2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
Инвестициялар
2025 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға инвестициялар ағынының жалпы көлемі 9,0 млрд.теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-маусымда – 5,8 млрд. теңге) НКИ – 149,5%.
Негізгі көлем жеке инвестицияларға тиесілі 6,9 млрд. теңге немесе инвестициялар ағынының жалпы көлемінің 76,9% , (2024 жылғы қаңтар-маусымда – 4,5 млрд.теңге) НКИ 146%.
Бюджеттік инвестициялар көлемі 2,1 млрд. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-маусымда – 1,2 млрд.теңге) НКИ 162,5.
Ең үлкен инвестициялық салымдар «Ауыл шаруашылығы» саласына тиесілі - 4,0 млрд.теңгеден астам немесе 44,5%. Осы саладағы инвестициялардың негізгі көлемі ауданның тауар өндірушілері сатып алған жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасынан тұрады («Қазросресурс» ЖШС, «Ильинское» ЖШС, «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС, «Жанғали» ЖШС, «Азия-Тарангул» ЖШС), сондай-ақ жолдарды орташа және күрделі жөндеу («Казавтожол» ЖШС, СҚО әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы).