Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат.

 

Жұмыспен қамтуды ұйымдастыру

 

 Халықты жұмыспен қамту бойынша жоспарланған іс-шараларға сәйкес, 2024 жылдың басынан бастап жылдық жоспармен 1175 адам, іс жүзінде 1350 адам жұмысқа орналастырылды (жылдық жоспарға 115%).              966 адам тұрақты жұмыс орындарын алды, оның ішінде жаңалары -509 (оның ішінде кеңейту есебінен -448, жаңа кәсіпорындар - 61).

Уақытша жұмыс орындарына 384 адам жұмысқа орналастырылды.

Уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны 126 адамды құрайды. Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,9% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 213 жұмыссыз жіберілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 17;

Жастар практикасына – 32;

Ұрпақ келісімшарты -1;

Бірінші жұмыс орнына - 20;

Күміс жас - 21 адам жіберілді.

Жұмыс істеп тұрған 239 кәсіпорын мен ұйымның 239-ы ұжымдық шарт жасады немесе 100%.

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

 

Аз қамтылғандар базасы 64 отбасын немесе 294 адамды құрады.

Аудан бойынша кедейлік деңгейі 1,4%.

Тағайындалды:

30288,6 мың теңге сомасына 64 отбасына (немесе 294 адамға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, оның ішінде 10040,8 мың теңге сомасына 14 отбасына (54адамға) шартсыз ақшалай көмек, 20247,8 мың теңге сомасына 53 отбасына (255 адамға) шартты ақшалай көмек;

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем – 3433,6 мың теңге сомасына 88 балаға;

үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға — 22 отбасына (23 балаға) 2082,3 мың теңге жәрдемақы;

тұрғын үй көмегі — 1 отбасына (4 адамға) 34,9 мың теңге сомасына тағайындалды.

 

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер.

Атаулы күндер мен мереке күндері бойынша әлеуметтік көмек 24464,1 мың теңге сомасына 635 адамға төленді:

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне- 6442,5 мың теңге сомасына 40 адамға;

 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне — 9710,0 мың теңге сомасына 341 адамға;

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне  — 110,8 мың теңге сомасына 6 адамға;

9 мамыр – Жеңіс күніне орай — 3050,5 мың теңге сомасына 164 адамға;

31 мамыр- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай- 1975,2 мың теңге сомасына 53 адамға;

29 тамыз- Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне орай- 2842,8 мың теңге сомасына 22 адамға;

30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай- 332,3 мың теңге сомасына 9 адамға.

 

Өмірлік қиын жағдай туындаған 728 адамға 43972,9 мың теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде:

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға тіс протездеуге- 2267,5 мың теңге сомаға 9 адамға;

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға санаторлық-курорттық емделуге- 4430,4 мың теңге сомасына 24 адамға;

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) - 7199,4 мың теңге сомасына 21 адамға, оның ішінде өрт салдарынан- 5168,8 мың теңге сомасына 14 адамға, су тасқынынан- 1476,8 мың теңге сомасына 4 адамға, дауылды жел- 553,8 мың теңге сомасына 3 адамға;

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға ай сайын 2 АЕК мөлшерінде коммуналдық қызметтерге — 5818,6 мың теңге сомаға 69 адамға;

Госпитальға жатқызу орнына дейін және кері қайту жол ақысы-14,9 мың теңге сомасына 1 адамға;

Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (туберкулез) амбулаториялық емдеу кезеңінде ай сайын 6 АЕК мөлшерінде — 1528,5 мың теңге сомасына 15 адамға;

АИТВ жұқтырған балаларға- 1041,8 мың теңге сомасына 1 балаға;

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың (онкологиялық науқастар) салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген азаматтарға — 7903,1 мың теңге сомаға 215 адамға;

қылмыстық- атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға — 221,5 мың теңге сомасына 6 адамға;

 Әлеуметтік маңызы бар аурулардың (қант диабеті, АИТВ т.б. науқастар) салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген азаматтарға — 13547,2 мың теңге сомаға 367 адамға.

 

 

Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексін іске асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда 4 жеке көмекші жұмыс істейді, оларға жүріп-тұруы қиын 4 мүгедектігі бар адамдар бекітілген, 9 адамға ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылады.

Мүгедектігі бар адамдар қамтамасыз етілді:

протездік-ортопедиялық көмек – 41 адам;

техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен- 91 адам;

арнаулы жүріп-тұру құралдарымен - 6 адам;

санаторий-курорттық емдеумен – 17.

Тұрақты жұмыс орындарына мүгедектігі бар 15 адам жұмысқа орналастырылды.  

 

Әлеуметтік серіктестік

2024 жылғы 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасы және аудандық кәсіподақтар кеңесі арасында 2024-2026 жылдарға арналған келісім жасалды.

Жыл басынан бері үшжақты комиссияның 13 отырысы өткізілді, онда комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, ұжымдық және электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселелері қаралды.

Ұжымдық шарттар жасасу бойынша мониторинг жүргізіледі. Статистикалық деректер бойынша ауданда барлығы 239 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірі -1, орта -8, кіші -230.

3-ТН статистикалық нысанына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтарға аудан кәсіпорындарынан жалақы төлеу бойынша берешек туралы мәліметтер түскен жоқ.

01.01.2024 жылғы жағдай бойынша порталға 366 кәсіпорын қосылды, 9820 еңбек шарты енгізілді.

Тіркелген:

-2018 жылы-75 кәсіпорын - 872 шарт;

-2019 жылы-53 кәсіпорын - 1769 шарт;

-2020 жылы-80 кәсіпорын-2871 шарт;

- 2021 жылы-53 кәсіпорын-1464 шарт;

- 2022 жылы-50 кәсіпорын - 937 шарт,

- 2023 жылы-55 кәсіпорын-1907 шарт.

– 2024 жылы- Еңбекминнен деректер түскен жоқ.

 

Үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері

Ауданда 3 әлеуметтік көмек бөлімшесі бар, онда 68 әлеуметтік қызметкер 228 зейнеткерге, 18 жасқа дейінгі 23 мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан 7 мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетеді.

 

 

 

Жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                   Т.Бұжықаев

Дата публикации
03 февраля 2025