«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтыру енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ  ЖОБАСЫ

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесіне толықтыру енгізу туралы

 

 

 «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының           65 бабы 3 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 17 мамырдағы №132 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет жәнетілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесі толықтыру еңгізілсін:

Ереженің 15 тармағы 15) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«15) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру».

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесіні қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыны ресми жариялаған соң Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын заңнамамен белгіленген тәртіпте хабардар етуді.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Солтүстік Қазақстан облысы

           Есіл ауданының әкімі                                 М. Мұхамедияров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 августа 2025