2025 жылғы 28 қаңтар № 16 Явленка ауылы Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

2025 жылғы 28 қаңтар                                                             № 16

Явленка ауылы                                                                         село Явленка                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен

шығаруды бастау туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабы 2) тармақшасына,                       84 бабы 2 тармағы 4-1) тармақшасына, 85 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63, 65, 69 баптарына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы 1 тармағына,                                      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы 1 тармағы          12-3) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің Тау-Ағаш ауылының жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету мақсатында, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден мәжбүрлеп иеліктен шығару (бұдан әрі-иеліктен шығару) басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2025 жылдың 15 қыркүйегі болып белгіленсін.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, меншік иесіне пошта жөнелтілімін табыс ету туралы хабарламаны міндетті түрде ала отырып, пошта арқылы иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жолдасын;

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды талап ретінде иеліктен шығару туралы хабарламаның мемлекеттік тіркеуін жүргізсін;

2

 

жер учаскесін бағалауды қамтамасыз етсін;

иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде иеліктен шығару туралы шарттың жобасын дайындасын және пошта жөнелтілімін табыс ету туралы хабарламаны міндетті түрде ала отырып, оны меншік иесіне пошта арқылы жолдасын;

меншік иелерінен шарт жобасымен келісу туралы жазбаша өтініш алған сәттен бастап бір ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихатына иеліктен шығару туралы шарттың жобасын ұсынсын;

иеліктен шығару туралы шарт жасасын;

иеліктен шығару кезінде өтемақы төлесін;

алып қойылатын жер учаскесінің меншік иесінің меншік құқығының тоқтатылуын және меншік құқығының туындауын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырсын;

заңнамада белгіленген тәртіппен, осы қаулыдан туындайтын, шараларды қабылдасын.

  1. Келісу рәсімдерін жүргізу үшін, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, жер учаскесінің жер пайдаланушысы «Явленское МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, А. Иманов көшесі, № 78 А мекенжайы бойынша орналасқан, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүгінуге қажет.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының әкімі                                                   М.Мұхамедияров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің

                                                                                                                   2025 жылғы «28» қаңтардағы

 № 16 қаулысына

қосымша

 

 

Есіл ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесі

 

 

р/р

№

 

Жер учаскесінің

жер пайдаланушының атауы

Учаскенің орналасқан жері

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жалпы алаңы (га)

 

 

оның ішінде:

Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты

табиғи жайылымдар

1

2

          3

       4

   5

6

           7

1

 

 

 

 

«Явленское МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Солтүстік Қазақстан облысы

 Есіл ауданы Спасовка

ауылдық округі

 

15-224-004-106

 

 

 

 

413

 

413

Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету

 

 

 

Дата публикации
28 января 2025