2026 жылғы 13 қазанда Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
- Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы.
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы.
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі Есіл аудандық сайлау комиссиясының жұмыс жоспары туралы.
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу кезеңінде Есіл аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы туралы.
- Сайлау құжаттарының нысандары туралы.
- Өзге де мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Есіл аудандық сайлау комиссиясы