Есіл ауданы бойынша 2025 жылғы мамыр айына
жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жөніндегі
жұмысты талдау
2025 жылдың наурыз айында Азаматтарды қабылдау орталығына
84 адам жүгінді.
Оның ішінде :
Консультациялар – 64
Жеке қабылдаулар - 20.
Консультациялар мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша болды:
«Сот кабинеті» арқылы:
«Электрондық лицензиялау» арқылы:
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайданалуға рұқсат беру;
сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;
тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;
мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.
Жеке қабылдауға жүгінгендердің ең көп саны:
көп балалы немесе мүгедек, жетім баланы тәрбиелеуші ретінде тұрғын үй алу мәселелері бойынша, кезекте тұрған азаматтардан;
сумен жабдықтау: үйге су тарту, көшелерді жарықтандыру,
жолдарды асфальттау, жер пайдалану, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша кредит беру, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит алу, көтерме жәрдемақылар және жұмысқа орналасу.
Электронды (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде:
-ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
-жер учаскелерін жеке меншікке сату ақысы бірден төленіп не төлеу мерзімі ұзартылып сату;
-жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Жеке қабылдауға арналған барлық өтініштер бастапқы сипатқа ие.
Қайталанған өтініштер мемлекеттік қызметтерді алу туралы.
Өткен кезеңде Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы
шағымдар түскен жоқ.