Аналитикалық жазба
2025 жылдың 4 тоқсанына
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсетуді ішкі бақылауды аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бас маманы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 39/НҚ (16.08.2025 жылы өзгерістер енгізілді) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі-ЖАО) 55 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетілді
2025 жылдың 4 тоқсанында ауданның ЖАО 547 мемлекеттік қызмет көрсетілді (жеке тұлғалар -468, заңды тұлғалар - 79).
2025 жылғы 4 тоқсан кезеңінде ЖАО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 8 мемлекеттік қызмет немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 1,5 % - ы көрсетілді (2025 жылғы үшінші тоқсанда 13 мемлекеттік қызмет).
Көрсетілетін қызметті берушілер балама негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін 10 мемлекеттік қызмет
(3 жеке тұлға, 7 заңды тұлға) немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 1,8 % (2025 жылдың үшінші тоқсанында -3 қызмет көрсетілді).
Көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 160 (жеке тұлғалар).
Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрде көрсетілмеген.
Барлығы ЖАО электрондық түрде 529 мемлекеттік қызмет көрсетілді немесе 96,7 % (ЭҮП 136 мем.қызмет, «Е лицензиялау»АЖ 330 мем.қызмет,
АЖ 63 мем.қызмет).
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу үшін ауданда 58 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, оның ішінде 16 ауылдық округтердің аппараттарында, бастауыш, негізгі, орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, бір сектор ашық әкімдікте, бөлімдерде-7, ЖАО 1435 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша азаматтардың өтініші
2025 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштері түскен жоқ.
Ішкі бақылау
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, сондай-ақ 2025 жылға бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі 5 бақылау іс шаралары өткізілді («Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты», «Волошинка ауылдық округі әкімінің аппараты», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты», «Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты»). (Актілер қоса беріледі).
Бақылау іс-шаралары барысында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың 1 фактісі анықталды «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» өтінішін уақтылы тіркемеу (Асхат Жұмабекұлы Исабековтың өтініші берілген күні 24.09.2025 ж. сағат 16:11-де ауылдық округ әкімдігінде тіркеу 02.10.2025 ж. сағат 16.31-де);
Алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік – құқықтық актілерді зерделеу бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/DSZ5djDDMPO/?igsh=MWZzNDgxcDFueG45cQ==
Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша бастамалар енгізу
Әкім аппараты тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы коллизияларды жою және оларды жетілдіру бойынша бастамашыл хаттар тұрақты негізде жолданады, 2025 жылдың 4 тоқсанында хат жолданды.:
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетушілер ауылдың, кенттің, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары болып табылады. Мемлекеттік қызмет Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы көрсетіледі. Алайда Egov.kz порталында аталған мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған (порталда тек Мемлекеттік корпорация арқылы осы мемлекеттік қызметті алу тәртібі көрсетілген).
Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген жағдайда қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа жүгінеді, одан кейін операциялық залдың қызметкері өтінішті тізіліммен бірге курьер арқылы, оның ішінде 2 сағат ішінде, қызмет көрсетушіге қолма-қол жеткізуі тиіс. Осыдан кейін қызмет көрсетуші аталған өтінішті 1 жұмыс күні ішінде тіркеп, оны тізіліммен бірге қолма-қол түрде Мемлекеттік корпорацияға қайта жолдайды, нәтижесінде Мемлекеттік корпорация мен қызмет көрсетуші тарапынан қосарланған жұмыс орын алады. Өтініш жолданғаннан кейін қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету барысының кезеңдерін қадағалау мүмкіндігі болмайды. Жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап қызмет көрсетуші 1 жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығаруға міндетті. Осыған байланысты қызмет көрсетуші тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу тәуекелі туындайды.
Ұсыныс енгіземіз: Бюрократиялық созбалаңға жол бермеу мақсатында аталған мемлекеттік қызметті толықтай электрондық форматқа көшіру қажет.
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркелетін тіркемелерді (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс жұмыстарына арналған жоғары өтімді машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару, сондай-ақ олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру» мемлекеттік қызметі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Алайда аталған мемлекеттік қызметті көрсету барысында инженер-инспектордың ауыл шаруашылығы техникасы орналасқан жерге шығуы көзделген. Осыған байланысты мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерінің бұзылу тәуекелі туындайды.
Ұсыныс енгіземіз: Аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін ұлғайту, атап айтқанда, көрсету мерзімін 2–3 жұмыс күніне дейін ұзарту ұсынылады, бұл мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін бұзу тәуекелдерінің алдын алуға мүмкіндік береді..
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көрсетілген талаптар арасындағы қарама-қайшылықтар.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметіне қатысты. Қазіргі уақытта Электрондық үкімет порталында «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу мақсатында кезекке қарау немесе кезекке қою (10 сотық)» қызметі жұмыс істейді. Алайда, Қағидаларға мемлекеттік қызметтің атауы, көрсету тәсілі, формасы және көрсету мерзімдері бойынша ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ.
Аталған «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсетушілер – ауылдық округ әкімдіктері болып табылады. Алайда, ауылдық округ әкімдіктерінің кезектегі азаматтарды анықтау үшін порталды қолдану мүмкіндігі жоқ.
Сонымен қатар, Есіл ауданы аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері азаматтардың өтініші бойынша, мемлекеттік қызметтер арқылы беріледі, бұл жер учаскелерінің болуына байланысты.
БМЖМК порталында (Біртұтас мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрында) «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұрғандардың тізілімінде» жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелерінің жетіспеушілігі көрсетілмейді. Алайда, БМЖМК порталындағы тізілімде кезектегі азаматтардың саны көрсетілгенімен, олардың деректері көрсетілмеген, атап айтқанда: ЖСН, мекен-жай, байланыс деректері және т.б. жоқ.
Ұсыныс енгіземіз: Мемлекеттік қызметтің атауы, көрсету әдісі, формасы және көрсету мерзімдері бойынша Қағидаларға өзгерістер енгізу.
БМЖМК порталында (Біртұтас мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрында) ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы) үшін жер учаскесін алу кезегіндегі азаматтар тізілімінде қажетті түзетулер енгізу ұсынылады, өйткені портал дұрыс жұмыс істемейді, атап айтқанда, кезектегі азаматтардың деректері көрсетілмейді.
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркелетін тіркемелерді (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу (соның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға өтуі, талап құқығының берілуі, кейінгі кепіл қою (қайта кепілге қою), тіркелген кепілді тоқтату, сондай-ақ кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе оның дубликатын беру» мемлекеттік қызметі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:
Алайда «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру кезінде «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды кепілге қою (немесе басқа шектеулер) туралы ақпаратты беру» атты мемлекеттік қызметтің түрі ақпараттық жүйеде жоқ. Сол себепті аталмыш мемлекеттік қызмет түрін электрондық түрде көрсету мүмкін емес.
Ұсыныс енгіземіз: «Электрондық үкімет» порталының ақпараттық жүйесіне «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды кепілге қою (немесе басқа шектеулер) туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызметін қосу ұсынылады. Бұл қосымша қызметтің енгізілуі оны электрондық түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Халықты оқыту бойынша желілік кестенің орындалуы
Электрондық форматта қызмет көрсету күннен-күнге танымал болуда. Қазіргі уақытта «Электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың интернет-ресурстары белсенді жұмыс істейді, олар арқылы кез келген анықтаманы алу, салық есептілігін тапсыру немесе дәрігерге жазылу сияқты қызметтерді алу мүмкіндігі бар.
Ауылдық округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді өзін-өзі қызмет көрсету секторы арқылы алу мәселесі бойынша түсіндірме іс-шара өткізілді:
https://www.facebook.com/share/p/17k483cRUt/
https://www.facebook.com/share/p/19Y11VZmyZ/;
https://www.facebook.com/share/p/17haG9w5LX/;
https://www.facebook.com/share/p/1DoBSxaRfx/
https://www.facebook.com/share/p/1JXQnpMV9u/
https://www.facebook.com/share/p/179Ao3Lqtc/
https://www.facebook.com/share/p/14K2inae48n/
https://www.facebook.com/share/p/19oUDka7Gx/
https://www.facebook.com/share/p/1PWrd73mPo/
Әлеуметтік маңызы бар объектілерге қоғамдық бақылау жүргізу
Мемлекеттік органдар қызметінің басымдықтарының бірі электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстырудың басты мақсаты-жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметті алу уақытын қысқарту, рәсімнің өзін оңайлату, әкімшілік кедергілерді жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту.
Қол жетімділік бойынша мониторингтер жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі бойынша 1 бақылау жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/DRcM709DAm1/?igsh=cXgzZDE1dmx6dnU2
Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне бару.
Бейнеролик
4-тоқсанда «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тақырыптық бейнеролик әзірлеп, орналастырды:
https://youtube.com/shorts/to01DMETvrU
Қаралым саны 1300
https://www.instagram.com/reel/DSWkEdUjJOh/?igsh=MTFyaGFoeW9pN3BlMA==
Қаралым саны 664
Қаралымның жалпы саны 1964 (скрин қоса беріледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша ҮЕҰ шақыруымен азаматтарды қабылдау
Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ Есіл ауданы бойынша филиалында
Есіл ауданы мәслихатының төрағасымен және «AMANAT» партиясы
Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысымен, Есіл ауданы Ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесімен бірлесіп мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша 3 рет азаматтарды қабылдау өткізілді.
2025 жылғы 12 қараша сағат 11.00-ден бастап 12.30-ға дейін
Есіл ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Г.В.Поповамен және Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бас маманы А.А.Октябрьмен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша азаматтардың қабылдауы өткізілді.
Барлық келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға ұсынымдар беріліп, назарға алынды.
Қызметті алушыларға берілген сауалнамаларға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді ұсынуға шағымдар жоқ.
Сілтеме
https://www.instagram.com/p/DQ9jmY8DPey/?igsh=bzVvODAzeThwd3J03
2025 жылғы 19 қарашасы сағат 11.00-ден бастап 12.30-ге дейін Есіл ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Г.В.Поповамен,
Есіл ауданының ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі В.И.Редкинамен және Есіл ауданы әкімдігі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бас маманы А.А.Октябрьмен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша азаматтардың қабылдауы өткізілді.
Барлық келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға ұсынымдар беріліп, назарға алынды.
Қызметті алушыларға берілген сауалнамаларға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді ұсынуға шағымдар жоқ.
Сілтеме
https://www.instagram.com/p/DRO-qcWjdk4/?igsh=MWtnb2I2ZG0zaTU0aw==
2025 жылғы 18 желтоқсаны сағат 11.00-ден бастап 12.30-ға дейін Есіл ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.С.Некібаевпен және Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бас маманы А.А.Октябрьмен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша азаматтардың қабылдауы өткізілді.
Барлық келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға ұсынымдар беріліп, назарға алынды.
Қызметті алушыларға берілген сауалнамаларға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді ұсынуға шағымдар жоқ.
Сілтеме
https://www.instagram.com/p/DSZ4et6jT8u/?igsh=Zm5rMXlpZ2w4eWdo
Қоғамдық кеңестердің жұмысына қатысу
2025 жылғы 21 қарашада Е.Е.Оспановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы А.М. Батталбектің қатысуымен Есіл ауданында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы жер қатынастары бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараты тыңдалды.
Қоғамдық кеңес барысында қатысқандар пікір алмасып, толғандырған сұрақтарын қойды. Қоғамдық кеңес қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментімен ұсынымдар және оны орындау мерзімдері берілді.
Сілтеме https://www.instagram.com/p/DRTodEtjF9Z/?igsh=aXZ0d3F6eDFweXI==
Енгізілген ұсынымдар орындалды (скриндар қоса беріледі).
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері
2025 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықтың заңды құқықтары туралы хабардарлығын арттыру үшін ауданның көрсетілетін қызметті берушілерінің қатысуымен 3 мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өткізілді.
https://www.facebook.com/share/v/1BzS7tL3ik/
https://www.instagram.com/reel/DSFKIIHjZSv/?igsh=cW14M3ZjbDdpNzMw
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
брошюралар жасау және тарату
Брошюраның 2 түрі және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша брошюралардың 1435 данасын тарату.
https://www.facebook.com/share/p/1K7hJTX1m3/
Ақпараттық түсіндіру іс-шаралары
Есіл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде, Facebook әлеуметтік желісінің ресми бетінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат тұрақты негізде жарияланады, бұдан басқа, мақалалар, бейне-роликтер, буклеттер түрінде ақпараттық материал жарияланады.
Мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органдары түсіндіру іс-шараларын жүргізеді. Есепті кезеңде 4213 адамды қамтитын 35 іс–шара өткізілді, мысалы, оқыту семинарларын, бөлімдердің мамандарын, мемлекеттік қызмет көрсететін ауылдық округ әкімдері аппараттарын, интернет-конференцияларды, тікелей эфирлерді, оқыту роликтерін, «дөңгелек үстелді» және т. б. өткізу.
Алматы ауылдық округі
https://www.facebook.com/share/p/1K7hJTX1m3/
https://www.facebook.com/share/p/17k483cRUt/
Амангелді ауылдық округі
Бесқұдық ауылдық округі
https://www.facebook.com/share/p/19Y11VZmyZ/;
https://www.facebook.com/share/p/17haG9w5LX/;
https://www.facebook.com/share/v/17KYLEFPfn/.
Волошинка ауылдық округі
https://www.facebook.com/share/p/1DoBSxaRfx/
https://www.facebook.com/share/p/1JXQnpMV9u/
Заградовка ауылдық округі
Ильинка ауылдық округі
https://www.facebook.com/share/p/179Ao3Lqtc/
https://www.facebook.com/share/p/14K2inae48n/
https://www.facebook.com/share/p/19oUDka7Gx/
https://www.facebook.com/share/p/1PWrd73mPo/
Корнеевка ауылдық округі
https://www.facebook.com/share/p/1D6JsWhBoi/
https://www.facebook.com/share/v/1BzS7tL3ik/
https://www.facebook.com/share/p/14VDwvyYUBV/
Николаевка ауылдық округі
Петровка а/о
https://www.facebook.com/share/p/1GC7rc9mFA/
Покровка ауылдық округі
Торанғұл ауылдық округі
Ясновка ауылдық округі
egov.kzhttps://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0222swXcqCWFP1RrXCwDHARPxYNK2ZgE6TiiVLMkaZNRZUQh1PsTpKPiT4atHRDEssl&id=100022645912929&locale=ru_RU
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімі
аппаратының басшысы А. Омаров
Орын.: А.Октябрь
Тел. 871543 2-14-48