Меню

Страницы

Статья

Сайлау

1 хабарлама

2021 жылдың 14 сәуiр өткен сайлау нәтижелерi бойынша Есiл аудандық сайлау комиссиясы шештi:

Бибiгүл Ермеқызы Ермекбай Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Покровка ауылдық округiнiң сайланған әкiмi болып есептелсiн.

Азамат Кенесарыұлы Жолдаяков Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Спасовка ауылдық округiнiң сайланған әкiмi болып есептелсiн.

2 хабарлама

Есiл аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 14 сәуiрдегi шешiмiмен тiркедi:

Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Покровка ауылдық округiнiң әкiмi Бибiгүл Ермеқызы Ермекбай, 1975 жылы туған, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесi, Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Явленка ауылында тұрады.

Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Спасовка ауылдық округiнiң әкiмi Азамат Кенесарыұлы Жолдаяков , 1982 жылы туған, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесi, Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Явленка ауылында тұрады.

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Явленка а., Ленин к. 10
1 қабат, тел. 2-23-44

Төрағасы

- Қуанышпай Баяхметұлы Рахиев

Төраға орынбасары

- Марат Маратұлы Ережепов

Хатшысы  

- Гүлнар Қожахметқызы Шұнғұлшина

Комиссия мүшелері    

- Сәуле Мұратбекқызы Әбілмәжінова

 

- Әсет Серікұлы Ақпутин

 

- Галина Владимировна Попова

 

- Любовь Васильевна Шумская

Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан орнына Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабының 2 тармағының негізінде, аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан орнына Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы 2021 жылдың 14 сәуірінде өткізілсін.

2. Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды  ұсыну 2021 жылғы 15 наурызда басталады және  2021 жылдың 20 наурызда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынған соң басталады және 2021 жылғы 30  наурызда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

3. Есіл аудандық сайлау комиссиясына:

1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлау іс - шараларының өткізілуін  қамтамасыз етсін.

2) өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан орнына Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтері әкімдеріннің сайлауын өткізу туралы «Есіл таңы» және «Ишим» аудандық газеттерінде хабарлансын.

3) осы қаулы «Есіл таңы» және «Ишим» аудандық газеттерінде жариялансын.

4) «Есіл таңы» және «Ишим» аудандық газеттерінде  аудандық сайлау комиссиясының құрамы, оның жергілікті орнын белгіленуімен жариялансын.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Рахиев

Явленка а. 2021 жылғы «10» наурыз № 6/1

Есіл аудандық сайлау комиссиясының  Хабарламасы

2021 жылдың 10 наурызында тамызда аудандық сайлау комиссиясының отырысы өткізіліп, келесі мәселелер қарастырылды:

1. 2021 жылғы 14 сәуіріне тағайындалған, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан орнына Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын өткізу туралы.

2. 2021 жылғы 14 сәуіріне тағайындалған, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан орнына Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын әзірлеу және  өткізу жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспары туралы.

3. 2021 жылғы 14 сәуіріне қазанына тағайындалған, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан орнына Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары туралы.

4. 2021 жылғы 14 сәуіріне тағайындалған, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқандар орнына Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңінде демалыс және мереке күндеріндегі аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысы туралы.

Басқа да мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Аудандық сайлау комиссиясы

2021 жылғы 14 сәіріне тағайындалған, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан орнына Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Покровка және Спасовка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары (ZIP 16 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттар

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттар

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының жетінші шақырылым депутаттарын бiрiншi сессиясын шақыру туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағы негізінде Есіл аудандық сайлау комиссиясы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы жаңадан сайланған мәслихатының бірінші сессиясының шақырылатынын хабарлайды.

Сессия 2021 жылдың 15 қаңтарында сағат 11-00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының жетінші шақырылым депутаттарын тіркеу туралы хабарлама

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының жетінші шақырылым депутаттарын кезекті сайлауының қорытындылары бойынша келесі депутаттар тіркелді:

1. «Қазақстан Халықтық партиясы» партиялық тізімі бойынша:

№ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) Туған жылы,атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс орны, тұрғылықты жері
1 Жаукенов Нұрболат Серікұлы 1994 ж.т.;
«Балалар-жасөспірімдер аула клубы» КММ директордың м.а.;
СҚО Есіл ауданы Явленка а.
2 Усманова Жұмабике Қазманқызы 1968 ж.т.;
«Балапан» бөбек-жайы МКҚК меңгеруші;
СҚО Есіл ауданы Явленка а.

2. «Nur Otan» партиясы» партиялық тізімі бойынша:

№ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) Туған жылы,атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс орны, тұрғылықты жері
1 Абулгазин Қайрат Ахметжанұлы 1960 ж.т.;
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
СҚО, Есіл ауданы, Чириковка а.
2 Бектасова Айнагүл Кәкімжолқызы 1968 ж.т.;
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы;
СҚО, Есіл ауданы, Явленка а.
3 Кондратьева Ольга Алексеевна 1976 ж.т.;
ШЖҚ «Явленка аудандық ауруханасы» КМК бухгалтері;
СҚО Есіл ауданы Явленка а.
4 Гольцер Петр Федорович 1957 ж.т.;
«Азия Тарангул» ЖШС директоры;
СҚО Есіл ауданы Тарангул а.
5 Қойшибаев Біржан Төлеббергенұлы 1992 ж.т.;
«Покровка орта мектебі» КММ директоры;
СҚО Есіл ауданы Явленка а.
6 Позолотин Денис Николаевич 1980 ж.т.;
КММ «Есіл мемсортучасток» басшысы;
СҚО,Есіл ауданы, Явленка а.
7 Трушникова Валентина Алексеевна 1991 ж.т.;
«Т.Позолотин ат. №1 Явленка орта мектебі»КММ директордың орынбасары;
СҚО Есіл ауданы Явленка а.
8 Қазиев Аманжол Жамақұлы 1976 ж.т.;
ШЖҚ «Явленка аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері;
СҚО Есіл ауданы Явленка а.
9 Олексюк Владимир Владимирович 1978 ж.т.;
«Амангелді Есіл» ЖШС директоры;
СҚО Есіл ауданы Явленка а.

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының VII шақырылым депутаттарын кезекті сайлауының нәтижелері туралы хабарлама

2021 жылы 10 қаңтарда, бірыңғай сайлау округінің аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының депутаттарын кезекті сайлауы өтті.

Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 16929 азамат енгізілді, оның 16099 адам немесе 95,1 пайызы бюллетень алды.

Дауыс беруге 15731 адам қатысты, оның ішінде 31 сайлаушы сырттай бюллетеньмен дауыс берді, 400 сайлаушы дауыс беру үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:

  • Қазақстан халық партиясы — 2363 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан дауыстардың 15,24%;
  • «NUR OTAN» партиясы — 12717 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,01%;
  • «ADAL» саяси партиясы — 427 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,75%.

Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті немесе одан көп пайызын алған саяси партиялар анықталды:

  • Қазақстан халық партиясы;
  • «NUR OTAN» партиясы.

Саяси партияларға келесі депутаттық мандаттарды бөлу белгіленді:

  • Қазақстан халық партиясы — 2;
  • «NUR OTAN» партиясы — 9 орын.

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Өзiндi сайлаушылар тiзiмiнен там, өзiңнiң сайлау учаскеңдi тап

Шығарылғандардың орындарына учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы Есіл аудандық сайлау комиссиясының хабарлауы (ZIP 12 Kb)

Сайлау комиссиясының мүшесі ретіндегі міндеттерін орындауды тоқтата тұру туралы Есіл аудандық сайлау комиссиясының хабарлауы (ZIP 16 Kb)

Ақпараттық хабарлама

«Ишим-Вести» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Ишим» және «Есіл таңы» газеттерінің меншік иесі (ары қарай – «Баспа») Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттардың және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарының сайлауына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын хабардар етеді.

Баспа материалдары үшін орын белгілеу тәртібі және жалпы шарттары

Баспа материалдары үшін орын белгілеу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және жазбаша өтініш берген сәтте Баспамен бекітілген прайс-парақтардың негізінде жасалады.

Баспа материалдары үшін орын белгілеу Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттардың және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін барлық деңгейдегі орын белгілеу туралы редакциямен жасалатын жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Шарттың және оған тиесілі құжаттардың үлгісі редакцияға жазбаша өтініш беру кезінде көрсетіледі. Баспа материалдарына орын белгілеу туралы редакциямен шартқа кандидаттың (сенім білдірген адамның) қол қоюы кандидаттың (сенім білдірген адамның) сайлау алдындағы үгіт жүргізуге қатысты Баспаның қызметін пайдалануға келісім беруі болып табылады. Шарт жасау үшін кандидат мынадай ақпарат көрсетілген жазбаша өтініш білдіреді:

  • жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, күні мен уақыты;
  • кандидаттың, жазбаша өтініш берген сенім білдірген адамның аты-жөні;
  • жазбаша өтініш берген адамның өкілеттілігін растайтын құжат; кандидаттың (сенім білдірген адамның) жеке куәлігі; кандидаттың (сенім білдірген адамның) уәкілетті мемлекеттік орган берген куәлігі; ҚР заңнамасына сәйкес өзге құжаты;
  • баспа материалдары орнының көлемі және оны беру мезгілі;
  • кандидаттың немесе сенім білдірген адамның қолы.

Үгіттік баспа материалдарын беру тәртібі

Үгіттік баспа материалдары редакцияға дайын күйінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының заңында баспа материалдарына орын беру туралы Баспамен шартқа қол қою туралы уәкілеттігі бар адамдар қол қойған басқа да заңнамалық актілерде көзделген көлемде беріледі.

Үгіттік баспа материалдары Баспаға жариялануға кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда беріледі. Үгіттік баспа материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық алауыздық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ заңнамада қарастырылмаған әскери құрамалар құру идеяларын ұстанған жағдайда редакцияның оларды жариялаудан бас тартуға құқығы бар.

Баспа материалдарының мөлшері және ақы төлеу тәртібі

Баспа материалдарына ақы төлеу мөлшері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттарға және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарына баспа бетінен орын беру Баспаның прайс-парақтарына сәйкес айқындалады және құрайды:

  • «Ишим» газетінде 1 (бір) шаршы сантиметрге 130 теңге;
  • «Есіл таңы» газетінде 1 (бір) шаршы сантиметрге 130 теңге.

Баспа материалдарына ақы төлеудің сомасына алдын ала 100 пайыздық ақысын төлей отырып, тиісті сайлау қоры аударуы керек. Ақы төлеу Баспа ұсынған шоттың негізінде жүзеге асырылады.

Мейраш ӘБУОВ,
«Ишим-Вести» ЖШС-нің директоры

Есіл аудандық сайлау комиссиясының «Nur Otan» партиясы»Қоғамдық Бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы» хабарлама (ZIP 20 Kb)

Есіл аудандық сайлау комиссиясының «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық

Бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы» хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Есіл аудандық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 8 желтоксандада 2 адамды қамтитын «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Саяси Партиясының партиялық тізімін келесі құрамда тіркеді:

р/с№ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) Туған жылы Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері
1 Жаукенов Нұрболат Серікұлы 1994 Директордың м.а., «Балалар-жасөспірімдер аула клубы» КММ, СҚО Есіл ауданы Явленка а. Позолотин к-сі,71
2 Усманова Жұмабике Қазманқызы 1968 Меңгеруші, «Балапан» бөбек-жайы КМҚМ,СҚО Есіл ауданы Явленка а. Северная к-сі,2


Есіл аудандық сайлау комиссиясының «ADAL» саяси партиясы» Қоғамдық

Бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы» хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Есіл аудандық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 8 желтоқсанда 2 адамды қамтитын «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі Саяси Партиясының партиялық тізімін келесі құрамда тіркеді:

р/с№ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) Туған жылы Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері
1 Аубакиров Жанібек Ермекбайұлы 1988 Директор, Есіл ауданы бойынша «Атамекен» РКП, СҚО Тайынша ауданы Мироновка а. Школьная к., 33
2 Коляда Анастасия Алексеевна 1992 Кеңсе-менеджері, «Сириус» фирмасының, СҚО, Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 223


Есіл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2020 жылы 1 желтоқсанда Есіл аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының 103-бабына сәйкес, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысыстық филиалынан Есіл аудандық мәслихат депутаттығына партиялық кандидаттар тізімін ұсынды.

Есіл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2020 жылы 30 қарашада Есіл аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының 103-бабына сәйкес, «ADAL» Саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысыстық филиалы Есіл аудандық мәслихат депутаттығына партиялық кандидаттар тізімін ұсынды.

Есіл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2020 жылы 13 қарашада Есіл аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының 103-бабына сәйкес, «Nur Otan» Партиясы» қоғамдық бірлестік филиалы Есіл аудандық мәслихат депутаттығына партиялық кандидаттар тізімін ұсынды.

 

Дата публикации
28 мая 2021
Дата обновления
28 мая 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы