2023 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша
Өнеркәсіп
2023 жылғы қаңтар-қыркүйек өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады, НКИ 2022 жылғы тиісті кезең деңгейіне 74,3% (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 8,8 млрд.теңге).
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1,6 млрд. теңгені құрады, НКИ 2022 жылғы тиісті кезеңге 30,8% (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 3,0 млрд.теңге).
Ауданда тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріспен "Қазросресурс" ЖШС айналысады, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйекте қиыршық тас өндіру көлемі-155,4 мың текше метрді құрады.
31.12.2022 жылы "Әулие Голд Майнинг" ЖШС кәсіпорнының жер қойнауын пайдалануға келісімшарты аяқталды, құрамында алтын бар кен өндіру 2022 жылы - 394,4 мың тоннаны құрады.
01.05.2023 жылдан 25.10.2023 жылға дейін "Әулие" алтын кен орнында қатты пайдалы қазбаларды өндіру салдарын жою бойынша жұмыстары жүргізілуде.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3,9 млрд.теңгені құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 4,9 млрд. теңге) НКИ 90,6%.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі құрылымы металлургиялық өндіріс және азық-түлік өндірісі болып табылады.
Металлургия өндірісіндегі негізгі кәсіпорын "Солтүстік Қазақстан металлургия компаниясы" ЖШС болып табылады, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірілген өнім көлемі "Доре" қорытпасында 80 килограмм алтынды құрады.
Азық-түлік өнімдерін өндірумен "Егін" ЖШС айналысады, 2023 жылдың қаңтар – қыркүйек өндіріс көлемі – 2822 тонна ұн, 606 тонна макарон өнімдерін құрады.