Есіл ауданы бойынша 2025 жылғы ақпан айына жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жөніндегі жұмысты талдау

 

 

 

Есіл ауданы бойынша 2025 жылғы ақпан айына жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жөніндегі

жұмысты талдау

 

         2025 жылдың ақпан айында Азаматтарды қабылдау орталығына
81 адам жүгінді.

         Оның ішінде :

Консультациялар  – 54

Жеке қабылдаулар - 27.

         Консультациялар мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша болды:

  • білім туралы құжаттардың телнұсқаларын алуға өтінім беру;
  • жеке және заңды тұлғалар үшін электрондық-цифрлық қолтаңба алу;
  • мобильді азаматтар базасында тіркеу;
  • - анықтамалар алу, балабақшаларға кезекке қою.

         «Сот кабинеті» арқылы:

  • ажырасуға және алимент алуға өтініш беру.

         «Электрондық лицензиялау» арқылы:

  • ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру;
  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;
  • тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерін беру;
  • тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту

 

мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.

Жеке қабылдауға азаматтардың көбі келесі мәселелер бойынша жүгінеді:

– тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері (тұрғын үйге су жеткізу, елді мекендерді сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй беру);

- жер пайдалану (шабындыққа жер учаскесін беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту,жер учаскесін жалға алу мерзімін ұлғайту);

- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері (жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау);

- ауыл шаруашылығы (көлік құралдарына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме беру, субсидиялауға, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша кредит беру).

Жеке қабылдауға арналған барлық өтініштер бастапқы сипатқа ие. Қайталанған өтініштер мемлекеттік қызметтерді алу туралы.

Өткен кезеңде Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2025