Есіл ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Есіл ауданы бойынша

2025-2029 жылдарға арналған

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8 бабының 1 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Есіл ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі қоса беріліп отырған жоспар бекітілсін.
  2. «Есіл ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 22/339 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының

төрағасы                                                                      Е.М. Тұтқышев

Дата публикации
08 апреля 2025