«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесіне толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65 бабы 3 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ереженің 15 тармағы 16) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«16) «ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу».
1) осы қаулыны ресми жариялаған соң Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын заңнамамен белгіленген тәртіпте хабардар етуді.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының әкімі М. Мұхамедияров