«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша қорытынды
талдамалық анықтама
2025 жылғы «27» маусым
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді. Жұмыс тобының құрамы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі әкім аппараты басшысының 2025 жылғы
5 маусымдағы № 25НҚ бұйрығымен бекітілген.
Аудан әкімі аппаратының сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылған, азаматтар аппарат қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері туралы хабарлай алатын сенім телефоны көрсетілген.
Талдау нәтижелері бойынша келесі СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ анықталды:
:
|
№ р/б |
ТӘУЕКЕЛ |
ҰСЫНЫМДАР |
|
1 |
Қазақстан Республикасының Жер кодексі. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес шаруа/фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүзеге асыруға арналған жер учаскелері конкурстық негізде 49 жылға жалға беріледі. Ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған жерлер бойынша конкурс өткізу тәртібі тиісті Қағидалармен регламенттелген («Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы Конкурсты өткізу туралы ақпарат ашық және барлығына қолжетімді, оған аудан әкімдігінің интернет-ресурсына кірген кезде көз жеткізу оңай. Әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелінің жалғыз сәті өтініш берушілердің қатысуынсыз конкурстық конверттерді ашу болып табылады, өйткені бейнетүсірілім әрқашан мөрленген конверттердің тұтастығы мен түпнұсқалығын объективті түрде растай алмайды. Бұл жағдайда жер комиссиясының бір немесе бірнеше мүшелерінің сөз байласуымен жалғандықтың теориялық мүмкіндігі әрқашан болады. |
Бағыт – дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі. Индикатор-лауазымды тұлғаның немесе талдау объектісінің бірнеше шешім түрін қабылдау немесе олардан бас тарту мүмкіндігі. ҰСЫНЫМ: Конверттерді ашу кезінде өтініш берушінің (сенімхат бойынша өкілдің) міндетті қатысуы туралы норманы қоса отырып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізілсін. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына хат жолдасын. |
Аудан әкімі аппаратының басшысының м.а. Ж.Кавкенов
|
Персоналмен басқару қызметінің басшысы |
А.Байтоков
|
|
Аудан әкімінің бас инспекторы – бас есепшісі |
П.Диканева
|
|
Мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы |
А.Октябрь
|
|
Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маман |
В.Васильева
|
|
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
Г.Рахметова
|
|
Қоғамдық кеңес мүшесі (келісім бойынша) |
Е.Тұтқышев |