Меню

Страницы

Статья

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Халықты рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеуде мәдениет саласы ерекше мәнге ие.

Есепті күнге ауданда барлық меншік нысанындағы 43 мәдениет объектісі жұмыс істейді, оның ішінде: 19 – клуб үлгісіндегі мекеме, 23 – кітапхана, 1 – тарихи-өлкетану музейы, олардың қызметі мәдени мұраны сақтауға және дамытуға бағытталған.

Жыл сайын мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Аудан кітапханаларының кітап қоры – 200 мың 282 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде - 73 мың 262 дана.

Ағымдағы жылы Покровка ауылындағы Мәдениет үйін 39,7 млн теңге жалпы сомаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (шатырды, терезе блоктарын ауыстыру, төбені, қабырғаларды жөндеу жұмыс аяқталды.       

          2022 жылы «Агрофирма Есіл» ЖШС Чириковка ауылындағы ауылдық клуб ғимаратын Заречный ауылдық округі әкімдігінің балансына берілді. Ауылдық клубты жөндеуге ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Есіл ауданында идеологиялық ескірген, қайталанатын атауларды жергілікті жерлердің тарихи атауларына және дәстүрлі ұлттық атауларға қайта атау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта 9 елді мекен бойынша 55 көшені, 9 ауылдық округті (Амангелді, Волошинский, Ильинский, Корнеевский, Николаевский, Покровский, Петровский, Явленский ауылдық округтері) қайта атау жұмыстары жүргізілуде.

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тоқсан сайын мемлекеттік тілде шығыс және кіріс құжаттарына мониторинг жүргізеді, 2022 жылдың 9 айында пайыздық арақатынаста: шығыс - 98%, кіріс - 88% құрады.

2022-2023 оқу жылына Есіл ауданының мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік тілге оқыту бойынша 3 топ құрылды, онда 32 мемлекеттік қызметші оқытылады. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ арқылы 48 адам қатысатын мемлекеттік тілді оқыту бойынша 3 топ ашылды.

2022 жылы «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы» ҚБ Есіл аудандық филиалы ашылды. Төрағасы - З.Рахиева, Т.Позолотин №1 Явленка ОМ директоры, хатшысы - М.Сейтбенбетова, балалар кітапханасының кітапханашысы. Жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі қоғамы мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған 22 іс-шара өткізілді.

2022 жылы Петропавл қаласында «СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ ұйымдастырған «Ұлттық ономастика — ел айнасы» жергілікті атқарушы органдардың мамандары арасында облыстық байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша I орынды «Мәңгілік ел» командасы иеленді, оның құрамына Есіл, Уәлиханов, Мамлют, Аққайың аудандарының өкілдері кірді. Біздің ауданды тілдер бойынша әдіскері Б.Мұхамадиева ұсынды.

Педагог-ағартушы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен марапатталды.

2022 жылы Қазақстан халқы тілдері күні аясында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік рәміздері» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға медицина саласының қызметкерлері қатысты. Байқауда II орынды Явленка ОАА жалпы практика дәрігері С.Усманов иеленді.

Сонымен қатар, Есіл ауданында ауданның тілдік әртүрлілігін сақтау үшін жағдай жасалған. Бүгінгі таңда ауданда 16 этномәдени орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтар мемлекеттік мерекелерді, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысады.

 

Дата публикации
22 мая 2023
Дата обновления
22 мая 2023
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы