арналған үй-жайда жергiлiктi уақыт бойынша сағат жетiден жиырмаға дейiн өткiзiледi.
Сайлаушы өзi дауыс бередi. сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сiзге сайлаушылар тiзiмiнiң негiзiнде қазақстан республикасы азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлiгiңiздi көрсеткен кезде берiледi.
Сiз сайлаушылар тiзiмiнде бюллетеньдердi алғандығыңыз туралы қол қоясыз.
Сайлау бюллетеньдерiн сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. оларды толтыру кезiнде сiзден басқа кiмнiң болса да, кiрiп тұруына тыйым салынады.
Егер сiздiң бюллетеньдердi өз бетiңiзше толтыруға мүмкiндiгiңiз болмаған жағдайда, өзiңiз сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылысыз, оның аты-жөнi дауыс бергеннен кейiн сайлаушылардың тiзiмiне тiркелiп, тұсына сiздiң бюллетень алғандығыңыз туралы қолыңыз қойылады.
Мыналар ондай адам болуға тиiс емес:
Сайлау күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрмей
Егер сiз:
Сiз учаскелiк сайлау комиссиясына өзiңiз болатын жерде дауыс берудi ұйымдастыру туралы жазбаша өтiнiшпен жүгiнуге құқылысыз.
Учаскелiк сайлау комиссиясы сiздiң болатын жерiңiз бойынша дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.