2023 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша
Инвестициялар
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға инвестициялар ағынының жалпы көлемі 11,6 млрд. теңгені, өсім 1,0 млрд. теңге құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте-10,6 млрд. теңге) НКИ-102,2%.
Негізгі көлем жеке инвестицияларға тиесілі 11 млрд. теңге немесе 94,8%, өсімі 1,4 млн. теңгеге (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте-9,6 млрд. теңге)
НКИ 107,1%.
Бюджеттік инвестициялар көлемі 601,2 млн. теңгені құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 1007,3 млн.теңге) НКИ 57,%.
Ең үлкен инвестициялық салымдар "ауыл шаруашылығы" саласына –
10,2 млрд. теңгеден немесе 87,3% - дан келеді, осы салаға инвестициялардың негізгі көлемі ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сатып алған жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарынан, сондай ақ сүт тауарлы фермаларын салу ("Данияр-Агро" ЖШС, "Заградовское" ЖШС, "Родичи"ЖШС) тұрады, "Алти" ЖШС, "Ильинское" ЖШС, "Атамекен-Агро-Корнеевка"ЖШС, "Айса и к" ЖШС, "Явленская МТС" ЖШС, "Ғасыр-Астық" ЖШС, "Атамекен-Агро-Есіл" ЖШС, "Азия-Тарангұл" ЖШС, "Тілеп-Нан" ЖШС, "Агрохимснаб" ЖШС, "Прометей-Агро" ЖШС, "Бай-Еңбек" ЖШС).