Меню

Страницы

Статья

Сайлау күні ХҚКО қызметкерлері азаматтарды сайлау учаскесіне тіркейді 

19 наурызда сайлау күні дауыс беретін азаматтардың белгілі бір себептерге байланысты тұрақты тіркеуі болмаса, онда олар өз аумағындағы учаскеде тіркеле алады. ХҚКО мамандары азаматтарға тіркелу мәселесі бойынша қызмет көрсетеді.

Еліміз бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Олардың ішінде 188 учаскеде ХҚКО қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Мамандар сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс бере алу жағдайын жасау үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады. Осылайша, қазақстандықтар өздерінің азаматтық борыштарын өтеп, қалаған кандидаттарын таңдауына мүмкіндік туады.

ХҚКО мамандары тіркеу қызметтерін сайлау күні сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін рәсімдейдіСондай-ақ, егер азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болса, дауыс беру үшін өзінің мекенжайына жақын сайлау учаскесі орналасқан мектепке, колледжге немесе университетке жүгіне алады. Бірақ 20 наурыздан бастап азамат автоматты түрде бір күндік тіркелген жерінен шығарылады. Бұл қызметті тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген қазақстандықтар ғана рәсімдей алады.

ХҚКО мамандары жұмыс істейтін сайлау учаскелерінің мекенжайларын сілтеме арқылы көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының, сондай-ақ, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Дата публикации
17 марта 2023
Дата обновления
17 марта 2023
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Информационное сообщение
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Есіл аудандық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы