Есіл ауданының 2020 жылғы 1 қазан жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық паспорты
Аудан әкімі Алтынбек Тағайбекұлы Абдоллаев лауазымында 2019 жылдың 26 шілдесінен бастап жұмыс істейді.
Есіл (бұрынғы Ленин) ауданы 1928 жылы құрылды, 1997 жылы Есіл ауданы болып өзгертілді.
Аумағы – 5,14 мың шаршы метр, облыс аумағындағы салыстырмалы салмағы 5,2 % құрайды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі:
| Аудан орталығының атауы (облыс орталығының) | Явленка а. |
| Облыс орталығынан арақашықтығы | 76 ш. |
| Барлық әкімшілік-аумақтық бірлігі | 16 |
| Соның ішінде: аудандық бағынышты қалалар | |
| ауылдық (селолық) округтер | 16 |
| Барлық елді мекендер | 53 |
Тұрғындардың саны 2020 жылдың 1 қыркүйегіне 21577 адамды немесе облыстың жалпы тұрғындарына 4,0 пайызын құрады. Ұлттық құрам бойынша ол келесі үлгіде көрсетіледі:
| қазақтар - | 8,8 мың адам немесе 40,3 %; |
| орыстар - | 11,7 мың адам немесе 54,1 %; |
| украиндықтар - | 0,4 мың адам немесе 1,8 %; |
| немістер - | 0,5 мың адам немесе 2,3 %; |
| басқа ұлттар - | 0,3 мың адам немесе 1,5 %; |
| Тұрғындардың көшуі: | 2020 | 2019 | 2018 |
| келгендер | 404 | 817 | 612 |
| кеткендер | 591 | 1112 | 1254 |
| миграциялық сальдо (+/-) | -187 | -295 | -642 |
| Демография | |||
| туғандар | 177 | 158 | 193 |
| қайтқандар | 236 | 192 | 187 |
| Табиғи өсу | -59 | -34 | +6 |
Табиғи ресурстар
Су ресурстары - 2 өзен
Үлкен көлдер - 16
Кіші көлдер - 322
Қорғалатын аймақтар (қорықтар, питомниктер, орман шаруашылықтары, басқа да табиғи қорғалатын аймақтар) - жоқ.
*Өнеркәсіп. *2020 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 4942,2 млн. теңгені немесе бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 117,7% құрады.
*Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлестітаукен өнеркәсібі – 30,9%, тамақ өнімдері – 26,6%, бу беру және ауа баптау жүйелері – 3,8%, су жинау, тазарту және бөлу – 6% алады.
*2020 жылдың 9 айында ауданның кәсіпорындарымен өндірілді:
ұн 3097 тонна немесе 93%,
макарон 615 тонна өсім 101,7%,
ет 286 тонна өсім 1,9 есеге,
нан 323 тонна немесе 71,3%,
а/ш малдарының дайын азықтары – 11613 тонна, өсім 118,3 %.
Ауданда өңдеумен 10 диірмен, 18 наубайхана, 1 шұжық цехы, 1 сүт өңдеу цехы, 2 өсімдік майын жасау цехы, 1 балық сүрлеу цехы, 1 тұшпара әзірлеу цехы, 1 макарон өнімін өндіру цехы, 1 мал сою пункті, 7 мал сою алаңы бар.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылық маңыздағы жерлердің аумағы 449,5 мың га құрайды, соның ішінде – 318,7 мың га жыртылатын жер, мал жаю және шөп шабу жерлері 126,5 мың га.
| 2020 | 2019 | 2018 | |
| Барлық агроөнеркәсіптік құрылымдар саны | 256 | 257 | 278 |
| Соның ішінде: ЖШС | 80 | 81 | 81 |
| Шаруа және фермерлік қожалықтар | 164 | 164 | 178 |
| Басқалары | 9 | 9 | 15 |
| Мемлекеттік заңды тұлғалар | 3 | 3 | 3 |
*Шаруашылықтың барлық түрлеріндегі мал мен құс басы
| *Мал басы, мың бас
|
2020 ж | Алдындағы жылдың деңгейіне % | 2019 ж | Алдындағы жылдың деңгеіне % | 2018 ж | Алдындағы жылдың деңгеіне % |
| ІҚМ | 23,6 | 104,7 | 22,5 | 103,0 | 21,8 | 101,9 |
| Соның ішінде: сиырлар | 11,4 | 102,1 | 11,2 | 106,2 | 10,5 | 102,1 |
| жылқылар | 6,5 | 104,3 | 6,3 | 104,8 | 6,0 | 87,3 |
| шошқалар | 14,4 | 103,5 | 13,8 | 104,6 | 13,2 | 95,7 |
| қойлар мен ешкілер | 25,2 | 101,6 | 24,8 | 106,4 | 23,3 | 87,5 |
| құстар | 261,1 | 105,5 | 247,5 | 115,6 | 214,1 | 100,7 |
| Мал шаруашылығы өнімдері, мың тонна | 2020 ж | Алдындағы жылдың деңгейіне % | 2019 ж | Алдындағы жылдың деңгеіне % | 2018 ж | Алдындағы жылдың деңгеіне % |
| Ет, мың тонна | 4767,5 | 101,2 | 4709,5 | 101,3 | 4647,1 | 100,0 |
| Сүт, мың тонна | 28882,9 | 104,8 | 27560,2 | 102,7 | 26847,7 | 101,2 |
| Жұмыртқа, млн. дана | 16347,1 | 101,5 | 16106,8 | 101,7 | 16833,6 | 100,4 |
Әлеуеттік инфрақұрылым
Аудандағы автомобиль жолдарының жүйесі 573 шақырымды құрайды. Соның ішінде 76 шақырымы республикалық маңыздағы, 202 шақырымы облыстық маңыздағы, 295 шақырымы аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын жолдар.
Автомобиль жолдарының жалпы желілерінің 138 ш. (24,1%) қара жабын, 148 ш. (25,8%) қиыршық тасты жабын, 192 ш. (33,5%) тегістелген жол құрайды.
Автокөлік жолдарында 2 көпір мен Александровка а. су өткізгіш бар.
Петропавл қаласымен ауданның елді мекендерін 30 автобустық облысішілік бағыттар қатынастырады, сонымен қатар 1 облысішілік бағыт.
Ауданды сумен қамтамасыз етудің негізгі көздері Есіл өзені мен жер асты сулары болып табылады.
Ауданның 53 елді мекенінің ішінен 15 елді мекен магистральдық су құбырына қосылған, 10 елді мекен жергілікті сумен жабдықтау көздерінен су пайдаланады, 4 елді мекенде құдықтардан шыққан ауылдық су құбырлары бар, 12 ауылда негізгі сумен жабдықтау жүйесінен су бұру жүйелері бар, 28 елді мекенде тұрғындар суды жергілікті көздерден пайдаланады, 110 қоғамдық және 1964 жеке ұңғымалар.
Ауданның (қаланың) электрмен жабдықталуы.
Ауданның елді мекендерін электр қуатымен қамтамасыз ету -100%.
Жалпы ауданда 29 қазандық жұмыс істейді, оның ішінде 1 орталық, 2 жергілікті және 26 автономды, олар білім, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын жылытады. Көп пәтерлі тұрғылықты үйлер 1 орталық қазандықпен жылытылады (үш 2 қабатты үйлер жылытылады).
Кәсіпкерлік
2020 жылғы 1 қазан жағдайында ауданда 1083 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, 168 шаруа және фермерлік қожалығы (15,5%), 636 жеке кәсіпкерлік (58,7 %), 279 заңды тұлға (25,7 %). Ауданның шағын бизнес құрылымында 38,6 % ауыл шаруашылығы, 41,1 % сауда-саттық қызметі құрайды.
Ауданда 358 инфрақұрылым объектілдері тіркелген: 194- сауда кәсіпорыны, 2 көтерме сауда дүкендері, 28 қоғамдық тамақтандыру орны, 14 дәріхана, 4 мал дәріханасы, 18 шаштараз, 7 киім және аяқ киім жөндеу пункті, 3 радио және телеаппаратуралар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу пункт; 1 жиһаздар және ағаш шеберлігі бұйымдарды жөндеу, 15-ТҚС, 5-авто жуу, 10-АМҚС, 6-ГҚС, 2 салттық қызметтер цехы, 2 жиһаз жасау цехы, 20 кәсіпкерлер көлік қызметімен айналасады, 27 кәсіпкерлер басқа да қызметтермен айналасады (ет сатып алу, ветеринарлық қызмет, отын даярлау, ксерокөшірмелеу, көкөніс өсіру және т.б.) көрсетуде.
Шағын бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 4590 адамға жетті, 2020 жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өндірісі саласында 25 жұмыс орындары құрылды.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілерінен бюджетке салық түсімі 368,5 млн.теңгені құрады.
Қаржылық жағдай
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 2020 жылдың 1 қазанына қарасты жағдайда 117,8% орындалды, 1489,0 млн.теңге түсімдер болжамында мемлекеттік кіріске 1754,4 млн.теңге түсті.
| жоспар | нақты | % | |
| Республикалық бюджет | 517,9 | 525,8 | 101,5 |
| Облыстық бюджет | 499,0 | 692,2 | 138,7 |
| Аудандық (қалалық) бюджет | 472,1 | 536,4 | 127,0 |
Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
| 2020 ж | 2019 ж | 2018 ж | |
| Тіркелген жұмыссыздардың саны, адам | 291 | 176 | 225 |
| Ресми жұмыссыздардың деңгейі, %. | 2,2 | 1,3 | 1,7 |
| Жұмысқа орналасқан азаматтар, адам | 1355 | 1268 | 1380 |
| Орташа жалақы, теңге | 108567 | 89331 | |
| Әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға жататындар саны, адам | 5938 | 6134 | 5599 |
| Соның ішінде: зейнеткерлер | 4375 | 4023 | 4102 |
| мүгедектер | 588 | 661 | 746 |
| жұмыссыздар | 352 | 311 | 334 |
| аз қамтамасыз етілгендер | 623 | 1139 | 417 |
Білім
2019-2020 оқу жылының басында мектептер желісі 30 бірлікті құрады, оның ішінен: бастауыш – 7, негізгі – 7, орта – 16 мектеп.
Жалпы білім беру мектептерден басқа ауданда 3 балабақша, онда 239 балалар күтіледі және 24 шағын орталық жұмыс істейді, соның ішінде 454 адамға арналған толық күнмен 21 шағын-орталық, 14 адамға арналған толық емес күнмен 3 шағын орталық. 3-тен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100% құрады. 1-ден 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі тәрбиемен 70,1% қамтылды.
Бұдан басқа 5 мектеп жанындағы интернат бар, онда 179 бала күтіледі.
Ауданның 30 мектеп Ғаламтор желісіне қосылды.
Компьютерлік техникамен қамтамасыздық бір компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Сонымен қатар Петровка агро-техникалық мемлекеттік колледжі мен Ж.Қизатов атындағы жоғары Есіл ауыл шаруашылығы мемлекеттік колледжі.
Денсаулық сақтау
Ауданда 41 емдік-сақтандыру ұйымдар жұмыс істейді, соның ішінде 55 кереуетке аудандық орталық аурухана бөлімі жұмыс істейді, емдік амбулатория -5, медициналық пунктер -32, фельдшер-акушерлік пункті – 3. Тұрғындарды 32 дәрігер және орта білікті 183 медициналық қызметкерлер қамтамасыз етуде. Аудан бойынша дәрігерлермен қамтамасыздық 10 мың тұрғынға 14,5 құрайды.Кадр жетіспеушілігі 10 кісіні құрайды.
Мәдениет
Ауданда әртүрлі меншіктегі 45 мәдени объект жұмыс істейді (28 мемлекеттік, 17 шаруашылық субъектілер меншігінде).
Клуб түрінде мекеме тұрғындарды мәдени демалыспен қамтамасыз етуде 21 (8 мәдениет үйі, 4 ауылдық клуб, 9 орталық демалыс орындары),
23 кітапхана және тарихи-өлкетану мұражай.
Аудан аумағында 107 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бар, соның ішінде: 1 республикалық және 106 жергілікті маңыздағы.
Спорт
Ауданда спорт объектілерден 194 спорт құрылымдары жұмыс істейді:
2 мінбелі стадион, 25 спорт зал, теннистік корт, 30 хоккейлік корт, 123 жазық құрылымдар, 1 шаңғы базасы, 12 қоса салынған спортзалдар.
Ауданда БЖСМ жұмыс істейді, онда спорттың 27 түрі бойынша 476 адам. Аулалық жасөспірімдер клубында спорттың 13 түрі бойынша 125 оқушы айналысады.
Қоғамдық бірлестіктер – барлығы 6, соның ішінде:
«ҚР Ардагерлер кеңесі» Есіл аудандық филиалы (тіркелген)
«Болашаққа қадам» қоғамдық жастар бірлестігі (тіркелген)
«СҚО Есіл ауданының кәсіпкерлері одағы» қоғамдық бірлестік (тіркелген)
«Қазақстан мәслихатының депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестіктің Есіл аудандық өкілеттігі (тіркелген)
«Есіл ауданының мүгедектер қоғамы» ҚБ(тіркелген)
«Мәдениет» жеке қайырымдылық қоры (тіркелген)
Ұлттық мәдени орталықтар-16, соның ішінде:
1. «Звонница» ұлттық-мәдени бірлестігі
2. «Жерлес» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Атамекен» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Митайнандер» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Сакартвело» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Бірлік» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Полония» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Единство» ұлттық-мәдени бірлестігі
«У родной хаты» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Добрыня» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Вирвите» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Дуслык» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Заграда» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Мейірімя» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Халктар дустлиги» ұлттық-мәдени бірлестігі
«Рапла» ұлттық-мәдени бірлестігі
Діни бірлестіктер – 10.
Мешіт – 5 (Явленка, Бірлік, Бұлақ, Николаевка, Жарғайың ауылдарында).
Шіркеу – 5, соның ішінде православиелік - 3 (Явленка, Корнеевка, Петровка ауылдарында), католиктік - 2 (Корнеевка, Тонкошуровка ауылдарында).
Саяси партиялар – 2, соның ішінде:
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің филиалы,
«Ауыл» қоғамдық бірлестігінің филиалы.
Бұқаралық ақпарат құралдары-2
«Ишим»газеті
«Есіл таңы» газеті
*Статистика департаментінің деректері бойынша