«Есіл Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі қаулысы жобасының әзірлеуші орган - «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 34, 42, 102, 103-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7, 8, 9-тармақшаларына сәйкес әзірленді.