2025 жылғы 28 қаңтар № 18
Явленка ауылы село Явленка
Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабы 2) тармақшасына, 84 бабы 2 тармағы 4-1) тармақшасына, 85 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63, 65, 69 баптарына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы 1 тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, меншік иесіне пошта жөнелтілімін табыс ету туралы хабарламаны міндетті түрде ала отырып, пошта арқылы иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жолдасын;
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды талап ретінде иеліктен шығару туралы хабарламаның мемлекеттік тіркеуін жүргізсін;
2
жер учаскесін бағалауды қамтамасыз етсін;
иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде иеліктен шығару туралы шарттың жобасын дайындасын және пошта жөнелтілімін табыс ету туралы хабарламаны міндетті түрде ала отырып, оны меншік иесіне пошта арқылы жолдасын;
меншік иелерінен шарт жобасымен келісу туралы жазбаша өтініш алған сәттен бастап бір ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихатына иеліктен шығару туралы шарттың жобасын ұсынсын;
иеліктен шығару туралы шарт жасасын;
иеліктен шығару кезінде өтемақы төлесін;
алып қойылатын жер учаскесінің меншік иесінің меншік құқығының тоқтатылуын және меншік құқығының туындауын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырсын;
заңнамада белгіленген тәртіппен, осы қаулыдан туындайтын, шараларды қабылдасын.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының әкімі М.Мұхамедияров
3
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «28» қаңтардағы
№ 18 қаулысына
қосымша
Есіл ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесі
|
р/р №
|
Жер учаскесінің жер пайдаланушының атауы |
Учаскенің орналасқан жері |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Жалпы алаңы (га)
|
оның ішінде: |
Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты |
|
|
Жақсартылған жайылымдар |
табиғи жайылымдар |
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1
|
«Агрохимснаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округі
|
15-224-031-184
|
134
|
22 |
112 |
Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету |