Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 310 «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің

 2018 жылғы 30 қарашадағы № 310 «Салық салу объектілерінің

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.)            бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы                                                                                         Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Солтүстік  Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы                   30 қарашадағы № 310 «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы»  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5026 болып тіркелді)  келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасында 10, 15, 26, 29, 30, 40, 46, 48 жолдары алынып тасталсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі

 

М.Мұхамедияров



Дата публикации
08 апреля 2025