2025-2029 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеу
негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын
схемаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 10) тармақшасына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
9 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі |
|
М. Мұхамедияров |