Есіл ауданы бойынша 2024 жылдың 4 тоқсанында жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жөніндегі
жұмысты талдау
2024 жылдың өткен кезеңінде Азаматтарды қабылдау орталығына 189 адам жүгінді.
Оның ішінде :
Консультациялар – 46
Жеке қабылдаулар - 143.
Консультациялар мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша болды:
«Сот кабинеті» арқылы: ажырасуға және алимент алуға өтініш беру.
«Электрондық лицензиялау» арқылы:
тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;
тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерін беру;
мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.
Жеке қабылдауға азаматтардың көбі келесі мәселелер бойынша жүгінеді:
– тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері (тұрғын үйге су жеткізу, елді мекендерді сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй беру);
- жер пайдалану (шабындық жер учаскесін беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту,жер учаскесін жалға алу мерзімін ұлғайту);
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері (жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау);
- ауыл шаруашылығы – (көлік құралдарына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме беру, субсидиялауға, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша кредит беру).
Жеке қабылдауға арналған барлық өтініштер бастапқы сипатқа ие. Қайталанған өтініштер мемлекеттік қызметтерді алу туралы.
Өткен кезеңде Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы шағымдар түскен жоқ.